Біздің тарихымыз

 2017 ж.

Пан Сок Ким, мемлекеттік қызмет бойынша сарапшылардың Азиаттық қауымдастығының президенті, «Йонсей» Университетінің профессоры AlmaU-дың құрметті профессоры атанды. 

Инженерлік менеджмент Мектебі ашылды. 

СEEMAN ре-аккредитациясына қол жеткізілді.

Қамқоршылық кеңес құрамына жаңа мүшелер енді: «ИПК ZHERSU» бақылаушылар кеңесінің төрағасы Бауыржан Оспанов, Астанадағы Халықаралық қаржы орталығы Әкімшілігінің басқарушы директоры Саясат Нұрбек, сондай-ақ  «Сеймар» компаниясының негізін қалаушы Марғұлан Сейсембай. Қамқоршылық кеңес төрағалығына тәуелсіз директор, технологиялық даму жөніндегі Ұлттық агенттіктің аудит бойынша комитетінің төрайымы Жанат Бердалина.

18 – 19 мамырда – «Қарқынды дамып жатқан қоғамдағы кәсіпкерлік білім» форумы.

Қазақстанның кәсіпкерлік жоғары оқу орындары Қауымдастығын құру басталды. 

«Топжарған-2016» қазақстандық компаниялар рейтингінің қорытындысы бойынша «Білім» саласында AlmaU №1 компания екендігін мойындатты.

Кәсіпкерлер үшін BastauCamp және Жас-Кәсіпкер Жазғы мектептері құрылды.

ҚР дін істері мен азаматтық қоғам Министрлігі мен Маңғыстау облысының Әкімдігі бірлесіп «Caspi Leader Camp» лагері мен Каспийге қарасты мемлекеттердің І Халықаралық жастар форумын өткізді.

AlmaU «Білім беруді жауапты басқару» санатында CEEMAN Champions Awards-2017 марапатталды.

AlmaU-да «Өнімділікті және өндіріс сапасын арттыру» орталығы ашылды (Кайдзен орталық). 

Университеттің жаңа AlmaU Knowledge Building кампусы ашылды.

2 – 3 қарашада – Қазақстанда «Компаниялар мен университеттердегі білімді басқару жүйесі: мәселелері мен келешегі» атты І Халықаралық конференция.

«HR-бренд Орталық Азия-2017 жүлдесі» байқауы аясында АlmaU  «Астаналар» номинациясында «AlmaU CARES» жобасымен 3-ші болды.

AlmaU Орталық Азияның географиялық аймағына кіретін 68 ЖОО-ның ішінде 3-ші болуы арқылы Eduniversal халықаралық рейтингтік агенттігінің болжамы бойынша бизнес-мектептердің топ ұстанымын растады.

 

2016 ж.

Eduniversal халықаралық рейтингтік агенттігінің болжамы бойынша AlmaU МВА және магистратура бағдарламалары әлемнің үздік бағдарламаларының үздік 200 тобына енді.

AlmaU бітірушілері құзіретінің жаңа моделі бекітілді.

«Есеп және Аудит» бакалавриат бағдарламасы бойынша .

Association of Chartered Certified Accountants (ACCA) аккредитациясы.

Шығыс Қазақстанда AlmaU Өкілдігі ашылды.

MBA бағдарламасының 20-жылдығы және ре-аккредитация AMBA.

9 желтоқсанда – «Almaty Startup City" жастар форумы.

 

 2015ж.

AlmaU Eduniversal халықаралық  рейтинг агенттігінің  нұсқасы бойынша  берілген Қазақстандағы және Орталық Азиядағы үздік бизнес-ЖОО атағын растады.

2015 жылдың  23-26 қыркүйегінде  Алматыда  "Оқшаулану  Жаһандану көшбасшылығына қарсы, серпінді дамып жатқан қоғамда менеджментті Дамыту" тақырыбына.

CEEMAN-ның   23-ші жылсайынғы конференциясы өтті . 

AlmaU  бакалавриатының  барлық мамандықтары бойынша оқыту бағдарламасына жаңа пән енгізілді, ол   - Service Learning, осы пән аясында 1 курс студенттері қарттар, мүгедектер үйінде және басқа да әлеуметтік ұйымдарда қоғамға қызмет етуге үйренеді және алған білімдерін практика жүзінде қолдануға дағдыланады. 

PhD докторантура бағдарламалары бойынша 3 мамандыққа  6D050700 «Менеджмент», 6D050900 «Қаржы» и 6D051100 «Маркетингке» оқытуға лицензия берілді.

«Менеджмент» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасы БСҚА рейтингісінде 1-орын алды.

«Жетім  және мүмкіншілігі шектеулі балаларға  Жаңа жылдық мерекелік іс-шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы  үшін EUROBAK CSR Award  марапатына ие болды.

AlmaU  Қазақстан профессорларына «Академиялық шынайылығы үшін» бәйгесін белгіледі.

AlmaU–да  StartUp Tour - 2015 "Сколково" Қорының қазақстандық кезеңі өтті.

2 наурызда – жоғары оқу орындары, бизнес және мемлекет өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік кәсіпкерлік» атты ғылыми-практикалық конференция.

Джеффри Билл университеттің Құрметті профессоры атанды.

«Шектеулі емес мүмкіндіктер» байқауының жеңімпаздары (мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін) AlmaU МВА бағдарламасында оқуға 8 әлеуметтік грантқа қол жеткізді.

10 шілдеде – «Айналаңдағы әлемді өзгерт» атты әлеуметтік жобаларға арналған жастар байқауы. Ұйымдастырушылар: Орталық Азия Университетінің кәсіптік және үздіксіз білім беру мектептері, AlmaU және Coca-Cola.

 

2014 ж.

Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан кәсіпкерлері Палатасы қолдауымен Халықаралық Бизнес Академиясы Өкілдігі ашылды.

«Білім беру тақырыбын көтеріп жүрген  БАҚ  арасындағы «ЗачОт» республикалық байқауы» үшін  EUROBAK CSR Award  марапаты тапсырылды.

Еуразиялық Бизнес  форумның «Қазақстандағы білім  мен ғылымды дамытқаны үшін» номинациясында  «Топжарған» («Прорыв») марапатына ие болды.

ХБА-ға жаңа мәртебе берілді. ХБА-ның  жаңа атауы – Almaty Management University (Alma University, AlmaU).

Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі Қазақстандық тәуелсіз агенттігі (БСҚА) ұлттық аккредитациясын алды.

Alma University  ҚР 10 үздік  ЖОО-лар қатарына кірді және БСҚА ұлттық рейтингісі бойынша Қазақстанның  үздік гуманитарлық-экономикалық ЖОО-лар ішінде 3-орынға ие болды.

Alma University  рейтингі бойынша магистратураның «Менеджмент»  мамандығынан  1 –орын және бакалавриаттың Менеджмент мамандығынан 1-орын алды (БСҚА рейтингісі бойынша).

AlmaU Алматы қаласы әкімдігі өткізетін жұмыс беруші компаниялар арасында жүргізілген сауалнама бойынша «Түлектердің жоғары құзіреттілігі» 3-тігіне енді.

Орталық пен Шығыс Еуропаның менеджмент дамыту халықаралық ассоциациясы CEEMAN Champions Award  «Институционалды басқару» санаты бойынша марапатқа ие болды.

ХБА әлемнің  бизнес-жоолар  үздік 300 –дігіне еніп, Eduniversal рейтингісі бойынша 4 пальмалық бұтаққа ие болды.

Алматы қаласы БАҚ,  сонымен қатар  мемлекеттік және қоғамдық басқа да құрылымдар ішінде  «Өрлеу-2014» байқауында «Үздік әлеуметтік серіктес»  номинациясында жеңіске жетті.

 

2013ж. 

Наурыз айында ХБА –да жаңа құрылымдық бөлімше ашылды, бұл  - мемлекеттік және қоғамдық саясат Мектебі, ал күзде Ақтау және Алматы қалаларында  екі магистрлік бағдарламаның «Мемлекеттік сектордағы менеджмент» және «Денсаулық сақтаудағы менеджмент», «Білім беруді басқару магистрі» бағдарламаларының  тұсауы кесілді.

ХБА –ның   9 студент-түлегі «Алматы үздік студенттері Топ-100-гі» каталогіне енді. Жобаны  Elite рекрутингі компаниясы Алматы қаласы Әкім аппараты Жастар саясаты мәселелері бойынша басқарманың қолдауымен ұйымдастырды.

ХБА  ақпанда корпоративті әлеуметтік жауапкершілік саласындағы белсенді қызметі үшін «Балалар мен студенттерге оқу ортасын  жақсартқаны үшін» номинациясында «Ауыл мектептерін еліміздің жоо-лары қолдауы» атты әлеуметтік жауапкершілігі жоғары жобаны өткізгені үшін Қазақстанның Еуропалық Бизнес Ассоциациясының Құрметті Дипломын алды.

ХБА шілдеде ҚР 20 үздік жоо-лар қатарына енді , БСҚА ұлттық рейтингісі бойынша Қазақстанның Үздік гуманитарлық –экономикалық  жоғары оқу орындары ішінде 6-орынға, ал тамызда ХБА Менеджмент магистратурасы мамандықтары бойынша рейтингіде 1-орынға және бакалавриат мамандықтары Менеджмент және Маркетинг бойынша 2-орынға ие болды  (ҚР БҒМ БПОАҰ  рейтингісі бойынша).

ХБА Сапа менеджменті жүйесі  Orion Registrar, Inc., USA  ISO 9001:2008 стандарты бойынша сертификаттау алды.

Қыркүйекте Қазақстанның және Орталық Азия аймағының бірегей жоғары оқу орны  ХБА МВА бағдарламалары үшін мәртебелі халықаралық АМВА (Association of MBA's, UK, London)  аккердитациясы 3 жылға берілді.

ХБА қазанда Eduniversal жоғары білім саласындағы француздық рейтингі агенттігінің нұсқасы бойынша әлемнің 300 үздік  бизнес мектептері  рейтингісіне еніп, «TOP Business Schools/internationally known 4 Palms» лигасында 4 пальмалық бұтақты алды.

31 қазан мен 1 қараша аралығында 25-жылдығына арналған «Кәсіпкерлік және құбылмалы әлемдегі бизнес білім беру» атты халықаралық конференция өтті. Бизнес форумда  21 елден 266 қатысушы болды. 

 

2012ж.

ХБА  қазақстандық жұмыс берушілер арасындағы «Сенім-2011» байқауының «Екі астаналық үздік жұмыс беруші» номинациясында жеңімпаз атанды.

Қазақстанның 48 жоо-лары  жоғары басшылары  «MET – Management Education Technology» инновациялық бағдарламасы бойынша оқудан өтті.

Қазақстандық зерттеу агенттігі Рейтинг.kz қорытындысы  бойынша ХБА  «баға-сапа» арасалмағы бойынша  жеке жоо-лар арасында екінші,  ал ҚР барлық жоо-лар арасында «Қазақстандық ірі жұмыс берушілер көзқарасымен білім сапасы» параметрі бойынша төртінші болды (Рейтинг.kz).

Қазанда Астана қаласында DBA бағдарламасы ашылды әрі алғашқы тыңдаушылар қабылданды.  Астана қаласының ХБА өкілдігінде  «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» МВА жаңа мамандандырылған бағдарламасы  жүзеге асырылды. ХБА МВА және  Sheffield Hallam University - Joint MВА «General and Strategic Management» бірлескен бағдарламасы бойынша алғашқы топ оқуын   бастады.

Желтоқсанда  ХБА оқытушылары мен қызметкерлеріне Болашақ халықаралық бағдарламасының 29 атаулы тізімі тапсырылды, олар осы бағдарлама аясында Berkeley-Haas School of Business  (АҚШ),   Montreux School of Business (Швейцария), сонымен қатар Оңтүстік  Корея, Нидерланды, Испания жоғары оқу орындарында ғылыми машықтанудан, оқудан  өтті.

 

2011ж.

ХБА-сы жұмыс берушілер арасындағы «Сенім-2010» сайысындағы  «Екі астанадағы ең үздік жұмыс беруші» атауында күміс жүлденің иегері болды.

ХБА-сы ҚР мәдениет министрлігінің «Қазақстандағы азаматтық қоғамды дамытудағы үлесі үшін» сайысының «Үздік кәсіпорын» атауында жеңімпаз атанды.

Академия мүмкіндіктері шектеулі (тірек-қимыл аппаратында және көру қабілеттерінде мүкістіктері бар) студенттер мен тыңдаушыларды техникалық жағынан қабылдауға мүмкіндігі бар Қазақстандағы жеке жоо-ның алғашқысы болды, ол үшін оқу корпустарында арнайы дәретханалар, пандустер мен лифттер жасалды. Дәл осы жылы бакалавриат студенті мен МВА тыңдаушысы ХБА-ның ректорынан жалпы сомасы 2,5 миллион KZT 100 % әлеуметтік гранттар алды.

 

 

2010 ж.

Қаңтар айында ХБА –Қазақстандағы жалғыз жоо – халықаралық аккредитация берілді: Білім беру саласындағы CEEMAN менеджментті дамытудың халықаралық ассоциациясының Еуропалық институционалдық аккредитациясы.  

ХБА-да оқытушыларға арналған  Халықаралық жазғы сессия ұйымдастырылды – Business Education Teachers Academy (BETA). Содан бері  оқытушыларға арналған  Халықаралық жазғы сессияға еліміздің алдыңғы қатарлы жоо-ның 165 оқытушы қатысты. Тілдік және мәдени ортаға толығымен еніп,  қазақ тілін үйренуге бағытталған  «Мәдени-лингвистикалық  «Ұлытау» лагерінің» жобасы іске қосылды.  Қазақстан Тұтынушыларының Ұлттық Лигасы ХБА-ны  «МІНСІЗ» халықтық сапа белгісімен марапаттады.

ХБА Еуропа университеттерінің Ұлы Хартиясына жазылды, бұнымен өзінің Еуропа университеттерінің қағидаларын  ұстануға дайын екендігін дәлелдеді. 

 

2009 ж.

Академия «Ауыл мектептеріне еліміздің жоо қолдау көрсетуі» әлеуметтік жобасына бастама көрсетті. Осы жоба аясында Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы ауыл мектептерінің мұғалімдері көктемгі және күзгі демалыс кезінде Алматыға келіп, білім жетілдіру курстарынан өтеді.  ХБА шақыруымен осы жоба аясында 147 мұғалім оқып шықты.

ХБА Қазақстандағы алғашқы 6 жоо қатарында ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұлттық аккредитациясын алды.

 

2006 ж.

РФ  Үкіметі жанындағы Ресей Халық Шаруашылығы Академиясымен (АНХ) бірлескен «Ақпараттық менеджмент (CIO)» МВА халықаралық бағдарламасына келісімшартқа отыру және оны іске қосу.   

 

2008 ж.

Халықаралық Бизнес Академиясы 2008 жылдың нәтижесі бойынша EDUNIVERSAL Әлемдік рейтингтік агенттігімен www.eduniversal.net. Қазақстандағы ең үздік бизнес-жоғары оқу орны  болып танылды. ХБА рейтинг нәтижесі бойынша  68% жинап, 39%  жинаған КИМЭП-тен озып, Қазақстандағы ең үздік бизнес-жоо болып танылды.   Содан бері ХБА осы жоғарғы атақты жыл сайын дәлелдеп келеді.

Халықаралық Бизнес Академиясы мемлекеттік емес (жеке) жоо арасында үшінші орын және гуманитарлық-экономикалық бағытта дайындау бойынша жоо жалпы рейтингінде 5- орын алды.

 

2005 ж.

РФ  Үкіметі жанындағы Ресей Халық Шаруашылығы Академиясымен бірлескен алғашқы ДВА бағдарламасы іске қосылды.

ХБА институционалдық халықаралық аккредитациядан табысты өткен бизнестік білім беру саласындағы Қазақстандағы алғашқы ЖОО ретінде  CAMEQ сапа белгісімен марапатталды.

 

2004 ж.

РФ (Москва, Ресей) Үкіметі жанындағы қаржы Академиясымен бірлесіп «Қаржы» мамандығы бойынша  МВА бағдарламасы ашылды.

 

2003 ж.

«National Business» (МВА бағдарламалары) іскерлік журналы жүргізген Қазақстан бизнес-мектептерінің рейтингінде ХБА бірінші орын алды.  НЕС  Менеджменттің Жоғары Мектебімен (Париж, Франция) бірлесіп International Executive MBA бағдарламасы жасалды және іске қосылды. Астана қаласында Халықаралық Бизнес Академиясының өкілеттілігі ашылды.

 

2002 ж.

Білім және ғылым министрлігінің 18.01.02 ж. № 34 бұйрығы бойынша Халықаралық Бизнес Академиясы мемлекеттік аттестациядан табысты өтті және білім беру қызметін жүргізуге  02.02.002 ж. АА № 0000165 мерзімсіз мемлекеттік лицензия алды.

 

 

2001 ж.

Екі факультетте жеті мамандық бойынша жоғарғы кәсіби дайындық (бакалавриат) бағдарламасы ашылды: Экономика, Маркетинг және коммерция, Қаржы және несие, Бухгалтерлік есеп және аудит, Экономика және кәсіпорынды басқару (салалар бойынша), Ұйымдардағы менеджмент (салалар бойынша), Информатика.

 

2000 ж.

Қашықтықтан оқыту үлгісіндегі МВА бағдарламасын жүзеге асыру.

 

1999 ж.

НЕС  Менеджменттің Жоғары Мектебімен (Париж, Франция)  біріккен «Кәсіби басқару шебері» бағдарламасына алғашқы қабылдау.

 

1998 ж. 

Маастрихттық Менеджмент Мектебімен (Нидерланды) бірлесіп  жұмыс жүргізуге келісімшарт жасалды және «Жалпы Стратегиялық Менеджмент» мамандығы бойынша алғашқы қабылдау жүргізілді.

 

1997 ж.

«Маркетинг және PR» мамандандыруы бойынша  МВА бағдарламасы және алғашқы МРА (Қоғамдық медициналық сақтандыру қоры үшін Мемлекеттік Басқару Магистрі) модульді бағдарламасы ашылды.

 

1996 ж. 

«Корпоративтік менеджмент» мамандығы бойынша  МВА бағдарламасына алғашқы қабылдау жүргізілді.

 

1996 ж.

Алматы Менеджмент мектебі Халықаралық Бизнес Академиясы болып өзгертілді. Халықаралық Бизнес Академиясының тұңғыш президенті болып  Асылбек  Базарбаевич Қожахметов тағайындалды.

"People to People International - PTPI" америкалық халықаралық ұйымы туындап келе жатқан нарықтық қатынастар жағдайындағы  жетістіктері мен табысты экономикалық жағдайы үшін  ХБА (МАБ)  "Бирмингам Факелі"  құрмет белгісін берді.

 

 

1995 ж.

АММ 15 ұстазы TACIS халықаралық бағдарламасы бойынша Еуропаға 9-айлық оқуға аттанды, бұл келесі жылы қазақстандық МВА бағдарламасын жасау үшін негіз болды. 

 

1993 ж.  

МВА бағдарламасын жасау идеясының  туындауы және басқарушы мамандарға арналған бағдарламаларды жүзеге асыру бағдарламаларын жасауды бастау.

 

1988 ж.

Алматы Менеджмент мектебі құрылды (АММ). Жылына  АММ  200-500-ге жуық жоғары және орта буын басшылар білім алды.