Стратегия

 

 

 

 

Миссия

"Біз жаһандық инновациялық экономика мен 

қарқынды даму үстіндегі қоғамға 

заманауи білім ұсына отырып, 

көшбасшылардың жаңа буынын дайындаймыз"

 

Болашаққа бағдар

Алматы Менеджмент Университеті – әлемдік деңгейдегі

кәсіпкерлік, әлеуметтік-жауапты университет

 

Негізгі құндылықтар 

 

1 Үздіксіз даму  

Барлық процестердің заңды өзгерісіне бағытталған, нәтижесінде университет жаңа сапалы деңгейге көтеріледі

«Жаңаша әрі басқаша ойла», Стив Джобс

 

2 Жауапкершілік  

 Университет пен қоғам алдындағы өзінің жұмыс нәтижесіне, білім беру мен біздің бітірушілеріміздің дайындық деңгейініңсапасына  жауап беру қажеттігін түйсіну      

 «Нәтижеге қол жеткізу үшін, билікті адамгершілікпен алмастыру қажет», Питер Друкер

     

3 Көшбасшылық

Жоғары кәсіби шеберлігі, креативтіктілігі, табысқа ұмтылысы бар, адамдарды жалпы мақсатқа жетуге жұмылдыра    білетін және болашақты болжай білетін көшбасшылар тәрбиесі

«Ескіге орала отырып, жаңаны тани білетін адам ғана жол бастай алады», Конфуций

 

4 Адамгершілік

Күшті моральдық принциптер мен этикалық стандарттарға сүйене отырып өзіне, клиенттерге, серіктестерге,  әріптестерге  қатысты дәйекті және әділ міндеттеме ұстанымы

«Бүкіл басқару өнері – адалдықтан тұрады», Томас Джефферсон      

 

5 Жауапты белсенділік 

 Ынта көрсету, қоғам қажеттілігін алдын-ала болжай білу, жаңа тренділер жасау және озық алда болу үшін жұмыс істеу

 «Біз өзімізді өзгерте отырып, бізден тыс нәрселерді позитивті өзгеріске ұшыратып, қазіргі болып жатқан нәрселерге бастама береміз», Стивен Кови         

 

6 Қоғамға арналған серіктестік

Кез келген екі жақтың (Win-Win)  өзара тиімді ынтымақтастығы «Win-Win-Win» қағидасын жүзеге асыру арқылы, қоғамға (Win) үшінші жаққа пайдасын тигізуі керек.

«Арлы адам адамзат үшін  қызмет етеді», Абай Құнанбаев 

 

7 Синергия

 Университет ішіндегі, сонымен қатар серіктестермен және клиенттермен ынтымақтастықүдерісі  соңында жекелеген    бөлшектерді қарапайым түрде біріктіру әсерінен күштірек нәтиже береді 

«Бірлесіп атқарылған еңбек адамдардың бойында жекелей өте сирек қол жеткізуге болатын қайсарлыққа рухтандырады» Ральф Эмерсон      

 

 

Стратегиялық мақсаттар

  • топ-200 әлемдік бизнес-университеттер  ;   5 бұтақты  
  • Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің үштік үздік бизнес-университеттер (ЕАЭС)
  • топ-100 әлемнің кәсіпкерлік университеттері
  • топ-100 білімді басқару жөніндегі әлем университеттері
  • "Tripple Crown" аккредитациясы бар жоғары оқу орындары 

         

 

 

Стратегиялық бағыттар
 

1.      Білім беру бағдарламаларын дамыту

2.      Алматы Менеджмент Университеті Мектептерін, БДФ құру және дамыту

3.      Кәсіпкерлік университетті қалыптастыру және дамыту

4.      Ғылыми-зерттеулік қызметті дамыту

5.      Интернационализация және жаһандық даму

6.      Профессорлық-оқытушылар құрамы мен қызметкерлерді дамыту

7.      Инфрақұрылымдық кешенді дамыту

8.      Мемлекеттің, азаматтық қоғамның, бизнес пен Алматы қаласының дамуына Университеттің қосқан үлесі

9.      Аймақтық даму және жаңа нарыққа шығу

10.    Информатизацияны дамыту. Процестерді жүйелі дамыту. Білімді басқару жүйесін жасау және дамыту

 

Алматы Менеджмент Университетінің 2015-2020 жылдарға арналған даму стратегиясы (жүктеу)

Сапа менеджменті жүйесінің сертификаты (жүктеу)

Сапа саясы жөніндегі саясат (жүктеу)