Жаңалықтар

Қаңтар 21, 2019

Тренерлерге арналған тренингтің соңғы қорытынды күні

18 қаңтарда AlmaU-да «Білім берудегі ұтқыр-менеджер» атты семинар-тренингтің соңғы қорытынды күні өткізілді.

Бұл күні  Самал Мамашаева спикер болды. Ол-сертификатталған бизнес-тренер, кеңесші, қызметкерлерді  басқару саласының маманы. С.Мамашева -Назарбаев зияткерлік мектебінің (НЗМ) «Педагогикалық шеберлік орталығы»  ЖМ қызметкерлеріне  арнап екі тренинг өткізді.

Спикердің бірінші тренингі «Тренердің эмоциялық интелектісі» деп аталды. Тренинг барысында спикер тренерлер мен педагогтардың жұмысында эмоциялық интеллект қандай рөл атқарады, EQ дегеніміз не және оның IQ-ден айырмашылығы қандай, интеллектінің қандай түрлері бар, қалай бөлінеді деген сұрақтар қарастырылды.

Самал Мамашаеваның  екінші тренингі «Стресс-менеджмент» деп аталды, ол қазіргі замандағы өзекті мәселенің бірі. Стресс-менеджмент» тренингіне қатысушылар стресс жайлы және оны басқарудың тәсілдері туралы білді.

Сонымен қатар бұл күні тағы бір тренер  Александра Биглер тренинг өткізді.  Ол –театр және кино актрисасы, сертификатталған тренер. Пилатес, йога, стрейч әдісі бойынша жеке жаттықтырушы. «Fitnation» фитнес клубы топтық бағдарламаларының үйлестірушісі. Александра адамдардың өз денесін және даусын басқара білудің тәсілдері жайлы  практикалық сабақ өткізді.

Екі күндік семинардың қорытындысын жасау үшін  Білім беру институтының директоры, бірінші проректор Алмагүл Канагатовна сөз сөйледі. Ол семинардың маңызы жайында айтып, әріптестеріне тың ойларды жүзеге асыруларына тілектестік білдірді. Барлық қатысушыларға бағдарламаны өткендігі туралы сертификаттар тапсырылды.

Бөліс: