Шетелде білім алу

 

Академиялық ұтқырлық"Алматы Менеджмент Университеті" білім беру мекемесінің интернационализациялау стратегиясының басым бағыттарының бірі болып табылады. Академиялық ұтқырлық білім алушыларға алмасу, қосдипломды және қысқа мерзімді оқу бағдарламаларында білім алу тәжірибесіне мүмкіндік беретін Болон декларациясының негізгі ережелерінің бірі болып.

 

Академиялық ұтқырлықтың басты міндеттерінің бірі – Университеттің академиялық ұтқырлық бағдарламаларының шеңберінде іске асатын халықаралық білім кеңістігіне білім беру процессінің интеграциясы болып табылады. Білім беру сапасын арттыру, түрлі мәдениеттер арасындағы өзара түсіністікті жақсарту, жаңа ұрпақты тәрбиелеу, халықаралық қоғамдастықтағы өмірге және жұмысқа дайындалған жаңа ұрпақты тәрбиелеу – академиялық ұтқырлық бағдарламаларын дамытудың басты мақсаттары болып табылады.

Академиялық ұтқырлық бағдарламалары AlmaU және серіктес жоғарғы оқу орындары арасындағы келісім/шарттарға сәйкес іске асырылады.   

Академиялық ұтқырлық дәстүрлі шетелдік тағылымдамалардан, біріншіден, студенттердің шетелге ұзақ мерзімге, яғни, жарты жылдан бір академиялық жылға оқуға кететінімен, екіншіден, осындай тағылымдамалар уақытында білім алушылар тек қана шетел тілі мен жекелеген пәндерді ғана оқымай, Университетке қайтып оралғаннан кейін саналатын толық бір жылдық не жарты жылдық курсты өтіп, толыққанды білім алады. Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу  білім алушыларға бірқатар болашақ мүмкіндіктер мен артақшылықтар бере алады:

  • ғылыми білім беру саласында бағалы халықаралық тәжірибеге ие болу;
  • кәсіби білім мен тәжірибелік дағдылары кеңейту;
  • пайдалы тіл тәжірибесін алу;
  • халықаралық кросс-мәдениет тобында білім алу және араласу тәжірибесіне ие болу.

Білім алушы академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін үлгерімі жақсы (GPA кемінде 3,0) және шетел тілін (ағылшын тілі) Upper-Intermediate деңгейінде білу керек, сонымен қатар, ішкі ынтасы жоғарғы дәрежеде болу керек. Сонда білім алушыларға AlmaU серіктес ЖОО білім алуға болашақ нақты мүмкіндіктерге ие бола алады. Осылайша, тиісті іріктеу өлшемдеріне сәйкес келетін кез келген білім алушы шет елге академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шығуға мүмкіндігі бар.