Жаңалықтар

Қаңтар 16, 2019

Қазақстанда оқы - AlmaU-да оқы!

Almaty Management University   шетелдік талапкерлерге арнап жыл сайын өткізетін  «MegaChance» байқауына қатысу үшін  тіркеу басталатындығын хабарлайды!

MegaChance – AlmaU-да білім алу үшін 50-100 % грант немесе жеңілдік алу  мүмкіндігін береді!  

 

НАЗАР  АУДАРЫҢЫЗДАР!  Құжат қабылдау 2019 жылдың 1 ақпан-10 мамыр аралығында жүргізіледі!

Байқаудың шарттары:

1 тур – Қатысушы портфолиосы

  1. Жеке куәлік /паспорт
  2. Аттестат (орташа балл)
  3. Тілді меңгергендігі туралы IELTS, TOEFL халықаралық сертификаты (бар болған жағдайда)
  4. Кепілдеме хат
  5. Соңғы 2 жылда алған сертификаттары  (әртүрлі салада  жеткен елеулі жетістіктері: білім, спорт, шығармашылық, қоғамдық өмір және т.б.)

2 тур – Бейне эссе (бір тақырыпты таңдап алу)

Бакалавриат:

Тақырыптар:

  1. Оқудан басқа өзіңіз үшін маңызды болып табылатын жетістігіңіз туралы айтыңыз.
  2. Сіз көптеген  қажетті  істермен айналысып  жүргеніңізді білеміз, соның ішінде өзіңізге ұнайтын істер жайлы айтып беріңіз.
  3. Өзіңіздің айналаңыздағылар жайлы айтыңыз: мысалы, өз отбасыңыз, мектеп, қоғам, қала туралы. Осы айналаңыздағылар сізді және сіздің арманыңызды қалай қалыптастырғандығы жайлы айтуыңызға болады.
  4. Сіз  немен айналысасыз? Сүйікті ісіңіз сізге несімен қызықты? (хобби, жеке жоба және т.б.)
  5. Білім алу үшін сіз не себепті Қазақстанды және  AlmaU-ды таңдадыңыз?

Магистратура:

Тақырыптар:

  1. Өзіңізді ойландырып жүрген мәселені қалай шешкендігіңізді немесе қалай шешуге болатынын сипаттап жазыңыз. Бұл зияткерлік тұрғыдағы жұмыс, зерттеу жұмысы, этикалық дилемма болуы мүмкін. Ең бастысы сіз үшін маңызды болуы тиіс.
  2. Өз еліңіздің немесе отбасыңыздың мәдениеті аясында балалық шақтан  ересек  өмірге өтуіңізді  білдіретін  шынайы немесе формальды сипаттағы  оқиғаларды болмаса жетістіктеріңізді  сипаттаңыз.
  3. Егер сіз TED talk-те сөз сөйлейтін болсаңыз не туралы айтар едіңіз?
  4. Адамдармен жұмыс істеу барысында немесе  араласып сөйлескен кезде сізге ерекше әсер қалдырған  тәжірибе, ой туралы айтыңыз. Алғаш естігенде қандай күйде болдыңыз және оны жүзеге асырдыңыз ба әлде жүзеге асырмадыңыз ба?
  5. Сіздің ойыңызша AlmaU –дың магистратура бағдарламасында білім алудың қандай артықшылығы бар? 

*Міндетті талаптар: бейнебайнды  facebook немесе Instagram-ға салып,  аккаунт almau_edu хэштег: #megachance2019 #хочувalmau

Креативті және шығармашылық жұмыстарды құптаймыз, қолдаймыз

**Бейнебаянға қойылатын техникалық талаптар:

Видеоның форматы– MP4.

Ұзақтығы - 3 минутқа дейін.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Байқаудың комиссиясы «Selfie» форматын қарастырмайды.

3 тур – Онлайн-әңгімелесу

1 және 2 турдан өткен барлық қатысушылармен онлайн-әңгімелесу өткізіледі*

  • Әңгімелесуді таңдаған мамандығыңыздың Мектеп декандары жүргізеді.

«MegaChance»  байқауына қатысып- әлемдік деңгейдегі әлеуметтік жауапкершілігі жоғары кәсіпкерлік университетте оқу мүмкіндігін жіберіп алма!

Бөліс: