Әкімшілік

 

 

Асылбек Базарбаевич Қожахметов

Almaty Management University Президентті 

DBA (Ғылыми дәрежесі)

Тел.: (727) 313 30 59
Факс: (727) 302 21 21
Эл. пошта: secretary@almau.edu.kz

Толығырақ

Қазақстандағы алғашқы бизнес мектебінің негізін қалаушы - Алматы менеджмент мектебі,  КЕББМ «Алматы Менеджмент Университеті» Президентi.


Жергілікті және шетелдік журналдарда жарияланған   басқару және білім беруді дамыту жөніндегі 30-дан астам жұмыстардың авторы.

«People to People International» халықаралық ұйымының  белгісімен  1994 -2002 жылдары марапатталды;  Менеджментті дамыту Азиялық қорының (CAMAN) Президенті болды; 1999-2002 жылдары Қазақстан өнеркәсіпшілері одағының мүшесі,  Қазақстан кәсіпкерлер одағы форумының мүшесі; 1998-2003 жж. - «INTERMAN» одағының мүшесі - басқаруды дамытудың Дүниежүзілік ұйымы; 1999-2002 жылдары - Басқарушылық білім беру сапасы бойынша еуропалық ұйымның  мүшесі;  2002-2003 жж. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамыту жөніндегі Қоғамдық Кеңес төрағасының орынбасары.

Қоғамдық жұмысы: «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық Партиясының әлеуметтік дау-жанжалдарды қарау және шешу жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары,  «Шаңырақ» ҮЕҰ төрағасы , тәуелсіз сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы бойынша мемлекеттік шығындарды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметті жақсарту мәселесі бойынша сараптау кеңесінің мүшесі.

 

 

Курганбаева Гүлмира  Аманжоловна


Ректор


Экономика ғылымдарының кандидаты , MPA, аналитик

Тел: +7 727 313 30 77
Факс:  +7 727 302 21 21
Эл. поштасы: g.kurganbayeva@almau.edu.kz

ТОЛЫҒЫРАҚ
 

Мамандануы аналитика: Қазақстан Республикасының  экономикалық дамуына талдау, негізгі салалар бойынша бизнес-талдау, экономиканың халықаралық даму трендісі және оның Қазақстан экономикасына ықпалы. Басқарушылық консалтингті мамандыру: компания стратегиясын жасау, ТКЖ аясында стратегиялық мақсаттарды қалыптастыру, KPI бойынша нәтижелілікті басқару.

50 –ден астам қазақстандық компанияларда бизнестің стратегиялық дамуы бойынша мәселелерге   консалтинг жүргізді  (Сулпак электроникс, BI –group, Интероптика, Беккер, Қазақстан темір  жолы, ТуранАлем Банк және т.б.).

 

Германияда Д. Маршалл атындағы  қауіпсіздік мәселелерін зерттеу Орталығының   Колледжін бітірген.  (Геосаясат және қауіпсіздік мәселелері), Қазақстанның даму Институты (Алматы), Аспирантура (Тақырыбы «Қазақстан Республикасында халықаралық маркетингтің қалыптасуы»), Жұбанов атындағы Ақтөбе Мемлекеттік  Университеті (Экономика және менеджмент). Еуропа, АҚШ, ТМД университеттерінде машықтанудан өткен.

Еліміздің ірі институттарында басқарушылық позицияларда қызмет еткен  15-жылдық тәжірибесі бар,  2011 ж. Дьюк Университеті Стенфорд   мемлекеттік саясат Мектебінде шақырылған зерттеуші ретінде қызмет еткен. 

Оның басшылығымен түрлі ғылыми жобалар жүзеге асырылды («Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі», «Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі стратегиясы», адами даму Ұлттық есебі жобасы және т.б.).

50-ден астам жарияланымдар мен  монографиялардың авторы.

 

Алмагүл Медихатқызы Қанағатова 

Бiрiншi Проректор

Тел: +7 727
313 30 52
Факс:  +7 727 302-21-21
Эл. пошта: almagul.kanagatova@almau.edu.kz


 
толығырақ
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті философия-экономика факультетінің түлегі, философия ғылымдарының докторы, доцент.

Әр жылдары Алматы қаласындағы Қазақ Гуманитарлық-Заң Университетінде әкімшілік қызметте істеген, Астана қаласында тәрбие жұмыстары бойынша директордың орынбасары, тәрбие жұмыстары бойынша проректор, құқық қорғау органдары факультетінің деканы болып жұмыс істеді. Халықаралық бизнес академиясында ғылым және даму бойынша проректор болды. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ-да – адам ресурстарын басқару бойынша департамент директоры қызметін атқарды.

Жастар саясаты, мәдениеттану, білім беру философиясының өзекті мәселелері бойынша 70 жарияланымның авторы. «Философия», «Мәдениеттану» оқу құралдарының авторы, «Жастардың заманауи құндылықтары», «Қазақстанның қазіргі заманғы жастарының рухани мәдениеті: философиялық-мәдени талдау» монографияларының авторы. 12-жылдық білім беруге арналған тәжірибелік оқулықтардың және типтік бағдарламалардың авторы: «Человек. Право. Государство», «Адам. Қоғам. Құқық» қазақ және орыс тілдерінде 10, 11, 12 сыныптар үшін.

«International Journal of Business, Behavioral and Social Sciences» халықаралық журналы редакциясы алқасының мүшесі. Қазақстан іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі. «Қазақстанның ең үздік оқытушысы - 2013»  номинациясының  иегері. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі.

«Қазақстан Республикасы білім беру саласының құрметті қызметкері», «ҚазМЗУ құрметті қызметкері», «Ғылымды дамытуға сіңірген  еңбегі үшін» белгілерімен марапатталды.

  

 

 

Руслан Төлегенович Қожахметов
 

Корпоративтік даму жөніндегі Проректор

DBA

Тел.: 8 (727) 313 30 77  
Факс: 8 (727) 302 21 21
Эл. почта: Ruslan.Kozhakhmetov@almau.edu.kz

 

 

 

толығырақ

Жеке меншік компанияларда және өз бизнесте басшылық қызметтерде жұмыс істеуге тәжірибесі 14 жыл.

Іскерлік басқару докторы (Халықаралық бизнес академиясының және Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы Ресей академиясының бірлескен бағдарламасы).

Global Executive MBA бітіруші (Columbia Business School, London Business School, HKU Business School) және Болашақ халықаралық бағдарламасының бітіруші (University of California Berkeley 9 айлық ғылыми тағылымдама).

Отбасылық бизнес және білім туралы арналған мақалалардың авторы.