Жаңалықтар

Ақпан 04, 2019

AlmaU «Microsoft Partner Network қатысушысы» мәртебесін алды

2019 жылдың 4 ақпанында AlmaU «Microsoft Partner Network қатысушысы» мәртебесін алды.

Microsoft Partner Network немесе MPN — Microsoft корпорациясының  ақпараттық технология саласы бойынша әлемдік деңгейдегі серіктес бағдарламасы және ол Microsoft өнімдерін ұсынады. Серіктес  бағдарламаның қатысушылары ретінде -жүйелік интеграторлар, құрал жабдық  өндірушілер, компьютерлік бағдарламаларды  жеткізушілер, VAR, байланыс операторлары, хостингтік және маркетингтік компаниялар, жоғары оқу орындары қатысуы  мүмкін.

Серіктес  бағдарлама  аясында Microsoft Imagine Academy мәртебесі алынды. Ол оқытушылар мен студенттерге корпорацияның кәсіби құралдарын ұсынады және өздеріне тіркеліп, жазылған мекемелерге  түрлі  компьютерлік бағдарламалар бойынша қызмет көрсетеді. Білім алу барысында жаңа технологияларды қолдана отырып,  университет барлық мамандықтағы  студенттерін ынталандыратын, компанияның соңғы өнімдерін  пайдалана алады.

Microsoft Imagine (бұрынғы DreamSpark және MSDN-AA) — Microsoft корпорациясының бағдарламасы. Ол студенттер мен магистранттарға әртүрлі компьютерлік бағдарламалар мен жобаларды тегін істеуге жағдай жасайды.  Microsoft Imagine Academy педагогтарға техникалық дағдыларды меңгеруге көмектеседі және оқушыларға болашақта табысты қызмет істеу үшін  кәсіби сертификаттар алуға мүмкіндік береді.

Microsoft — әр түрлі есептеуіш техникалар, дербес компьютерлер, ойын құралдары, КПК, ұялы телефондарға арналған жекеменшік бағдарламалармен қамтамасыз ететін ірі трансұлттық компаниялардың бірі. Қазіргі уақытта Windows операциялық жүйелерінің бірі болып саналатын әлемде кең таралған бағдарламалық платформаны жасайтын корпорация.

Microsoft өнімдері әлемнің 80-нен астам елінде сатылады, оның бағдарламалары 45-тен астам тілге аударылған.

Компанияның Штаб-пәтері АҚШ-тағы  Вашингтон штатының Редмонд қаласында орналасқан.

Бөліс: