Екінші жоғары білім (Қашықтан)

 

 

Алматы Менеджмент Университетімен бірге жарқын болашаққа!

Екінші жоғары білім, 2 жыл – қысқартылған мерзімде аяқталған бірінші жоғары білім базасында жүргізілетін кәсіби оқыту бағдарламасы.

Екінші жоғары қашықтықтан білім беру, бұл –

  • Өндірістен қол үзбей тиімді оқыту, индивидуалды темпте оқу мүмкіндігі;
  • Қаржылық және уақыт ресурстарын үнемдеу;
  • Қолжетімді баға мен төлемнің ыңғайлы жүйесі;
  • Жоғары деңгейлі профессорлық-оқытушылық құрам, интернет оқытудың жаңа әдістерін меңгерген 90% - оқытушы-практиктер;
  • Тұрғындардың барлық деңгейіне арналған білім беру;
  • Халықаралық деңгейдегі стандарттарға сай жоғары сапалы жоғары білім. 

 

 

Оқыту тілі – орыс тілі

Білім беру ұзақтығы – 2 жыл

 

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ А-данЯ-ға дейін

Қашықтықтан білім беру формасы негізгі өндірістен қол үздірмей, оқытудың электронды құралдарын қолдана отырып білім алуды қамтамасыз етеді;

Индивидуалды режимде білім алуға мүмкіндік береді;

Индивидуалды бағдарлама бойынша және үздіксіз білім алу.

Жоғарыда аталған бағдарламаның ерекшелігі оқыту процесін жүзеге асыру және студенттердің білімін бақылауды «study.almau.edu.kz» университеттік оқыту порталын қолдануы болып табылады. Порталда оқулықтар, әдіснамалық,ұйымдастырушылық мәліметтер мен таңдалған мамандық бойынша пәндерді өзіндік орындауға арналған тапсырмалар орналастырылған.

Оқыту форматы:

Вебинар – оқытушылар тікелей эфирде презентациялар, дәрістер, тренингтер мен семинар сабақтарын өткізетін онлайн іс-шара.

Чат-сабақтар – желілік технологияны қолдана отырып жүзеге асырылатын оқу сабақтарының формасы.

Мәтіндік чат кеңес беру сабақтарында немесе мәселелік не дискуссиялық сипаттағы нақты тақырып бойынша шағын сұрақтарды талқылауда қолданылады.

Интернет-форумдар – оқытушының студенттердің интернет-аудиториясымен тікелей қарым-қатынастық формасындағаламтор желісіндегі байланыс бағдарламалары арқылы жасауына мүмкіндік береді. Кеңес беру кезінде және оқылған материалды өңдеуге, тәжірибе алмасуға қолданылады.

Интернет – кеңес беру -  оқу материалын толықтай меңгеруге арналған. Кеңес алу барысында сіз оқу процесіне қатысты сұрақтарыңызды қоя аласыз.

Емтихандық сессия – семестр соңында бір апта мерзіміндеемтихандық онлайн тестілеуді қолдана отырып өткізіледі.

 

ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

  • Заманауи өзекті білім;
  • Еңбек нарығында қажеттіліктің жоғарылауы;
  • Лауазымдық және тұлғалық өсу;
  • Перспективті іскери таныстар;
  • Оптималды кәсіби саланы таңдау мүмкіндігі.