Әкімшілік

 

 

Кожахметов Асылбек Базарбаевич

Президент

Іскер әкімшілік докторы (2011)

Тел.: (727) 313 40 59

Эл. пошта: assistant@almau.edu.kz

Толығырақ

Ол Қазақстандағы - алғашқы бизнес мектептің -Алматы менеджмент мектебінің негізін қалаушы және президенті.

Ол қазақстандық және шетелдік журналдарда жарияланған менеджмент пен білім беруді дамыту бойынша 70-тен астам еңбектің авторы. «Қазақстандағы ішкі көші-қон: шешім іздеуде» атты кітаптың бірлескен авторы (2010). Асылбек Қожахметовтың редакциясымен келесідей кітаптар жарық көрді: «Шаңырақ оқиғалары» 14.07.2006: құжаттар мен фактілерде»(2012) және «Қазақстан кәсіпкерлігі жайлы аңыздар»(2016). Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

 

Кәсіби қызмет жолы:

1989-1996 жылдары-Алматы менеджмент мектебінің (АШМ) негізін қалаушы, бас директоры.

1996-2002, 2009-2014 жылдары - Халықаралық Бизнес Академиясының (ХБА) негізін қалаушы және президенті.

2014 - жылдары -Алматы Менеджмент Университетінің (AlmaU) негізін қалаушы және президенті.

1994-2003 жылдары -Оталық Азия менеджментті дамыту қорының (CAMAN) президенті. 1998-2003 жылдары – “INTERMAN” – Дүниежүзілік басқаруды дамыту ұйымының мүшесі.

1999-2002 жылдары -Қазақстан өнеркәсіпшілері одағы Кеңесінің мүшесі, Қазақстан кәсіпкерлер форумы кеңесінің мүшесі. 1999-2002жылдары –басқарушылық жылдары-басқарушылық білім сапасы бойынша Еуропалық ұйым кеңесінің мүшесі (EQUAL). 2002-2003 жылдары-ҚР Білім беру жүйесін дамыту жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары. 2015 ж. - CMC басқару бойынша сертификатталған кеңесші. 2015 ж. - KFMD – Қазақстандық менеджментті дамыту қорының  тең төрағасы. 2017 ж. - Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрметті профессоры. 2017 жалдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «ҚР кейбір заңнамалық актілерге жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасының жұмыс тобының мүшесі. 2017 жылдан -  Орталық Азия бойынша CEEMAN вице-президенті.

 

Қоғамдық жұмыстары:

1998-2002 жылдары – «Сорос – Қазақстан» Қорының басқарма мүшесі. 2007-2014 жылдары - «Шанырак» РҚБ төрағысы. 2009-2010 жылдары - ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы бағдарламасы бойынша мемлекеттік қаражаттың жұмсалуын бақылау жөніндегі Республикалық Қоғамдық кеңестің мүшесі. 2009-2011 жылдары - «НҰР ОТАН» ХДП әлеуметтік жанжалдарды қарау және шешу жөніндегі Қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары. 2011-2012 жылдары-Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін жетілдіру мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңестің мүшесі. 2014ж.-ҚР БҒМ жанындағы Жоғары оқу орындарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің мүшесі. 2016 ж. – Жер мәселелері жөніндегі Үкіметтік комиссияның мүшесі. 2018-2020 жылдары - «Қазақстанның  Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті. 2019 жылдан -Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. 2019 жылдан - «Аспандау» ҰҚ  басқарма мүшесі. 2020 жылдан - «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ кеңесінің мүшесі. 2020 жылдан-БҰҰ Жаһандық Кеңесінің  мүшесі PRME (United Nations Principles for Responsible Management Education).

 

Марапаттары мен атақтары:

  • АҚШ-тың «People to People International» халықаралық ұйымының «Факел Бирменгам» марапаты (1997)
  • «Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі» белгісінің иегері (1998)
  • Баян –Өлгей аймағы медалі, Моңғолия (2010)
  • Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерекелік медаль (2011)
  • «Құрмет» ордені (2013)
  • «Іске адалдығы үшін» ІІ және І дәрежелі  «Атамекен» ҰКП ордені (2013-2014)
  • «Институционалдық басқару» санатындағы CEEMAN Champions Award атты менеджментті дамытудың  Халықаралық қауымдастығының марапаты (2014)
  • Қырғыз Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының құрметті профессоры (2017).
  • ҚР БҒМ «Ы. Алтынсарин» төс белгісі
  • «Білім беруді қолдағаны үшін» номинациясында «Алтын жүрек» ұлттық сыйлығы (2018 ж.)
  • «Туған өлке» номинациясында «Жомарт жүрек» жүлдесінің иегері (2019)

 

 

Сулейменов Ербол Зинаддинович

Ректор

Тел: +7 727 313 30 77

Эл. пошта: secretary2@almau.edu.kz

 

 


 

ТОЛЫҒЫРАҚ

Манчестер университетінің түлегі, Ташкент мемлекеттік университетінің және Өзбекстан ұлттық университетінің түлегі. Қазақстан ұлттық   жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Өзбекстан Республикасы Инновациялық даму министрінің сыртқы кеңесшісі.

Қазақстанда және басқа да ТМД елдерінде мемлекеттік саясат, маркетинг, жүйелік талдау және сандық модельдеу саласында академиялық және практикалық тәжірибесі бар. Халықаралық ұймдармен жұмыс жасаған:  Дүниежүзілік банк, БҰҰДБ, Азия даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі.

Ғылымды зерттеуге және коммерциализациялауға бағытталған заңдарды дайындауға қатысқан. Жасыл технологиялар мен климатты қорғауға байланысты аймақтық ШТИ (шетелдік тікелей инвестициялар) жобаларын жасауға атсалысқан.

Е.Сүлейменов Thomson Reuters және Springer сияқты әлемдік ақпараттық ресурстардың жетекшілерімен алғашқы (ТМД елдерінің арасында) келісім жасауда  бастамашы болды. Ол алғашқылардың бірі болып библиометрия және дәйексөздерді талдау сияқты құралдарды Орталық Азия аймағындағы мемлекеттік ҒЗТКЖ саясатына енгізді.

Ел үшін үлкен маңызы бар жобалар жасауға қатысуда: Қостанайдың индустриалды аймағында астық өңдеу зауытының құрылысы, Allur Group үшін қытай-қазақстан инвестициялық жобасы, халықаралық жасыл технологиялар орталығы және АХҚО-ның инвестициялық жобасы (Астана халықаралық қаржы орталығы), Астана қаласындағы аймақтық мемлекеттік қызмет хабы (БҰҰДБ) және басқа да инновациялық жобаларға қатысқан.

 

Кәсіби қызмет жолы:

2011-2013 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары.

2014 - ҚР Ғылым қорының президенті және бас атқарушы директоры (2014).

2015-2016 - Астана қаласындағы Мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық хаб хатшылығының жетекшісі және БҰҰДБ «Астана қаласындағы аймақтық хаб мемлекеттік қызметін институционалды қолдау» жобасының жетекшісі.

2016 – Қазақстан  Республикасы Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық зерттеулер және талдау орталығының жетекшісі.

2017 ж. - БҰҰДБ елдік кеңсесінің жасыл жобалар жөніндегі кеңесшісі.

2017-2018 - «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы төрағасының орынбасары.

2017-2018 - Kazakh Invest ұлттық компаниясының Қостанай облысы бойынша аймақтық директоры.

 

Е.Сүлейменов математика ғылымдары бойынша докторлық дәрежесі бар, АҚШ-тың Ғылым академиясында халықаралық ғылыми тағылымдамадан өтіп, көптеген ғылыми және зерттеу  форумдарына, семинарлар мен конференцияларға қатысты. Ол бірнеше кітаптардың және көптеген мақалалардың авторы, соның ішінде ЮНЕСКО-ның Қазақстанға арналған ғылыми есебі (2020), БҰҰДБ-ның Қазақстандағы адам дамуы туралы ұлттық есебі (2004, 2006).

Ол ағылшын, қазақ, өзбек және түрік тілдерін жетік біледі.

 

Алмагүл Медихатқызы Қанағатова 

Бірінші проректор, Білім беруді дамыту Институтының директоры

Тел: +7 727 313 30 51

Эл. пошта: almagul.kanagatova@almau.edu.kz

 

толығырақ
Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің философия-экономика факультетін бітірген. «Болашак» халықаралық бағдарламасының түлегі (2013 ж.).

Біраз жыл Алматы мен Астана қалаларындағы Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінде жұмыс істеді: директордың тәрбиелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, гуманитарлық факультеттің деканы, тәрбие жөніндегі проректор, құқық қорғау органдары факультетінің деканы. Халықаралық Бизнес Академиясында – ғылым және даму жөніндегі проректор, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымында (ДББҰ) – адами даму жөніндегі департамент директоры, 2016 жылдың 1 наурызынан 2017 жылдың 1 тамызына дейін – AlmaU ректоры.

Жастар саясаты, культурология, білім беру философиясының өзекті мәселелері бойынша 70 мақаланың авторы. «Философия», «Культурология» атты оқу құралдарының авторы, автор монографий: «Қазіргі жастардың құндылықтары», «Қазақстанның қазіргі жастарының рухани-адамгершілік мәдениеті: философиялық-культурологиялық талдау». Орыс және қазақ тілдерінде 10,11, 12 сыныптар үшін 12-жылдық білім беруге арналған: «Адам. Құқық. Мемлекет» атты экспериментальді оқулықтар мен үлгілік бағдарламалардың авторы.

«International Journal of Business, Behavioral and Social Sciences» халықаралық журналдың редакциялық алқасының мүшесі. Қазақстанның Іскер Әйелдері Қауымдастығының мүшесі. Қазақстан кәсіпкерлік жоо-лары Қауымдастығының төрайымы. «Сколково» 14 Ректорлар мектебінің түлегі: «Университет трансформациясын басқару», 2018ж.

Наградалары мен атақтары: «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», ҚР БҒМ-нің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, «ҚазМЗУ құрметті қызметкері», «ҚР-ның үздік оқытушысы-2013».

  

Руслан Төлегенович Қожахметов
Корпоративтік даму жөніндегі Проректор

DBA

Тел.: 8 (727) 313 30 77  
Факс: 8 (727) 302 21 21
Эл. почта: Ruslan.Kozhakhmetov@almau.edu.kz

 

 

толығырақ

Іскерлік басқару докторы (Халықаралық бизнес академиясының және Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы Ресей академиясының бірлескен бағдарламасы).Сонымен қатар Global Executive MBA (London Business School, Columbia Business School, HKU Business School және University of California Berkeley орталығының) бітірушісі.

Жеке меншік компанияларда және өз бизнесте басшылық қызметтерде жұмыс істеуге тәжірибесі 16 жыл.

Йорк кәсіпкерлікті дамыту институтының «Problem as aspiration» журналының редакцияық коллегиясының мүшесі болып табылады. Отбасылық бизнес және білім туралы арналған мақалалардың авторы.