AlmaU адамдар

Акимбекова Гульзира Шардарбековна

Доцент, Тiлдердi дамуты Орталығы

ТОЛЫҒЫРАҚ
  • AlmaU мен үшін келешегі кемел, алып арман жетегінде пайда болған мақсаттар орындалатын білім ордасы дегенді білдіреді.
  • Әрине, шетелде тағылымдамадан өткеннен кейін жеке және кәсіби өмір өзгере бастайды. Әсіресе, маман ретінде мемлекет алдындағы жауапкершілікті сезінесің, себебі ол саған артылған үлкен жүктеме. Өз елінің, өз университетінің өкілі ретінде жүріп шетелдік тағылымдамадан жинаған білім қоржыныңмен бөлісу, оның пайдасы өскелең ұрпақтың  интеллектуалдық немесе жеке дара өсуіне септігін тигізсе, ол Болашақтан кейінгі өміріңіздің нәтижелі көрсеткіштерінің бірі болып саналады.  Әрі тағылымдамада кәсіби біліктілігі жоғары тұлғалармен бүгінгі күнге дейін тәжірибе алмасып,  байланыс жасап тұруға мүмкіндік берді.
  • Әрине, бар. Әрбір адамның өзіне ғана мәлім жазылмаған ережелері болады. Ол ережелер уақыт келе үнемі толықтырылып отырады.
  • Адам өзінің таңдап алған жолы бар, сол өзінің өмірлік және кәсіби жолында үздіксіз оңтайлы шешімдерді қабылдап, оны әрі жүзеге асырумен өткізеді деп ойлаймын. Жүзеге асқан оңтайлы шешімдер өмірлік және кәсіби жолыңызға жақсы жағынан әсер етсе, онда ол шешімдердің пайдасы тиді деген сөз.

 

Тастандиева Нуржамал Бурибаевна

Э.ғ.к., «Экономика және Қызмет көрсету» кафедрысының доценті 

ТОЛЫҒЫРАҚ
  • Алматы Менеджмент Университеті маған оқытушылық шеберлігімді шыңдай түсті, мен өзімді басқа қырымнан таныдым.
  • Болашаққа дейін – біршама нәрселерді тек көп оқу арқылы ғана білімімді арттырумен болдым. Болашақтан кейін – оқытушы болумен қатар кәсіпкер де болуға болатынына көзім жетті. Айналаңдағы адамдармен тез араласып, тез пікірлесуді уйрендім.
  • Басты принципім: «Оқу, оқу және оқу»; «Білгенімді өзгеге үйрету, білмегенімді өзгеден үйрену».
  • Коммуникабелді болу, топпен жұмыс істеу. Бұл шешім өмірге көзқарасымды өзгертті.