2024 жылдың 24 қыркүйегінде Алматы Менеджмент Университетіне (AlmaU) North China University of Water Resources and Electric Power (NCWU) және University of International Business and Economics (UIBE) өкілдері келді. Делегацияның құрамында Қытай университеттеріне кеңес беру компаниясының бас директоры Чжао Хунбо және UIBE-тің деканы Сун Цзянь болды.
NCWU – Чжэнчжоу қаласында орналасқан провинциялық деңгейдегі мемлекеттік жоғарғы оқу орны. Университет – жергілікті билік пен Қытайдың Су ресурстары министрлігінің қамқорлығында. Сонымен қатар Хэнань провинциясының білім беру жүйесінде маңызды орын алады. Аталмыш университетті инженер және саясаткер, Қытайдың су ресурстарының министрі Э Цзинпин және Аньхой провинциясының губернаторы Ли Гоин бітірген.
Халықаралық бизнес және экономика университеті (UIBE) – Қытайдың жетекші мемлекеттік университеттердің бірі болып табылады. 1951 жылы негізін қалаған университет Пекиндегі Чаоян қаласында орналасқан. Ол экономика және халықаралық сауда бойынша білім берудің маңызды орталығы. UIBE Қытайдың Білім министрлігі мен Сауда министрлігінің тарапынан қаржыландырылады. Қытай банкінің бұрынғы бас директоры Ли Цзиньбао, Шанхайдың мэрі Гонг Чжэн және басқа да көптеген танымал адамдар UIBE-дің түлектері.
Қытай қонақтарының сапарының басты мақсаты – Қазақстандағы жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық орнату, бірлескен білім беру бағдарламаларын ашу және Қазақстан университеттерінің Қытайда өкілдіктерін құруды талқылау болды.
Кездесуде AlmaU-дың жаһандық серіктестіктер жөніндегі проректоры Шолпан Тазабек университеттің басты жетістіктерімен, қазіргі жобаларымен және бастамалармен таныстырды. Сондай-ақ. Қытайдан келген қонақтарға AlmaU-дың кампусы бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
AlmaU – жаңа мүмкіндіктер мен серіктестіктерге ашық университет. Біз, келген қонақтарды қуана қарсы аламыз және табысты ынтымақтастық орнатуға ұмтыламыз.