Ректордың Блогы

 

Құрметті студенттер, тыңдаушылар, оқытушылар және қызметкерлер!

Мына қарқынды дамып жатқан әлемде жаңа технологиялар ақпараттарды жинақтап жылдам іздеп табуға, кейбір оқиғалардың алдын алуға мүмкіндік береді. Біз ақпараттық қоғамда өмір сүріп, білім алып келеміз, сол қажетті ақпаратқа кез келген жерде қол жеткізе аламыз, себебі жылдамдық пен шұғыл әрекет ету өлшем индикаторы болып табылады. Ректордың блогі сүйікті AlmaU өмірін жақсарту бойынша сіздердің ұсыныстарыңызға белсенді түрде көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Ректор блогінің ашылуы тиімді байланыс жасаудың жаңа жолдарын ұсынатынына сенемін.

Ректорға сұрақ қою

 

Баймаханова Ақмарал Абиласановнадан сұрақ: "Сәлеметсіздер ме, мен  Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы  ҚМУ-де  оқытушы болып жұмыс істеймін.

2016-2017 оқу жылында Сіздерге  phd докторантураға ақылы негізде оқуға түсуді жоспарлап отырмын.  Осыған орай бірнеше сұрақтарым бар..."

 

Толығырақ

Баймаханова Ақмарал Абиласановнадан сұрақ: "Сәлеметсіздер ме, мен  Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы  ҚМУ-де  оқытушы болып жұмыс істеймін.

2016-2017 оқу жылында Сіздерге  phd докторантураға ақылы негізде оқуға түсуді жоспарлап отырмын.  Осыған орай бірнеше сұрақтарым бар:

1)  phD докторантурада оқу қанша тұрады;

2) Сіздерде  «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша  phd бар ма? ;

3) Докторантурада оқуға жеңілдіктер қарастырылған ба?;

4) Сіздерден  философия докторы (phd)  ғылыми атағы мен философия докторы дәрежесінің  (phd) арасында қандай айырмашылық бар екенін түсіндіріп берулеріңізді сұраймын.

Олардың арасында айырмашылық бар ма және қай деңгейде phd  дәрежесі  «ғылыми» деген айқындауышсыз қолданылады?

Алдын ала «рақмет»             

Жауап: Сәлеметсіз бе, Ақмарал Абиласановна.

Сіздің ақылы  PhD докторантура бағдарламасына  түсу туралы сауалыңызға  жауабымыз төмендегідей:

1.          «Алматы Менеджмент Университеті»  ББМ  PhD  докторантурада оқудың құны  бүкіл оқу мерзіміне ( 3 жылға)  4 500 000 теңгені құрайды. Әр оқу жылына  1 500 000 теңгеден.

2.         «Алматы Менеджмент Университеті» білім беру мекемесінде  PhD  докторларын      6D050700 – Менеджмент, 6D050900 – Қаржы, 6D051100 – Маркетинг, 6D052000 – Іскери әкімшілік  мамандықтары бойынша дайындайды. Өкінішке орай,   6D050800 – Есеп және  аудит мамандығы бойынша  PhD докторларын дайындауға біздің  лицензиямыз жоқ.

3. Төлем бойынша жеңілдіктер қарастырылмаған.

4.         2012 жылдың  23 тамызындағы ҚР  Үкіметі   № 1080  Қаулысымен бекітілген   «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы»  Жоо-дан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына  сәйкес 2016 жылғы 13 мамырдағы  №292  10 - тармақшасы 2 бөлігінде   өзгертулерімен және толықтырулар жасалып,   докторантура бағдарламаларында жоғары оқу орнынан кейінгі білім философия докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған делінген.  МЖМБС  философия  докторы  ғылыми дәрежесі  (PhD).деген ұғым жоқ.      

 Философия докторын (PhD) даярлаудың білім беру бағдарламасы ғылыми-педагогикалық бағытқа ие және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылым салалары үшін іргелі білім беру, әдіснамалық және зерттеушілік даярлық пен ғылымның сәйкес бағыттары бойынша пәндерді терең оқытуды қарастырады.

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті жүргізген сараптама қорытындысы бойынша оң шешім шығарған кезде докторантураның білім беру бағдарламасын толық орындаған және докторлық диссертацияны сәтті қорғаған тұлғаларға "философия докторы (PhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі диплом мен дипломға қосымша (транскрипт) беріледі.

 

Ақмаралдан сұрақ: "Қайырлы күн,  менің қызым  Университет   мамандықтарының біріне құжаттарын тапсырды..."

Толығырақ

Ақмаралдан сұрақ: «Қайырлы күн,  менің қызым  Университет   мамандықтарының біріне құжаттарын тапсырды.

Сол кезде қабылдау комиссиясында  оның балдарымен  грант алу және өту мүмкін емес деп айтқан болатын.  Грантқа құжаттарды толтыру басталған кезде  оған  тек қана бір мамандықты, сонымен қатар тек сіздің Университетіңізді көрсету керек деп айтылғандықтан, ал, ол бірінші рет толтырып отырғандықтан, білмеген,  баламыз тағы да 3 конкурсқа 3 мамандық бойынша 3 Университетке    қатысу  мүмкіндігінен айырылып қалды, әрине, ол оны кейін гранттардың қорытындысы бойынша анықтады. Егер ол 2,3 және 4 тізімде  болған мамандықтарды көрсеткенде, оның балдарымен грантқа өтуге мүмкіндігі болар еді.  Сондықтан  Сіздің Университетіңіздің мүддесі  балалардың аз грант алып,  сіздерге ақылы түрде түскенінде болып тұр. Немесе Университет  грантқа тапсырыстарды толтыру бойынша кеңес бермегендері дұрыс.  Көңілім қалды,  толық  ақпаратты білмегендіктен  тегін түсу мүмкіндігінен айырылып қалдық, егер сіздің ЖОО қабылдау комиссиясында  тапсырысты толтыру кезінде 3 мамандықты көрсетуге болатынын дұрыс айтқанда,  баламыз грант алар еді. Үздік ЖОО-ға түскіміз келді,  ал, шындығында,  ЖОО  әдейі тегін оқу мүмкіндігінен шектеп,   студенттерді  ақылы түрде оқитындар қатарында көргендеріне риза».                   

Жауап: Қабылдау комиссиясы жұмысының форматына  талапкерлер мен ата-аналарды  ресми құжатпен таныстыру кіреді,  ол – «Білім беру гранттары мен жеңілдіктер туралы» Ереже.

Техникалық хатшының бақылауымен  талапкерлермен бірге ресми бланкті толтырады.

Міндетті түрде  жоо-ны, мамандықтарын, оқу тілін көрсетіп, бланктің барлық бөліктерін толтыру бойынша ұсыныстар береді.

Міндетті түрде  мәліметтерді, ҰБТ, ТКТ балдарын қайта-қайта тексереді.

Ешқандай жағдайда біз тек біздің университетімізге өтініш беруге үгіт жүргізілмейді. Бұл тек университеттің қағидаттары мен нормаларына  ғана   емес, сонымен қатар «Мемлекеттік білім беру гранттарын беру туралы Ережеге» де қайшы келеді.

Қабылдау комиссиясының кеңесшілері мен техникалық хатшыларына және қызметкерлерге тағылған кінә қате пікір деп ойлаймын, сонымен қатар шындыққа үйлеспейді.

Қорытынды: « Университетіңіздің мүддесі  балалардың аз грант алып,  сіздерге ақылы түрде түскенінде болып тұр …» ойдан шығарылған және субъективті, ата-ананың әрі талапкердің эмоциялары түсінікті, бірақ осындай қорытынды жасау орынсыз.

Осы шағым  авторынан   талаптың негізсіз екенін  дәлелдеу үшін баласының   тегін, аты-жөнін көрсетуін сұраймын.

Алёнадан сұрақ: «МСжҚМ-ның   БДФ-тен  айырмашылығы неде?»

толығырақ

Алёнадан сұрақ: «МСжҚМ-ның   БДФ-тен  айырмашылығы неде?»                                             

Жауап: Базалық дайындық факультеті 1 курс студенттерін базалық деңгейде дайындайтын  Алматы Менеджмент Университетінің құрылымдық бөлімшесі болып саналады.

Мемлекеттік саясат және құқық жоғары Мектебі  -  Алматы Менеджмент Университетінің құрылымдық бөлімшесі, ол  2013 жылы Университеттің   стратегиялық даму артықшылықтарына сәйкес мемлекеттік басқару саласында үздіксіз білім беру моделін қалыптастыру мақсатында  құрылған.

Мектепте «Аймақтану», «Юриспруденция», «Қоғаммен байланыс» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша студенттерді 2 курстан 4 курсқа дейін оқытады.  Сонымен қатар  MBA бағдарламаларына оқуға қабылдайды: Білім беру саласындағы менеджмент, мемлекеттік сектордағы менеджмент, үкіметтік емес ұйымдардағы менеджмент. 

 Рахманов Ислам Жалгасовичтан сұрақ: "Қайырлы күн, менің  GPA 2,96. Мақсатым - келесі жылы  «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураға түсу, ал талап - GPA 3,0..."

толығырақ

Рахманов Ислам Жалгасовичтан сұрақ: "Қайырлы күн, менің  GPA 2,96. Мақсатым - келесі жылы  «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураға түсу, ал талап - GPA 3,0.  GPA-ді ең аз дегенде 3-ке көтеру үшін пәндерді қайта тапсыруға рұқсат етіле ме ?

Рахманов И.Ж –Қаржы (2010-2014) Рақмет!»       

Жауап: 2011 жылдың 20 сәуіріндегі ҚР БҒМ  бұйрығымен бекітілген «Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру Ережелеріне» сәйкес  GPA деңгейін көтеру мақсатында бағаға  қайта тапсыру студент болып саналатын тұлғаға, яғни нақты осы уақытта Университетте оқып жүрген студентке рұқсат етіледі. Рахманов И.Ж.   2014 жылдың түлегі болып саналады, оқуды бітірген кезде үлгерімі  GPA – 2,96 нәтижесімен диплом берілген. Сондықтан емтихандарды қайта тапсыру оқу орнын бітіріп кеткен тұлғаларға рұқсат етілмейді.

  1. Ализаде Орхан Фамильоглы: « Қайырлы кеш, менің атым  Орхан, мен

Әзірбайжан тумасымын, ӘР азаматымын.  Бірінші білімімді Бакудің  Ислам Университетінде алдым, Дінтану факультетінде, енді менің екінші мамандықты сіздің   университетіңізде алғым келеді, сізден өтініш, маған сіздерге оқуға түсу, ақысы жайында толығырақ, ауқымды ақпарат беруіңізді сұраймын, мені «Қаржы» және «Есеп және аудит» факультеттері қызықтырады. Алдын ала ризашылығымды білдіремін…»

Жауап: Қайырлы күн, Орхан! Сіз бізге Екінші қашықтықтан  жоғары  білім алу  бағдарламасына түсе аласыз. Оқу мерзімі  - 2 жыл. Бұл бағдарламаның артықшылығы біздің Университеттің порталы арқылы оқу процесінің қашықтықта іске асырылуы.

ЕЖ бағдарламасы бойынша оқу  бағасы бір жылға  170 АЕК (1 АЕК=2 121 теңге 2016 жылдың  1 қаңтарына). АЕК төлем жүйесінің  өзгеруі  әр жылдың 1 қаңтарына  1 рет болады.

Толығырақ ақпаратты біздің сайтымыздан біле аласыз, мына сілтеме бойынша: http://graduate.almau.edu.kz/vvo/

Байланыс телефоны : +7 (727) 313-30-90 (93), +7 (727) 313-30-40 

Email: vvo@almau.edu.kz; a.kassymova@almau.edu.kz

 

Вшивков Кириллден сұрақ: "Қайырлы күн! Менің қызыл диплом алу мүмкіндігі туралы білгім келеді..."

толығырақ

Вшивков Кириллден сұрақ: "Қайырлы күн! Менің қызыл диплом алу мүмкіндігі туралы білгім келеді. Тағы да ХБА  колледжінде оқып жүргенде менің білгенім диплом  25% жеңілдік береді деген болатын. Қазір мен  Банкте екі жыл жұмыс істегеннен кейін бакалавриаттың «Менеджмент» мамандығына қашықтықтан оқу курсына түскім келеді. Мен  АКТ тапсырдым. Құжаттар  AlmaU-да.  Университеттің кеңесшісі қашықтықтан оқу курсында дипломның күші болмайды деді. Бірақ сайттағы ақпарат ше? Ол жерде оқу түрі нақтыланбаған, ал менің бюджетім әр күнге және көлемі  есептеліп қойылған. Не істесем екен? "                   Ұсыныс ретінде – жеңілдік беріңіздер, ол сайттарыңызда қызыл дипломды талапкерлерге беріледі деп көрсетілгендіктен. Салыстыру үшін -  Тұранда, ҚазМзА-да  - қызыл диплом қашықтықтан оқу түріне де қатысты қолданылады».      

Жауап: Сіздікі дұрыс, ХБА колледжінің түлегіне, қызыл диплом иегеріне  25% жеңілдік беріледі, тек күндізгі оқу түріне. 

 

Аккулов Жолшыбек Шыназбековичтен сұрақ: «Қайырлы күн! Сіздерде оқудың соңғы курсында оқу төлемі көтеріле ме?»

Толығырақ

Аккулов Жолшыбек Шыназбековичтен сұрақ: «Қайырлы күн! Сіздерде оқудың соңғы курсында оқу төлемі көтеріле ме?»

Жауап: Қайырлы күн, Жолшыбек!  Бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу бағасы АЕК-пен   берілген  (айлық есеп көрсеткіші). АЕК төлем жүйесінің  өзгеруі    1 рет болады.

Оқу үшін сома  жылына бір рет бірінші курстан кейін өзгертіледі,  2, 3, 4 курстарда АЕК –пен, теңгемен сомасы аталмыш көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болады ( ақпарат 2016-2017 оқу жылына ).

Магистратура бағдарламасы бойынша оқу ақысы өзгермейді.

Толығырақ ақпарат:

Байланыс: +7 (727) 313-30-90 (93), +7 (727) 313-30-40

Email:bachelor@almau.edu.kz 

Нұрғазы Әйгерім Ринатқызынан сұрақ: «Сәлеметсіз бе. Мен Томскі мемлекеттік университетінің студентімін. «Экономика» мамандығында сырттай оқимын. Мен бакалавриат дипломымен сіздерге магистратураға   бюджет бөліміне түсе аламын ба?» 

 

Толығырақ

Нұрғазы Әйгерім Ринатқызынан сұрақ: «Сәлеметсіз бе. Мен

Томскі мемлекеттік университетінің студентімін. «Экономика» мамандығында сырттай оқимын. Мен бакалавриат дипломымен сіздерге магистратураға   бюджет бөліміне түсе аламын ба?»       

Жауап: Қайырлы күн, Әйгерім! Иә, сіз бізге Магистратура бағдарламасына түсе аласыз. Құжаттарды Қабылдау комиссиясы  жұмыс істеген кезде  10 шілдеден 30 шілдеге дейін тапсыра аласыз.  Алдын ала  дипломды  нострификация  жасау процесінен өтуіңіз керек.

Жыл сайын біздің  Университетке мемлекеттік білім беру гранттары  Қазақстан Республикасының азаматтары үшін түрлі мамандықтарға бөлінеді.

Грантқа түсу үшін Сізге екі қабылдау емтиханын тапсыру керек:

1.         Шет тілі: француз, неміс, ағылшын таңдауы бойынша

2.         мамандығы бойынша бейінді пәні

Сізге жалпы  150-ден кем емес  балл жинау керекдан кем  алу керек, әрі қарай конкурс бойынша бөлу жүреді.

Толығырақ ақпаратты Сіз біздің сайтымыздан мына сілтеме арқылы білесіз: http://almau.edu.kz/9615

Байланыс  телефоны: +7 (727) 313-30-90 (93), +7 (727) 313-30-40

Email: vvo@almau.edu.kz; a.kassymova@almau.edu.kz

 

 

Алдажаров Ануардан сұрақ: «Шымкент қаласындағы филиалдарыңыздың жаңа мекен-жайын айтасыздар ма?».

 

Толығырақ

Алдажаров Ануардан сұрақ: «Шымкент қаласындағы филиалдарыңыздың жаңа мекен-жайын айтасыздар ма?».

Жауап:  Aлматы Менеджмент Университетінің  Оңтүстік Қазақстан аймағы бойынша өкілдігі  Шымкент қаласы, Қонаев көшесі,  21 ( Желтоқсан көшесінің бұрышы)

«Алтын Орда» БО  3 қабат  318 каб.

Тел:54-53-33 ;54-55-33

e-mail: shymkent@almau.edu.kz  

 

Бекбосунова Гүлнұрдан сұрақ: «Сіздің университетіңізге тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін түсуге бола ма? Сіздерде  колледж бар ма? Жауабыңызға алдын ала рақмет».                

 

толығырақ

Бекбосунова Гүлнұрдан сұрақ: «Сіздің университетіңізге тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін түсуге бола ма? Сіздерде  колледж бар ма? Жауабыңызға алдын ала рақмет».                

Жауап: Қайырлы күн, Гүлнұр. 9 сыныпты бітіргеннен кейін колледжге түсе аласыз. Біздің Университетіміздің жанында ХБА  Колледжі бар. Колледжді бітіргеннен кейін Сіздің Университетке Бакалавриат бағдарламаларына түсуіңізге болады.

 ХБА Колледжінің  байланысы:

 http://cmab.kz/ сайтына сілтеме

Байланыс: +7 (727) 337-84-78, 8-707-317-46-07, 337-86-10

Электронды мекен-жайы: collegemab@yandex.kz  

 

 

Хан Вячеславтан сұрақ: «Қайырлы күн!  Life2win компаниясында жұмыс істеймін. Біз Microsoft, cisco, palo alto, brocade сияқты әлемдік  бренділермен жұмыс істейміз..."

толығырақ

Хан Вячеславтан сұрақ: «Қайырлы күн!  Life2win компаниясында жұмыс істеймін. Біз Microsoft, cisco, palo alto, brocade сияқты әлемдік  бренділермен жұмыс істейміз.  Біз олармен бірге Университеттеріңізде  студенттеріңізге арнап семинарлар өткізгіміз келеді. Ақпараттық технологиялар біліктілігі бойынша кафедра бар болса, біздің ұсынымыз қызықтырса, сіздермен кездесіп, барлық мәселелерді талқылауға дайынбыз».                                       

Жауап: Университетте «Ақпараттық жүйелер және жалпы білім беру пәндері» кафедрасы бар. Біз Сіздердің  семинарларыңыздың бағдарламасын және жұмыс түрін қарастыруға дайынбыз.

Байланыс:

Колушпаева Анар Тойганбаевна    

Жұмыс тел.: 313-29-38                   

Эл. пошта: anar.kolushpayevа@almau.edu.kz

 

 

Ешимова Гаухардан сұрақ: "Бір жылдан кейін ҚазҰМУ халықаралық қатынастар факультетін бітіремін.Қашықтықтан оқытуға осы жылы түсе аламын ба? Рақмет"                                       

толығырақ

Ешимова Гаухардан сұрақ: "Бір жылдан кейін ҚазҰМУ халықаралық қатынастар факультетін бітіремін.Қашықтықтан оқытуға осы жылы түсе аламын ба? Рақмет"                                       

Жауап: Сіз бізге екінші жоғары білім бағдарламасына  ҚазҰМУ –ды бірінші біліміңізді алғаннан  кейін түсе аласыз. Бірінші жоғары білім туралы дипломды алып, Қабылдау комиссиясының жұмысы кезінде құжаттарыңызды қашықтықтан оқыту нысанына тапсыра аласыз.

 

 

студенттің анасынан сұрақ: "Қайырлы күн, құрметті Ректор..."

толығырақ

студенттің анасынан сұрақ: "Қайырлы күн, құрметті Ректор!

Менің балам сіздің ЖОО студенті атанды, әлбетте, біз оған қуаныштымыз. Бірақ жаңа оқу жылының басынан баламның сабақ кестесі үнемі өзгеріп жатыр. Бірақ мазалайтыны алты күндік оқу.  Біздің сабақ кестемізде алты күндік оқу аптасына 22 сағатты құрайды, бірақ  25 сағаттық басқа мамандықтардың сабақ кестесін  көріп,  олардың бес күндік оқу кестесіне сиып отырғанын байқадық,  осыдан мынадай сұрақ туындайды, бұл қаншалықты тиімді?  Сабақ кестесінде кей күндері екі  немесе үш сабақтан, ал кей күндері бес сабақ қойылған. Сол екі-үш сабақ болатын күндерді бір күнге біріктіріп, бес күндік оқу жасауға болмай ма? Себебі біз алыс тұрамыз, жоо-ға жету ұзақ, екі-үш сабақ болатын күндері көп уақыты жолға кетеді де, бүкіл күнін жоғалтады.  Біз онсызда жолын уайымдаймыз, оның үстіне  жақында студентті жаяу өтпе жолында қағып кетіпті, сондықтан баламыздың  екі-үш сабаққа бола барғанннан гөрі толық сабақ өтілетін күндері болғанын қалар едік, оның үстіне сабақтар сағат 8-де емес, 10 немесе 11-де басталады. Біздің уайымдарымыз ескеріліп,  бес күндік оқу туралы өтінішіміз түсінік табады деп ойлаймыз".    

Жауап: Толық ақпарат беру мақсатында студенттің мамандығын, курсын, тобын көрсетуіңізді сұраймыз. 

 

Қасымнан сұрақ:  "Қайырлы күн. Магистрант атынан сұрақ. Көбіне, сабақ кезінде бакалавриат  студенттері  ғимаратта қалып,  көңілімізді қатты алаңдатады. Олар ән айтады, қатты музыка қойып билейді. Бұл сабақ кезінде  ауыр жұмыс күнінен кейін бізге  кедергі жасайды..."

толығырақ

Қасымнан сұрақ:  "Қайырлы күн. Магистрант атынан сұрақ. Көбіне, сабақ кезінде бакалавриат  студенттері  ғимаратта қалып,  көңілімізді қатты алаңдатады. Олар ән айтады, қатты музыка қойып билейді. Бұл сабақ кезінде  ауыр жұмыс күнінен кейін бізге  кедергі жасайды. .Мүмкін, студенттерге қалайда бір ықпал етерсіздер? Әлде мұнсыз болмай ма? Мүмкін оларға басқа жерден баспана жалдарсыздар?»

Жауап: Сәлеметсіз бе! Хабарласқаныңыз үшін рақмет.

Студенттермен жұмыс орталығы іс-шараларды сағат 18:00-ден кейін өткізеді.

Идирисов Алимжаннан сұрақ: "Кайырлы кун! 2017 жылы сиздерге окуга туским келеди. Юриспруденция бойынша Оку аксы жане неше жыл окимын..."

Толығырақ

Кайырлы кун! 2017 жылы сиздерге окуга туским келеди. Юриспруденция бойынша Оку аксы жане неше жыл окимын. Жогары Оку орнын битирдим, тагы жогары Оку окитын болсам тек 2 жыл окимын. Алдын ала рахмет, жауап кутемин. Жауапты кутемин.     

Жауап: Құрметті Әлімжан!

Мемлекеттік саясат және құқық жоғары мектебінің Құқықтану мамандығы бойынша қызығушылық танытқаныңызға рахмет.

Қазіргі уақытта Құқықтану мамандығы бойынша екінші жоғарғы білімді қашықтықтан оқуға болады. Жоғары білім негізінде – 2 жыл, колледж негізінде – 3 жыл. Оқыту тілі – орыс бөлімі.

Сондай-ақ, бакалавриатқа күндізгі бөлімге түсуге болады. Оқу мерзімі 4 жыл, қазақ және орыс бөлімдері.

Егер Сізде қосымша сұрақтар болса 8 727 313 29 41 номеріне хабарласуға немесе d.tumabekova@almau.edu.kz почтаға жазуды сұраймыз.

Дарынова Назерке Дарынкызынан сұрақ: "Салеметсизбе! Мен Сулейман Демирель Университетинин 1-курс студентимин..."

толығырақ

Салеметсизбе! Мен Сулейман Демирель Университетинин 1-курс студентимин. Мамандык: есеп жане аудит. Мемлекеттик грант иегеримин. Егер сиздердин университеттеринизге ауыссам, мемлекеттик грант сакталады ма? Жане сиздердин университеттеринизде есеп жане аудиттын агылшын группасы бар ма?        

Жауап: Назерке Дарынкызы, мемлекеттік грант тек қана Демирель университетіне тиесілі. Сіз біздің университетте грант негізінде оқи алмайсыз, мемлекеттік грант сақталмайды. Есеп және аудит мамандығы бойынша ағылшын тобы бар.                  

Ли Михаил Игоревичтің сұрағы: "Қайырлы күн! Мен - қаржы мамандығының 1 курс студентімін..."

Толығырақ

Қайырлы күн! Мен - қаржы мамандығының 1 курс студентімін.

Сізден « кәсіпкерлікке кіріспе» пәніне  көңіл бөлуіңізді сұраймын, осы пән бойынша сағат саны көбейтілсе екен, себебі алып жатқан біліміміз қолдануға қажет әрі пайдалы. Сонымен қатар тренажер залының  қазіргі жағдайына мән берсеңіз,  тренажерлердің 70% жұмыс істемейді,  мүмкін болса, тиісті шара қолдануыңызды сұраймын».

Жауап: «Кәсіпкерлікке кіріспе» пәніне бөлінген сағат саны  2 кредитті құрайды  (15 теориялық курс, 30 практикалық). Осы сағат саны  бекітілген Жұмыс оқу жоспарына сәйкес келеді (ЖОЖ). Білім алушылардың тілегі бойынша  сағаттарды өзгерту басқа пәндердің сағатын қысқарту арқылы іске асырылуы мүмкін.

Тренажер залының жағдайына байланысты  менің жауабым: тренажер залы 2009 жылдан бастап жұмыс істейді. Барлығы 14 тренажер, соның ішінде жүгіру жолдары  - 3 дана, велотренажер - 2 дана., мультитренажер - 1 дана және т.б.  Шынында, тренажерлердің  жартысы  істемейді,  бірақ  биыл жаңа  тренажерлер алу жоспарланып отыр.

Ботабеков Олжас Токановичтен сұрақ: "Сәлеметсіз бе! Неге  электронды кітапханада берілген кітаптар жүктелмейді..."

Толығырақ

Сәлеметсіз бе! Неге  электронды кітапханада берілген кітаптар жүктелмейді ? Университетке телефон соғып едім, ешкім  мардымды ешнәрсе айта алмады.

Жауап: Электронды кітаптарды жүктеп алу үшін электронды-кітапханалық  жүйелерге тіркеліп, әр диссертациялық электронды кітапханаға логин, пароль  алу керек. Тек осы әрекеттерден кейін   қашықтықта  кітаптың жалпы көлемінің   10-15%. 1996 жылы  10  маусымда  ҚР  № 6-I  «Авторлық  құқық  және  сабақтас құқықтар  туралы»  Заңына сәйкес  (2015 ж. 24.11. жағдай бойынша  өзгертулер мен толықтыруларды қоса) жүктей аласыз. Тіркеуді мына адрес бойынша алуға болады: http://lib.almau.edu.kz/page/9 (виртуальді анықтамалық қызмет) немесе кітапханаға  №129 бөлмеге келіңіз   – Четыкбаев Әділет Махмутович. 

Фенглер Алёнадан сұрақ: "Сәлеметсіз бе, менің атым Алёна, мен ҚазХҚжӘТУ арнайы орта оқу орнын бітірдім..."

Толығырақ

Сәлеметсіз бе, менің атым Алёна, мен ҚазХҚжӘТУ арнайы орта оқу орнын бітірдім. Бастауыш сыныптардағы шет тілі педагогімін. Менің сіздерге логистикаға түскім келеді, білгім келетіні:  қай оқу түріне түсе аламын. Оқу қанша уақытқа созылады, ақысы қанша тұрады?  Қашықтықтан оқуға бола ма? Алдын ала рақмет.

Жауап: Жоғарғы оқу орындарына қабылдау ережесі бойынша  колледж бітіргендер  әрі мамандық  саласы бойынша  оқуын жалғастырғысы келетіндер 4 жыл  күндізгі бөлімде оқиды (мамандық  бойынша  сыныптауышқа сәйкес келмейді).

Нусупов Бауыржаннан сұрақ: "Алмагүл Медихатовна, маған қалай қосымша сабақ беретін оқытушы болуға болады..."

Толығырақ

Алмагүл Медихатовна, маған қалай қосымша сабақ беретін оқытушы болуға болады? Қалай халықаралық үлгідегі қосымшаны алуға болады? Мен оқытушылардың жұмысын автоматтандыруды ұсынамын  (силлабустар, билеттер, ОӘПК  және т.б.).

Жауап: Университет  бос қызмет орындары туралы ақпаратты БАҚ-қа   конкурс жайында хабарландыру  бергенде  жариялайды және интернеттің  Headhunter.kz.  ресурсында  бос орындар туралы хабарландыру береді. Біздегі бос орындар туралы  сол жерден қарап тұруыңызды сұраймыз. Егер ОПҚ жұмысын автоматтандыру бойынша ұсыныстарыңыз болса, ұсыныстарыңызды қарастыруға жіберуіңізге болады.

Заринадан сұрақ: "Менің нақтылағым келетіні, мен дипломымды жоғалтып алдым, шұғыл түрде қалай дипломымды қалпына келтіруге болады, мен Астанада тұрамын..."

Толығырақ

Менің нақтылағым келетіні, мен дипломымды жоғалтып алдым, шұғыл түрде қалай дипломымды қалпына келтіруге болады, мен Астанада тұрамын. Бакалавриатты 2010 жылы бітірдім.

Жауап: Мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес "жоғары білім туралы дипломның көшірмесін берумен "  Астана қаласының ХҚКО айналысады, сізге сонда бару керек, дипломның  телнұсқасын  және қосымшаны беру туралы өтінім жазуыңыз қажет. Осы өтінім ХҚО курьері   арқылы  "Алматы Менеджмент Университетіне" жіберіледі. Университет ХҚО жіберген құжаттар негізінде   (өтінім және оған қоса берілетін құжаттар) "Дипломның телнұсқасын беру туралы " бұйрық шығарады және  дипломның телнұсқасын тікелей ресімдейді. Белгіленген мерзімде ХҚКО курьері  Университетте диплом телнұсқасын алады.   Дипломның дайын телнұсқасын өтініш берген  мекен-жайдан алады,  яғни Астана қаласының  ХҚКҚ-дан.  

Хошжанова Индирадан сұрақ: "Мен Ақтау қаласында тұрамын, сонда жұмыс істеймін, жұмыстан ұзақ уақытқа шыға алмаймын..."

Толығырақ

Мен Ақтау қаласында тұрамын, сонда жұмыс істеймін, жұмыстан ұзақ уақытқа шыға алмаймын, сіздерде қашықтықтан оқыту немесе   келіп оқытатын бағдарлама бар ма (ол маған ыңғайлы болар еді) Ақтауда оқытуды ұйымдастырасыздар ма?     

Жауап: Сәлеметсіз бе, Индира!

Біз Сізге екінші мамандық алуға арналған қашықтықтан оқыту бағдарламасын немесе түрлі мамандық бойынша МВА бағдарламасын ұсына аламыз. Сіздің виртуалды оқыту бөліміне хабарласуыңыз керек, олар Сізге толығырақ кеңес береді, Сізге қай бағдарлама қолайлы екенін нақтылап, мамандықты таңдауға көмектеседі. Сіздің бөлімнің басшысы  Зауре Бахытовна Кенжебаеваның электронды поштасына жазып, хабарласуыңызға болады: zaure@almau.edu.kz; zaureken@gmail.com  немесе мына  телефондарға қоңырау шалыңыз: +7-777-375-54-75; 8 (727) 313-30-89.

Арайлымнан сұрақ: «Сәлеметсіз бе! Сіздерде аймақтану мектебінде қанша студент оқиды? Осы мамандық  бойынша алмасу бағдарламасы бар ма...»

толығырақ

«Сәлеметсіз бе! Сіздерде аймақтану мектебінде қанша студент оқиды? Осы мамандық  бойынша алмасу бағдарламасы бар ма?».

Жауап: Құрметті Арайлым! Біздің Мектебімізге деген қызығушылығыңызға әрі сұрағыңызға рақмет. Біздің Мектебіміз «Мемлекеттік саясат пен құқық Жоғары Мектебі» деп аталады, шыныменде, бізде «Аймақтану»  мамандығы бар. Қазір бұл мамандықта  1 курстан  4 курсқа дейін 159 студент оқиды.  Біздің серіктес ЖОО-лар бар, олармен ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасқан,  әрі  серіктестермен  студенттерге арналған  алмасу бағдарламасын  жүзеге асырып отырамыз. Бағдарламаларды қабылдайтын жақ дайындайды, бірақ кейін академиялық айырмашылықтар аз болуы үшін  біз  өз жағымыздан ұсыныстар жасаймыз. Білгіңіз келетін сұрақтарыңызды мына   электронды поштаға: d.tumabekova@almau.edu. kz. жазуыңызға  болады.

Койчубеков Әлібектің сұрағы: «Сәлеметсіз бе,  университеттеріңізде грантқа оқу жөнінде сұрағым келіп еді.  Менің логистикаға түскім келеді, сол себепті факультеттеріңізге берілетін  гранттар туралы  толығырақ айтып  берсеңіздер...»

толығырақ

«Сәлеметсіз бе,  университеттеріңізде грантқа оқу жөнінде сұрағым келіп еді.  Менің логистикаға түскім келеді, сол себепті факультеттеріңізге берілетін  гранттар туралы  толығырақ айтып  берсеңіздер. Алдын ала рақмет».

Жауап: Қайырлы күн, Әлібек! Университетте  барлық мамандықтар бойынша  ішкі және сыртқы гранттар мен жеңілдіктер  бар, логистикаға да дәл солай.

Сыртқыға:

  • Мемлекеттік  гранттар ( ҰБТ қорытындысы). Шілденің 23 –нен 31-не дейін – білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау жүреді
  • Қорлардың гранттары
  • Мектеп декандарының гранттары жатады.

Ішкіге:

  • «Алтын белгі» иегерлері.
  • Халықаралық және республикалық олимпиадалардың және ғылыми жобалардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары
  •  «Мегашанс» олимпиадасы
  • Әлеуметтік жеңілдіктер, оларды жеке өтініштердің  негізінде күз кезінде Комиссия  қарайды.

Толығырақ сайт беттерінде берілген: http://almau.edu.kz/9883

  Сізді біздің студенттер қатарында  көргіміз келеді!

Шестак Александра Дмитриевнадан сұрақ: «Сәлеметсіз бе, университеттеріңізде оқу түгел орыс тілінде ме немесе ағылшын тілін білу керек пе? Қазіргі ҰБТ жаңа форматына байланысты   мектепте тапсырған емтихандары  есептеле ме әлде  жұмыстарының  ұпайлары есепке алына ма...»

толығырақ

«Сәлеметсіз бе, университеттеріңізде оқу түгел орыс тілінде ме немесе ағылшын тілін білу керек пе? Қазіргі ҰБТ жаңа форматына байланысты   мектепте тапсырған емтихандары  есептеле ме әлде  жұмыстарының  ұпайлары есепке алына ма? Қабылдау емтихандары қайда және  қалай  өтеді?Грант алуға қойылатын талаптар қандай? Маркетинг мамандығына  оқу бағасы қанша? Жауабыңызға алдын ала рақмет».                

Жауап: Алматы Менеджмент Университетінде білім алу үш тілде жүргізіледі:

- қазақ;

. орыс;

- ағылшын.

Дегенмен  Қазақстанда үштілділік бойынша мемлекеттік  саясат енгізілгеннен бері   Алматы Менеджмент Университетінде оқу үдерісінде  жекелеген пәндер  таңдаған оқу тіліне қарамастан  тек ағылшын тілінде немесе қазақ тілінде  немесе орыс тілінде оқытылады.

ҰБТ ұпайларын  бағалауды  Қазақстанда  ҰБТ  ұйымдастыру үдерісімен айналысатын  ҚР БҒМ  тестілеу Орталығы  жүргізеді.

Бітіру емтихандары мектепте өтеді. Қабылдау емтихандары  тек шығармашылық  емтиханы қарастырылған  мамандықтарда жүреді.  

ҚР БҒМ  мемлекеттік гранттарды  ұсынады. Грантты алу  талаптары ҚР БҒМ сайтында жарияланған.

  1.  жылында  «Маркетинг»  мамандығына  оқу ақысы  993 825 теңге. Төлем жеке кесте бойынша жүргізіледі ( транш бойынша, мысалы, жылына 4 рет). 

Котляров Дмитрийден сұрақ: ''Қайырлы күн! Менің есімім  Дмитрий. Интернеттен деканның орынбасары  қажет деген (hh.ru) хабарландыру таптым. Сонымен қатар  сіздердің ресми сайттарыңызда осы бос орын көрсетілген...''

толығырақ

«Қайырлы күн! Менің есімім  Дмитрий. Интернеттен деканның орынбасары  қажет деген (hh.ru) хабарландыру таптым. Сонымен қатар  сіздердің ресми сайттарыңызда осы бос орын көрсетілген. Бұл вакансия әлі өзекті ме? Тағы екінші сұрағым: тек Қазақстанның  азаматтығы бар үміткерлерді қарастырасыздар ма әлде ресейліктерді де  бола ма? Ресей жоо-ларында 13 жыл жұмыс істедім, соның шінде 3 жыл практика жетекшісі лауазымында,  2 жыл декан міндетін атқарушы  болып қызмет еттім. Қажет болған жағдайда өз түйіндемемді  жібере аламын. Сайтта көрсетілген жәшікке  сауалымды жібергенмін, бірақ жауап алмадым». Хабарландыруға сілтеме: https://hh.ru/vacancy/19265476  Құрметпен,  Дмитрий Котляров (voronezh-36-rus@yandex.ru)

Жауап: Қайырлы күн, Дмитрий!  Университетімізге қызығушылық танытқаныңызға рақмет. Менеджмент Жоғары Мектебі  деканының орынбасарына жарияланған бос орын  өзекті емес. Бос орындар бойынша ақпаратты мына  электронды пошта бойынша нақтылаңыз: a.dyussenova@almau.edu.kz 

Бекимов Равиль Николаевичтен сұрақ: «Сәлеметсіз бе! Мен 28 жастамын, білімім - орта білім (мектеп). Қонақ үйінде  менеджер болып жұмыс істеймін, ағылшын тілін еркін деңгейде білемін.  «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» факультетіне түскім келеді...»

толығырақ

«Сәлеметсіз бе! Мен 28 жастамын, білімім - орта білім (мектеп). Қонақ үйінде  менеджер болып жұмыс істеймін, ағылшын тілін еркін деңгейде білемін.  «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» факультетіне түскім келеді. Сұрақтарым:

1) Орта білім негізінде сырттай/кешкі/қашықтықтан оқу түрлері бар ма?

2) Егер бар болса, оқуға түсуге қойылатын талаптар қандай? ҰБТ тапсыру міндетті ме?

3) Оқу қанша тұрады?

Жауаптарыңызға алдын ала рақметімді білдіремін».                   

Жауап: 1-СҰРАҚ. Мектеп түлектері үшін Қазақстандағы жоғары білім беру стандарттарына сәйкес  күндізгі оқыту бөлімінде білім алу  қарастырылған, соның ішінде  «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы бойынша да сол стандарт сақталады.

2 -СҰРАҚ. «Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 111  қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына  оқуға қабылдаудың типтік  ережелеріне сәйкес жоғары оқу орындарына түсуші адамдардың  өтініштері бойынша конкурс негізінде ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ бұдан әрі) нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға немесе кешенді тест қорытындысына сәйкес жүзеге асырылады» 

«19 қаңтар 2012 жылғы Қазақстан Республикасының № 111 қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына, оқуға қабылдаудың үлгі ережесін 5-тармағына сәйкес  «Кешенді тестілеу өткен жылдардағы (орта) жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін, техникалық және кәсіптік түлектері (орта бiлiмнен кейiнгi, бастауыш және орта кәсіптік) үшін,  ҰБТ-ға қатыспаған, шетелде  халықаралық алмасу жүйесі бойынша оқыған орта мектеп түлектері үшін,  қазақ және орыс тілдерінде білім бермейтін мектеп түлектері үшін,  ұлттық музыкалық мектеп-интернаттардың түлектері мен шетелде оқу орындарын  бітірген тұлғалар үшін».

 2017 жылы қаңтарда  ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланған  «ҰБТ  және  кешенді тестілеудің бейінді пәндері  көрсетілген жоғары білім беру мамандықтарының тізімі» бойынша   «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы төмендегідей  болып табылады:

Шифр

Мамандықтың атауы

 

Бейінді пәндер комбинациясы

1бейінді пән

2 бейінді пән

9. Қызмет көрсету

1

5В091200

Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

география

шет тілі

 

3 -СҰРАҚ.  2016-2017 оқу жылы  «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы бойынша   оқу бағасы 806 190 теңгені құрайды. Келесі оқу жылына оқу бағасы әлі қарастырылуда.

Жеңісқызы Жазирадан сұрақ: «Қайырлы күн! Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі бойынша сіздерге оқуға түспекпін...»    

толығырақ

«Қайырлы күн! Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі бойынша сіздерге оқуға түспекпін.

Сұрақ: оқу бағасы қандай?

Жатақхана қарастырылған ба?

Диплом мемлекеттік болып санала ма?».    

            Жауап: Қайырлы күн 2016-2017 оқу жылының бағасы 709 016 теңге. Келесі жылға оқу бағасы қарастырылып жатыр. Тегін жатақхана келесі жылға жоспарда жоқ. Иә, «Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі» бойынша Алматы Менеджмент Университеті берген диплом мемлекеттік болып саналады. 

Алиханов Ельдардан сұрақ: «Қайырлы күн, http://almau.edu.kz/news/11127 сілтемесі бойынша...»

толығырақ

«Қайырлы күн, http://almau.edu.kz/news/11127 сілтемесі бойынша Рахат Алтынбаев «Асыл Арман» корпорациясының президенті деп көрсетілген, кешіріңіз, бірақ бұл компанияның басшысы - Архабаева Алма, тек Алтынбаев емес, ол Асыл Арман өнімдерінің сетевик- сатушысы әрі  өз тауарын барынша насихаттайтын  көшедегі саудагер сияқты,   Алтынбаев  көшбасшылық дәрістерінде  адамдарды емдеймін деген әңгіме  айта бастады.... Түсініксіз, қалай осындай жалған атпен ол  кенеттен "президент" болып шықты.

Жауап: Хабарласқаныңызға рақмет!

Өзгерістер енгізілді –қараңыз, өтініш, мына сілтеме бойынша: http://almau.edu.kz/news/11127

Диананың сұрағы: «Сәлеметсіз бе! Мен мектепті  Алтын Белгіге бітірдім. ҰБТ –да  115 балл алдым, бейінді пәні- ағылшын. Қазір басқа  университетте  қаржы  факультетінде оқимын...»  

толығырақ

«Сәлеметсіз бе! Мен мектепті  Алтын Белгіге бітірдім. ҰБТ –да  115 балл алдым, бейінді пәні- ағылшын. Қазір басқа  университетте  қаржы  факультетінде оқимын. Бірінші курстан кейін мен сіздерге осы мамандыққа ауысып,  жеңілдікпен немесе грантқа үміттене  аламын ба?»  

Жауап: 1 -СҰРАҚ. . «Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 111  қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына  оқуға қабылдаудың типтік  ережелеріне сәйкес жоғары оқу орындарына түсуші адамдардың  өтініштері бойынша конкурс негізінде ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ бұдан әрі) нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға немесе кешенді тест қорытындысына сәйкес жүзеге асырылады» 

«ҰБТ  және  кешенді тестілеудің бейінді пәндері  көрсетілген жоғары білім беру мамандықтарының тізімі» құжатына сәйкес бойынша   «Қаржы» мамандығына бейінді пәні  «География» пәнін тапсырғандар қабылданады. Өкінішке орай, оқудың 1 курсын бітіргеннен кейін Сізге келісім берілмейді, себебі   Университет  «Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 111  қаулысымен бекітілген Жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына  оқуға қабылдаудың типтік  ережелерін» ұстанады.

2 СҰРАҚ. Өкінішке орай, Сіз жеңілдікке немесе грантқа  үміткер бола алмайсыз. 

Лю Вячеславтан сұрақ: «Сәлеметсіз бе!  Өтініш, әр мамандыққа  бір жылға оқу бағасы қанша тұрады...»

толығырақ

«Сәлеметсіз бе!  Өтініш, әр мамандыққа  бір жылға оқу бағасы қанша тұрады?»

Жауап: Сәлеметсіз бе! Оқу бағасы айлық есептік көрсеткіш,  2016-2017 оқу жылына баға:

Мамандық шифры

Мамандық атауы

Бөлімі

   

Қазақ

Орыс

Ағылшын

А  тобы"Бизнес және құқық ", 3 семестрден +10%  АЕК

1

5В050700

Менеджмент

321

450

473

2

5В050900

Қаржы

321

450

473

3

5В051100

Маркетинг

 

450

473

4

5В050800

Есеп және  аудит

321

450

 

5

5В050600

Экономика

 

450

 

6

5В030100

Юриспруденция

 

450

 

 В  тобы"Қызмет көрсету және ЗМ",  3 семестрден +10% АЕК

7

5В091200

«Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі»

321

365

473

8

5В090900

Логистика

321

365

 

9

5В090800

Баға

 

365

 

 С  тобы "Әлеуметтік ғылымдар", 3 семестрден + 5%  АЕК

10

5В050500

Аймақтану

 

365

473

11

5В051000

Мемлекеттік және жергілікті реттеу

321

 

 

12

5В051400

Қоғаммен байланыс

 

365

 

13

5В070300

Ақпараттық жүйелер

 

365

 

 

1 АЕК (2017 жылдың 1 қаңтарына) = 2269 теңге

321 АЕК= 728 349 теңге

365 АЕК = 828 185 теңге

450 АЕК = 1 021 050 теңге

473 АЕК = 1 073 237 теңге

2017-2018 оқу жылына ақпаратты қабылдау комиссиясы жақындаған кезде нақтылап білу керек.  

Лю Вячеславтан сұрақ: «Сәлеметсіз бе! Университеттеріңізде  Ашық есік күні  қашан өтеді...»    

толығырақ

«Сәлеметсіз бе! Университеттеріңізде  Ашық есік күні  қашан өтеді?»      

Жауап: Сәлеметсіз бе! Ашық есік күні уақытын  сайт беттерінде біздің құлақтандырулардан білуіңізге болады:

http://almau.edu.kz/events

Сонымен қатар әлеуметтік желілерден бақылауларыңызға болады:

https://www.instagram.com/almau_edu/?hl=ru

https://www.facebook.com/almau.edu/?ref=ts&fref=ts

https://vk.com/almau_edu

Лұкпанова Шолпан Серікқалиқызынан сұрақ: "Сәлеметсіз бе! Сізді мазалап отырған 4 курс студентінің анасы.Менің сұрағым келетіні студенттеріңіздің практикасы жайында, сіздердің қызметкерлеріңіз студенттерге практиканы мамандықтары бойынша өтуге болатын фирмалар мен ұйымдардың байланыс телефондарын беріпті..."

толығырақ

"Сәлеметсіз бе! Сізді мазалап отырған 4 курс студентінің анасы.Менің сұрағым келетіні студенттеріңіздің практикасы жайында, сіздердің қызметкерлеріңіз студенттерге практиканы мамандықтары бойынша өтуге болатын фирмалар мен ұйымдардың байланыс телефондарын беріпті. Бірақ  студенттерді  орындарға лимит болғандықтан қабылдамаған. Енді біздің балаларымызды  ешкім ЖОО-ның   ұсыным хаты болмаса  қабылдамайды.  Ал кураторы телефон соғып, практика өтуге тиіс  ұйымының атауын сұрайды, сұрақ- егер балалар практика өтетін орынды таппаса, фирманың  атауын қайдан табады? Неге  куратор, олардың тікелей оқытушысы, тәлімгері өз студенттерінің  практика өтетін жерін анықтап беруге  ықыласы жоқ? Оның үстіне практика бойынша сынақ қойылмайды дейді. Бұл не ? Онда куратор не үшін керек? Менің балам 5 тәулік бойы  дене қызуымен ауырып жатыр, ол, кураторы  «маған бәрібір» дейді, не ол ешқашан ауырмай ма? Бұл қандай қарым-қатынас? Жалпы айтқанда, жатақхана берілмейді, енді мына уақытша тіркеумен қиналып жүрміз, қайда тіркелуді білмейміз.  Бұл не, өз студенттеріңіздің тағдыры сіздерді алаңдатпай ма? Шынында, 4 жылдан бері  жанымызға батты,  үндемей келдім,  студенттермен ұйымдастыру жұмыстарында кемшіліктер көп, деканаттың   студенттермен  сөйлескісі келмейді, біз тегін оықп жатқан жоқпыз ғой. Құрметпен, ата-ана, Лұқпанова Шолпан  түсінеді деген үмітпен."

Жауап: Құрметті Шолпан Серікқалиқызы! Сізге жауап беруіміз үшін әрі  осы мәселені шешу үшін  студенттің аты-жөнін, тегін білуіміз керек. ЖОО электронды базасында Лукпанов деген текпен магистрант кездеседі, ал   бакалавриатта   4 курста осындай аты-жөні бар студент жоқ. Өтініш, мәліметтерін  хабарлаңыз.

Gulnaz Talgatovnaдан сұрақ: «Сәлеметсіз бе, мен колледж бітірдім. Қаржы бойынша экономистпін. Менің сіздерге  бакалавриатқа түскім келеді, оқудың қандай түріне түсе аламын?  Бұл оқу түрі қанша уақытқа созылады және қанша тұрады...»

толығырақ

«Сәлеметсіз бе, мен колледж бітірдім. Қаржы бойынша экономистпін. Менің сіздерге  бакалавриатқа түскім келеді, оқудың қандай түріне түсе аламын?  Бұл оқу түрі қанша уақытқа созылады және қанша тұрады? Алдын ала рақмет».

            Жауап: Сәлеметсіз бе! Колледжден кейін сіз  Бакалавриат бағдарламасына түсе аласыз, келесі оқу түрлерін таңдай аласыз:

  1. Қашықтықтан – өз  мамандығыңыз бойынша  (қаржы/қаржы), оқу мерзімі –  оқу 3 жыл.
  2. Күндізгі – өз мамандығыңыз бойынша   (мамандықтар тізімдемесіне сәйкес), оқу мерзімі– оқу 3 жыл.
  3. Күндізгі  – басқа мамандық бойынша, оқу мерзімі срок – оқу 4 жыл.

 

Бізде  оқу бағасы АЕК-пен   есептеледі, осы уақытқа,   2017 жылға АЕК-пен  баға төмендегідей:

Мамандық шифрі

Мамандық атауы

Бөлімі

Қазақ

Орыс

Ағылшын

А  тобы"Бизнес және құқық ", 3 семестрден +10%  АЕК

1

5В050900

Қаржы

321

450

473

2

5В050600

Экономика

 

450

 

 

1 АЕК (2017 жылдың 1 қаңтарына) = 2269 теңге

321 АЕК= 728 349 теңге

365 АЕК = 828 185 теңге

450 АЕК = 1 021 050 теңге

473 АЕК = 1 073 237 теңге

2017-2018 оқу жылына ақпаратты қабылдау комиссиясы жақындаған кезде нақтылап білу керек.  

Башанов Тимурдың сұрағы: «Қайырлы күн, құрметті Алмагүл Медихатовна! Мен 2013 жылғы  МВА түлегімін. Бізге берілген дипломға  50 мың теңге тұратын (жеткізілуі) АМВА  халықаралық сертификаты беріледі деген болатын. Осы сертификат  дайын әрі үйлестірушіде екен...»

толығырақ

«Қайырлы күн, құрметті Алмагүл Медихатовна! Мен 2013 жылғы  МВА түлегімін. Бізге берілген дипломға  50 мың теңге тұратын (жеткізілуі) АМВА  халықаралық сертификаты беріледі деген болатын. Осы сертификат  дайын әрі үйлестірушіде екен. Дегенмен, қазіргі уақытта бірден осы соманы төлеуге менің жағдайым келмейтін болып тұр.  Сертификат ақысын бөліп төлеу қарастырылған ба? Маған отбасы бюджетінен осындай қаражатты бөлу қиындау болады.  Түсіністікпен қарағаныңызға рақмет. Өмірлік  AlmaU-ды қастерлеуші»

Жауап: Құрметті, Тимур! Біздің Университетімізге шынайы берілгендігіңіз  үшін  алғысымызды білдіреміз,  түлектерімізді біздің іс-шараларда, бағдарламаларда, шеберлік мектептерінде көруге қуаныштымыз. Сөз жоқ, сіздің мәселеңізді оң шешуге тырысамыз,  сертификат бағасын бөліп төлеуге мүмкіндік береміз.   Сізге Бизнес Жоғары Мектебі Маркетинг офисіне хабарласу керек  (+77273133079) және АМВА сертификатын алу  мүмкіндігін келісуіңіз қажет. 

 

Койчубеков Алибектың сұрағы: "Сәлеметсіз бе,     университеттеріңізде оқу үшін гранттарға қатысты сұрағым бар. Менің логистикаға түскім келеді, осы факультетке гранттар туралы толығырақ айтып бересіздер ме?  Алдын ала алғысымды білдіремін..."

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Сәлеметсіз бе,     университеттеріңізде оқу үшін гранттарға қатысты сұрағым бар. Менің логистикаға түскім келеді, осы факультетке гранттар туралы толығырақ айтып бересіздер ме?  Алдын ала алғысымды білдіремін..."

 

Жауап: Сәлеметсіз бе! Біздің университетімізде  сыртқы және ішкі гранттар бар:

  1. Мемлекеттік  ( гранттар саны Қабылдау комиссиясының жұмысы кезінде белгілі болады);
  2. Қорлардың гранттары:
  • «Ержан Тәтішев Қоры» ҚҚ;
  • «Береке» ҚҚ;
  • «Тайбурыл» ҚҚ;
  • Конрад Аденауэр атындағы Қор;
  • «KazEnergy» қауымдастығы.

Ішкі гранттар «Алтын белгі» иегерлеріне, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне   беріледі.  Толығырақ  http://almau.edu.kz/9883   сілтемесі бойынша таныса аласыз.  

            

Маулетхан Маринаның сұрағы: "Сәлеметсіз бе, биыл 11 сыныпта оқып жатырмын, жаңа формат бойынша  география + математика пәнін таңдап алдым...."

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Сәлеметсіз бе, биыл 11 сыныпта оқып жатырмын, жаңа формат бойынша  география + математика пәнін таңдап алдым. Таңдаған   пәндерім бойынша осы университетке қалай  түсе аламын және грантқа түсу үшін  қанша балл жинау керек, қай уақыттан бастап құжаттар қабылданады?"

 

Жауап: Қайырлы күн!  Осы реттегі бейінді пәндер бойынша сіз мына мамандықтарға түсе аласыз:

  • Экономика
  • Қаржы
  • Маркетинг
  • Менеджмент
  • Баға
  • Логистика
  • Есеп және  аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару.

Мемлекеттік грантқа түсу үшін Сізге мүмкіндігінше жоғары балл жинау керек. Құжаттарды қабылдау бұрын 20 маусымнан 28 тамызға дейін жүретін. Толығырақ ақпаратты Қабылдау комиссиясы жұмысын бастаған кезде нақтылап білсеңіз болады  8 (727) 313-30-90 (93). 

 

Нагашыбаева Раушанның сұрағы: "Сәлеметсіз бе, «Қоғаммен байланыс» мамандығына шығармашылық емтихандар туралы толығырақ білгім келеді. «Қоғаммен байланыс» мамандығына арналған буклетте бейінді пән «География» деп көрсетілген ... "

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Сәлеметсіз бе, «Қоғаммен байланыс» мамандығына шығармашылық емтихандар туралы толығырақ білгім келеді. «Қоғаммен байланыс» мамандығына арналған буклетте бейінді пән «География» деп көрсетілген, ал сайтта осы мамандықты қарағанда бейінді пән ( мен үшін КТ бойынша) «Математика» деп жазылған.  КТ- ға дайындалу үшін бейінді пән бойынша нақты жауап алғым келеді. Алдын ала жауабыңыз үшін  рақмет"

 

Жауап:   Қайырлы күн! «Қоғаммен байланыс» мамандығына түсу үшін  кешенді тестілеуде бейінді пән ретінде шығармашылық емтихан тапсыруыңыз керек. 

 

Гудкова Аринаның сұрағы: "Сәлеметсіз бе, менің «Қоғаммен байланыс», «Қонақ үй, туризм»... "

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Сәлеметсіз бе, менің «Қоғаммен байланыс», «Қонақ үй, туризм» факультеттеріне оқу ақысы қанша тұратынын білгім келеді. Алдын ала рақмет!"

 

Жауап: Қайырлы күн! Бұл ақпаратты мына телефондар бойынша нақтылауыңызды сұраймыз: 8 (727) 313-30-90 (93).  

 

Айнураның сұрағы: "Құрметті  Алмагүл Медихатовна! Мен 3 курс студентімін, мемлекеттік грантта оқып жатырмын. Маған шәкіртақымды төлемейді..."

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Құрметті  Алмагүл Медихатовна! Мен 3 курс студентімін, мемлекеттік грантта оқып жатырмын. Маған шәкіртақымды төлемейді. Бірнеше рет бухгалтерияға, тіркеу кеңсесіне бардым, жауап жоқ. Үнемі түрлі сылтаумен анда-мында жібереді. Бұл  мемлекетіміздің маған бөлген ақшасы ғой. Неге мұндай әділетсіздік орын алады? Мен не істеуім керек?"

 

Жауап: Құрметті студент! Мәселеңізді шешу үшін өтініш жасаған кезде аты-жөніңізді, мамандығыңызды  көрсеткеніңіз дұрыс болар еді.  Атаусыз өтінішке жауап беру қиын екен.

 

Сейдалимов Темирланың сұрағы: "Сәлеметсіз бе! «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығында оқу қанша тұрады..."

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Сәлеметсіз бе! «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығында оқу қанша тұрады және жақын арада баға өсе ме, айталық, 2018 жылы?"

 

Жауап: Қайырлы күн! Бұл ақпаратты мына телефондар бойынша нақтылауыңызды сұраймыз: 8 (727) 313-30-90 (93).   

 

Сагдолла Олжасының сұрағы: "Сәлеметсіз  бе, 2017 жылға қанша грант бөлінді?         

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сәлеметсіз  бе, 2017 жылға қанша грант бөлінді?          

 

Жауап: Сәлеметсіз бе! 2017 жылы  МегаШанс олимпиадасында  біздің жоо 60 грант пен жеңілдік  ұсынады:

  1. 15 жүлдегер (1 орын) 4 жыл оқуға 100% грант алады;
  2. 15 жүлдегер (2 орын) 4 жыл оқуға  50% жеңілдік алады;
  3. 30 жүлдегер (3 орын) 4 жыл оқуға  25% жеңілдік алады.

Мемлекеттік гранттар саны Қабылдау комиссиясының жұмысы кезінде белгілі болады. 

 

Сагдолла Олжасының сұрағы: "Сәлеметсіз  бе, 2017 жылға қанша грант бөлінді?         

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сәлеметсіз  бе, 2017 жылға қанша грант бөлінді?          

 

Жауап: Сәлеметсіз бе! 2017 жылы  МегаШанс олимпиадасында  біздің жоо 60 грант пен жеңілдік  ұсынады:

  1. 15 жүлдегер (1 орын) 4 жыл оқуға 100% грант алады;
  2. 15 жүлдегер (2 орын) 4 жыл оқуға  50% жеңілдік алады;
  3. 30 жүлдегер (3 орын) 4 жыл оқуға  25% жеңілдік алады.

Мемлекеттік гранттар саны Қабылдау комиссиясының жұмысы кезінде белгілі болады. 

 

Илахунов Дильярдың сұрағы: "Қайырлы күн. Менің колледжден кейін оқуға түсу тәртібін білгім келіп еді.Грантқа түсу мүмкін бе..."         

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қайырлы күн. Менің колледжден кейін оқуға түсу тәртібін білгім келіп еді.Грантқа түсу мүмкін бе?  Қонақ үй және мейрамхана бизнесі саласындағы менеджер  мамандығында оқып жатырмын. Колледжді бітіргеннен кейін оқуымды жалғастырғым келеді.           

 

Жауап: Қайырлы күн! Мемлекеттік гранттар кешенді тестілеу немесе бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша беріледі.

 

 

Жалгастың сұрағы: "Сәлеметсіз бе, мен Алматы қаласындағы ХББ  НЗМ мектебінің оқушысымын..."         

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Сәлеметсіз бе, мен Алматы қаласындағы ХББ  НЗМ мектебінің оқушысымын. Менің университетіңіздің олимпиадасына  қайда және қалай  қатысуыма болады?"           

 

Жауап: Қайырлы күн! «Мега Шанс»  олимпиадасы 26 наурызда өтті.

 

Малик Диасының сұрағы: "Сәлеметсіз бе, мен Алматы қаласындағы ХББ  НЗМ мектебінің оқушысымын..."         

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Сәлеметсіз бе, мен Алматы қаласындағы ХББ  НЗМ мектебінің оқушысымын. Менің университетіңіздің олимпиадасына  қайда және қалай  қатысуыма болады?"           

 

Жауап: Қайырлы күн! Бұл ақпаратты мына телефондар бойынша нақтылауыңызды сұраймыз: 8 (727) 313-30-90 (93).           

 

 

Галахов Дмитрийдың сұрағы: "Сәлеметсіз бе,  «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы бойынша оқу қанша тұрады?"         

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Сәлеметсіз бе,  «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы бойынша оқу қанша тұрады?"     

 

Жауап: Қайырлы күн! Бұл ақпаратты мына телефондар бойынша нақтылауыңызды сұраймыз: 8 (727) 313-30-90 (93).  

 

Батырбаева Диляраның сұрағы: "Сәлеметсіз бе, менің есімім Диляра. Оқу бағасы өзгере ме, айтыңызшы..."         

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Сәлеметсіз бе, менің есімім Диляра. Оқу бағасы өзгере ме, айтыңызшы? Дәлірек айтсам, алдағы жылдары оқуға түскеннен кейін  баға өзгере ме? Әлде ол тұрақты ма?"     

 

Жауап: Қайырлы күн, Диляра! Сұрағыңызға рақмет! Оқудың ақысы тиянақталмаған,  жыл сайын өзгеріп тұрады  ( АЕК –тің өзгеруіне байланысты).

      

Алжанова Акеркеның сұрағы: "Қай мамандықтарға  грант көбірек бөлінеді..."         

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Қай мамандықтарға  грант көбірек бөлінеді? Шығармашылық табыс тілеймін!!!"     

 

Жауап: Қайырлы күн! Статистика бойынша мемлекеттік грант «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығына көбірек бөлінеді.

      

Кожахметов Николайдың сұрағы: "Сәлеметсіз бе! МВА-да оқу қанша тұрады?  МВА-да қашықтықтан оқуға бола ма? "Білім беру саласындағы менеджмент" бағыты бар ма..."         

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Сәлеметсіз бе! МВА-да оқу қанша тұрады?  МВА-да қашықтықтан оқуға бола ма? "Білім беру саласындағы менеджмент" бағыты бар ма? Оқу бағыты (бағдарламасы) мемлекеттік үлгідегі дипломға қалай жазылады? Мысалы, «Білім беру саласындағы менеджмент» бағдарламасы бойынша іскери әкімшілік магистрі бола ма?"     

 

Жауап: Сәлеметсіз бе! МВА-да оқу қанша тұрады?  МВА-да қашықтықтан оқуға бола ма? "Білім беру саласындағы менеджмент" бағыты бар ма? Оқу бағыты (бағдарламасы) мемлекеттік үлгідегі дипломға қалай жазылады? Мысалы, «Білім беру саласындағы менеджмент» бағдарламасы бойынша іскери әкімшілік магистрі бола ма?     

Мемлекеттік саясат және құқық  Жоғары мектебінде   МВА-дің  3 бағдарламасы ашылған: «Білім беру саласындағы менеджмент», «Мемлекеттік сектордағы менеджмент» және  «Коммерциялық емес сектордағы менеджмент».

Бағдарламалар бойынша оқу:

Алматы қаласы тыңдаушылары үшін – 2 000 000 теңге

Өңірлер үшін – 2 400 000 теңге

Оқуды бітіргеннен кейін 2 диплом беріледі:

  1. «Іскери әкімшілік магистрі» дәрежесі берілгені туралы   мемлекеттік үлгідегі диплом
  2.  «Алматы Менеджмент Университеті»  ББМ  «Білім беру саласындағы менеджмент»/«Мемлекеттік сектордағы менеджмент»/«Коммерциялық емес сектордағы менеджмент» мамандануы бойынша  диплом беріледі .

Оқу түрі:

-Алматы қаласы үшін – модульді+қашықтықтан

-өңірлер үшін – модульді ( оқу ай сайын өтеді, айында 3 күн (жұма, сенбі, жексенбі)  09:00-ден  18:00-ге дейін)

-сонымен қатар қашықтықтан оқу түрі де қарастырылған (ай сайын).

 

Артелова Мадинаның сұрағы: "Сәлеметсіз бе. Мен Қырғызстанда тұрамын. Қазір 11 сыныпты бітіріп жатырмын.  Сіздің  ЖОО-ға  оқуға осында..."         

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Сәлеметсіз бе. Мен Қырғызстанда тұрамын. Қазір 11 сыныпты бітіріп жатырмын.  Сіздің  ЖОО-ға  оқуға осында, Қырғызстанда  қалай түсе аламын. Оқуға түсерде ҰБТ тапсырамын ба? Менің қалай грант алуыма болады? "     

 

Жауап: Қайырлы күн! Aлматы Менеджмент Университетіне Қабылдау комиссиясының  жұмысы кезінде 20 маусымнан 28 тамыз аралығында құжат тапсырып, түсе аласыз. Шетелдік талапкерлер үшін ҰБТ тапсыру міндетті емес. Мамырда  ішкі гранттар алуға конкурс  өтеді, біздің жаңалықтарды сайттан немесе әлеуметтік желілерден қарап, біліп тұрыңыз. 

 

 

Янчевская Христинаның сұрағы: "Сәлеметсіз бе, маркетинг бағдарламасы бойынша  қашықтықтан оқимын, 2-ші жоғары, оқыту жүйесі жақсартуды қажет етеді, білгім келетіні, неге біздің тапсырмаларымыз басқа факультеттердің тапсырмаларымен бірдей..."         

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Сәлеметсіз бе, маркетинг бағдарламасы бойынша  қашықтықтан оқимын, 2-ші жоғары, оқыту жүйесі жақсартуды қажет етеді, білгім келетіні, неге біздің тапсырмаларымыз басқа факультеттердің тапсырмаларымен бірдей, неге  қаржы сияқты  пәндер  берілген және  оқу жүктемесі 1-ші жоғары білімі жоқтарға мүлдем есептелмеген. Тапсырмалар таңдаған сала бойынша ешқандай дамуға көмек бермейді, менің айтып отырғаным - қаржы, сонымен қатар мәні жоқ көлемі көп тапсырмалар, оның үстіне оқытушылар форумда бәріне жауап бермейді. Көбінің сұрақтар қоюға ынтасы да қызығушылығы да  жоғалды."     

 

Жауап: Сәлеметсіз бе, хабарласқаныңызға рақмет. 

Оқу материалдарының мазмұны бойынша сізге Виртуалды білім беру бөліміне хабарласқаныңыз дұрыс.

Тел. 313-30-89, ВБББ басшысы  Кенжебаева Зауре Бахытовна.     

 

Есмагамбетов Жаксылыктың сұрағы: "«Баға» мамандығы  бойынша оқу ақысы қанша тұрады?"         

ТОЛЫҒЫРАҚ

"«Баға» мамандығы  бойынша оқу ақысы қанша тұрады?"     

 

Жауап: Қайырлы күн! Бұл ақпаратты мына телефондар бойынша нақтылауыңызды сұраймыз: 8 (727) 313-30-90 (93). 

     

Акопова Софияның сұрағы: "Сәлеметсіз бе, менің сіздерге ерекше сұрағым бар. Мен   Грузияда тұрамын, сіздерге түскім келеді..."         

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Сәлеметсіз бе, менің сіздерге ерекше сұрағым бар. Мен   Грузияда тұрамын, сіздерге түскім келеді. Былтыр сіздерге Грузиядан студент керек болғанын білемін. Биыл сондай мүмкіндік бола ма?"     

 

Жауап: Қайырлы күн! Қабылдау комиссиясы жұмысын 20 маусымнан  28 тамыз аралығында жүргізеді, сұрақтарыңыз  болса  Bachelor@almau.edu.kz поштасына жазыңыз.

 

Сладкевич Маринаның сұрағы: "Сәлеметсіз бе! Оқуға түсу үшін  қашықтықтан дайындалуға мүмкіндік бола ма?"         

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Сәлеметсіз бе! Оқуға түсу үшін  қашықтықтан дайындалуға мүмкіндік бола ма?"     

 

Жауап: Сәлеметсіз бе, сұрағыңызға рақмет. Сіз Виртуалды білім беру бөлімімен байланысып, оқуға түсу бойынша нақтырақ білуіңізге болады.

Телефоны – 313-30-89 , Виртуалды білім беру бөлімінің басшысы  Кенжебаева Зауре Бахытовна.

 

Шамшат Бекжанның сұрағы: "Сәлеметсіз бе! Мен Қызылордадағы НЗМ оқушысымын. Менің сіздердің университеттеріңізге  түскім келеді  әрі ..."         

ТОЛЫҒЫРАҚ

"Сәлеметсіз бе! Мен Қызылордадағы НЗМ оқушысымын. Менің сіздердің университеттеріңізге  түскім келеді  әрі «Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі» мамандығы бойынша жылда қанша грант  бөлінетінін білгім келеді."     

 

Жауап: Қайырлы күн! ҚР БҒМ бөлетін мемлекеттік грант саны жылда өзгеріп тұрады, оқу ақысы туралы Қабылдау комиссиясына телефон соғып нақтылай аласыз: +7 (727)313-30-90    

 

Абдыкеримова Мариамның сұрағы: «Құрметті Асылбек Базарбайұлы! Құрметті әріптестер! Басқа республикада тұратын адамдардың сіздерде өткізілетін біліктілікті  қалай қатысуларына ...»

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Құрметті Асылбек Базарбайұлы! Құрметті әріптестер! Басқа республикада тұратын адамдардың сіздерде өткізілетін біліктілікті арттыру курстарына қалай қатысуларына болады?

Бішкек қаласында өткізілген конференцияда жасаған баяндамаңыз үшін сізге алғыс білдіруге рұқсат етіңіз! Сіздің жетістіктеріңіз ұшан теңіз екендігін атап айтқым келеді! Жаңашылдық жасап жеңіске жету үшін шабытыңыз арта берсін!»

Жауап: 

Құрметті Абдыкеримова Мариам,  біздің AlmaU Президентінің атына айтқан жылы  лебізіңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Университетіміздің біліктілікті арттыру курстарына қатысу үшін төмендегі мекен жайға, байланыс телефондарына хабарласуыңызға болады, сізге қажетті деген курстар мен бағдарламалар туралы ақпараттар береміз.

Сізді  және сіздің жақындарыңызды AlmaU-да күтеміз!

 

+7 (727) 313-28-45, +7 (701) 515-40-67 — Айсана Абди

+7 (727) 313-30-66, +7 (771) 552-78-57 — Екатерина Максимова

+7 (727) 313-28-64, +7 (705) 766-46-46 — Марина Образцова

Жұмыс күндері: сағат 9:00 -18.00

Еmail: seminar@almau.edu.kz, training@almau.edu.kz

ҚР, Алматы қ., 050060,  Розыбакиев к-сі, 227

Almaty Management University

 

 

Ольганың сұрағы: «Сәлеметсіздер ме! Егер 1 курста МЕК –те тарих пәнінен 4 деген баға алып, ал қалған 3 жыл уақытында ...»

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Сәлеметсіздер ме! Егер 1 курста МЕК –те тарих пәнінен 4 деген баға алып, ал қалған 3 жыл уақытында 4 пен 5-ке үштік бағасыз оқып, қызыл диплом алу үшін МЕК-ті қайта тапсыруға бола ма?»

 

Жауап: 

Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың Типтік ережесінің 86 пунктіне сәйкес (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген) ««Қазақстанның қазіргі заман тарихы/Қазақстан тарихы» пәндерінен мемлекеттік емтиханда алынған  бағаны жоғарылату үшін емтиханды қайта тапсыру рұқсат етілмейді».

Өкінішке орай мемлекеттік емтиханды қайта тапсыру мүмкін емес.
 

Еленаның сұрағы: «Кеш жарық, көптеген жоғары оқу орындары  (оның қатарында AlmaU-да бар) әртүрлі аккредитациядан өтіп атақ алып, барлық істі  KPI арқылы шешетіндіктен, олар  ғылымның "шамшырағы" болудан қалып, стандартты талаптарға жауап беретін, тек жүйеге сәйкес келетін...»

 

ТОЛЫҒЫРАҚ

«Кеш жарық, көптеген жоғары оқу орындары  (оның қатарында AlmaU-да бар) әртүрлі аккредитациядан өтіп атақ алып, барлық істі  KPI арқылы шешетіндіктен, олар  ғылымның "шамшырағы" болудан қалып, стандартты талаптарға жауап беретін, тек жүйеге сәйкес келетін,  орта деңгейлі мамандар  "өндіретін" зауытқа айналуда.

Ж.Бодрийярдың  «Симулякрлар мен симуляциялар» атты кітабында бұл жағдай жақсы жазылған.

Университетте «үйретуші» мен  «үйренуші» тек белгілермен (біліммен,мәдениетпен)  ғана алмасып отырады, соңғы уақытта екі тарапта да немқұрайлылық байқалуда  (белгілердің индифференттігі, бұл қоғамда және адамдардың қарым қатынасында салқындық тудырады), екі еселенген симулякрлі психодрама (жылулық қажет,  эдипальді алмасу бар, педагогикалық инцесті, босқа жұмсалған білім мен еңбектің орнын толтыруға тырысады). Бұл жағдайда университет үмітсіз бастама жайтын орын, бос құндылыққа үйрететін жер болып табылады, көп жыл бұл жұмысты істегендер мұндай «білімсіздік» және «еңбексіздікпен» таныс.

Сіздер  студентті белгісіз менеджмент, маркетинг, қаржы   және тағы басқа жасанды ғылымдардың  "қара түнегіне"  жібермес бұрын, сыни ойлау және аргументті полемика тәрізді дәрістерді оқытып, яғни екпе жұмыстарын  жасап барып жіберген дұрыс болатын шығар деп ойламайсыздар ма?»

 

Жауап: 

Кеш жарық!

Қазіргі таңдағы өзекті мәселені көтергеніңіз  үшін рақмет.

БМ «Алматы Менеджмент Университетінде»  құзіреттіліктің бірегей моделі жасалған, ол 7 блоктан тұрады, AlmaU оқу бағдарламаларының  блоктары  (Я-блоки) деп аталады.

1-ші блок. Базалық құзіреттілік

2-ші блок. Кәсіпкерлік құзіреттілік

3-ші блок. Басқару

4-ші блок. Кәсіби білім мен машықтар, дағдылар

Аталған осы блоктың пәндері белгілі кәсіптің білікті мамандарын қалыптастырады. Экономист, заңгер, бухгалтер және тағы басқалар. Бұл жерде біздің студенттеріміз кәсіби тұрғыда білім алып, кәсіби дағдыларды меңгеретін болады. Ең бастысы AlmaU түлегі бәсекеге қабілетті және халықаралық деңгейдегі маман болып шығады.

5-ші блок. Жеке тұлғалық құзіреттілік.

   Мұндағы барлық пәндер студенттің жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған. AlmaU серіктестерінің бірі, қонақ үй басшысы студенттермен кездесу кезінде, ол жұмыс беруші ретінде өз қызметкерлерінің жеке тұлғалық қасиетін кәсіби біліктіліктен жоғары қоятындығы туралы айтқан еді. Бұл жағдайды құстың екі қанатымен салыстыруға болады. Оның бір қанатында кәсіби, ұйымдастырушылық және тағы басқа қабілеттері тұрса, ал екінші жағында жеке қасиеттері тұрады. Құс тек бір қанатымен ұша алмайды. Адам да сол тәрізді, жақсы кәсіби білікті маман болып, бірақ адамдармен тіл табыса алмаса, дауласқыш болса, әділ бола білмесе ондай адам ешқашан жетістікке жете алмайды.

    Сіз «студенттерге сыни ойлау» және «аргументті полемика» тәрізді дәрістерді оқытып алдын ала екпе жұмыстарын жүргізу қажет» деп атап көрсетіпсіз. Студенттердің жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту маңызды болғандықтан біз бұл блокта «Сыни ойлау», «Офраторлық өнер», «Service learning», «Көшбасшылық» және т.б. пәндерді оқытамыз.

6-шы блок. Жобалау менеджменті

Біз түлектердің әдеттегідей  жазатын диплом жұмыстарынан бас тартып, диплом жобаларын жасауға көштік. Студенттердің көпшілігі белгілі бір кәсіпорынның нақты бизнес-міндетін шешетін тапсырыстарды орындайтын болады.

7-ші блок. Бұл тәжірибелік машық,  дағдылар. Біздің студенттеріміз әр курсты аяқтаған соң мамандықтары бойынша компанияларға барып тәжірибеден өтіп, іс жүзінде кәсіби тұрғыдан машықтанып үйренетін болады.

Сонымен қатар мамандықтары бойынша кейбір арнайы пәндері «дуальді оқыту» бойынша жүргізіледі, мұнда сабақ тікелей кәсіпорында өткізіледі.

Осындай оқытулардың нәтижесі бойынша университетті  аяқтаған студенттер бірден "қара түнекке"  бармай, өздері үйренген, білетін кәсіпорынға түсетін болады.

Осылайша біз сіздің көзқарасыңызды қолдаймыз, студенттерді тек кәсіби білікті етіп қана қоймай, оны жан-жақты етіп:  ақыл интеллектісі (IQ),  эмоционалды интеллект (EQ), физиологиялық интеллект (SQ), рухани  интеллект (SQ) тұрғысынан оқытып үйрету қажет екендігін түсініп, осындай жұмыстар істеудеміз.