Жаңалықтар

Мамыр 23, 2018

ХIV жыл сайынғы «МегаШанс» Республикалық олимпиадасының қорытындылары

ХIV жыл сайынғы «МегаШанс» Республикалық олимпиадасының қорытындылары

Құрметті талапкерлер мен ата-аналар!

Алматы Менеджмент Университеті 

ХIV  жыл сайынғы «МегаШанс» Республикалық олимпиадасының

қорытындыларын жариялайды және ЖЕҢІМПАЗДАРДЫ  құттықтайды!

 «МегаШанс» олимпиадасы  2004 жылдан бері өткізіледі. Жыл сайын Университет  дарынды талапкерлерге оқу үшін  гранттар мен жеңілдіктер алуға мүмкіндік береді!

2017 жылы  олимпиадаға  бүкіл Қазақстан мектептері мен колледждерінен  800-ден  астам түлек қатысты.

Барлық турлардың қорытындысы бойынша Конкурс комиссиясы 60 жеңімпаз бен жүлдегерді анықтады, олар Алматы Менеджмент Университетінде оқуға 100% , 50%  және 25%  гранттар мен жеңілдіктерге ие болды!

«МегаШанс» олимпиадасының гранттары мен жеңілдіктері :

  • 1 орын - 15 жеңімпаз - 100% грант 4 жыл оқуға;
  • 2 орын - 15 жүлдегер - 50% жеңілдік 4 жыл оқуға;
  • 3 орын - 30 жүлдегер - 25% жеңілдік 4 жылға.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! 4 жыл оқуға гранттар және жеңілдіктер үлгерімге қойылатын талаптарды  ( GPA деңгейі ) сақтаған  жағдайда беріледі!

AlmaU тағы да  ХIV жыл сайынғы «МегаШанс»  Республикалық  олимпиадасының жеңімпаздарын құттықтайды және Сіздерді 20 маусымнан 30 шілдеге дейін Қабылдау комиссиясында күтеді!

МАҢЫЗДЫ! «МегаШанс» олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері құжаттарын Қабылдау комиссиясына 2018 жылдың 30 шілдесінен кешіктірмей өткізулері керек!

Олимпиада қорытындыларымен  ОСЫНДА  танысуларынызға  болады

Алматы Менеджмент Университетінің басқа гранттарымен  және  жеңілдіктерімен  Қаржылық қолдау - https://priem.almau.edu.kz/index.php?page=finansovaya-podderzhka-3-   парақшасында таныса аласыздар.

Барлық қатысушыларға ескертеміз, біздің Университетімізде оқуға Сіздің ӘРҚАЙСЫҢЫЗДЫҢ ШАНСЫҢЫЗ  бар!

Қосымша ақпарат мына телефондар бойынша:

+7 (727) 313 30 90 (93)

 

Бөліс: