Стратегия

 

 

 

 

AlmaU 2025 бағдары 

Алматы Менеджмент Университеті – әлемдік деңгейдегі кәсіпкерлік, әлеуметтік-жауапты университет

 

AlmaU миссиясы
 

Біз кәсіпкерлік саналы көшбасшылардың жаңа буынын даярлаймыз және қарқынды дамушы қоғамдарда білім экономикасының дамуына ықпал етеміз

 

Біздің құндылықтар 

 

1 Қоғам игілігі үшін серіктестік  

«Win-Win-Win» принципін іске асыру, екі жақтың кез келген өзара тиімді ынтымақтастығына сәйкес (Win-Win)  үшінші жаққа – қоғамға (Win) пайда әкелуі тиіс

 

2 Көшбасшылық  

AlmaU-дың әрбір студентінің, қызметкердің, оқытушы мен серіктестің «Мен – Көшбасшымын» деген аса белсенді дүниетанымдық мақсаты өзгерістер агенті болуға мүмкіндік береді, кәсіпкерлік ойлау мен мәдениетті көрсетуге, өзін, өзінің эмоциясын, өзін дамытуды басқара білуге, өзіндік даралығын қасиетін көрсетуге, абырой мен арының болуына, өзіне және өзгелерге құрметпен қарауға мүмкіндік береді

     

3 Еркіндік

AlmaU рух, ой мен сөз еркіндігін, жұмыс пен өмір үйлесімінің құндылықтарын ілгерілетеді. Біз академиялық, зерттеулік және кәсіпкерлік еркіндік негіздерін жоғары алып жүреміз

 

4 Жауапкершілік

AlmaU қоғамның сұранысын болжап, озуға жұмыс жасай отырып, тұтастай алғанда, серіктестер, клиенттер, әріптестер мен қоғам алдындағы өзінің нәтижесі үшін жауапты болады

     

 

5 Командылық рух және синергия 

 Университет жетістігі – адамдардың құрған командасына, оның құрамына, кәсіби шеберлігіне, тиімділігіне, ұйымшылдығына, нәтижелік бағыты мен синергиясына байланысты             

 

 

AlmaU 2025 стратегиялық мақсаты

  1. Қатарына кіру:
  • топ-200 әлемдік бизнес-университеттер  ;   5 бұтақты  
  • Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің (ЕАЭС) үздік 3 бизнес-университеттер 
  • Әлемнің уздік 100 кәсіпкерлік университеттері
  • "Үш тәж" аккредитациясы бар жоғары оқу орындары 

         

 

 

2. Қазақстан мен қарқынды дамып жатқан қоғамдастық үшін үлгі (benchmark) болу  

  • кәсіпкерлік білім беру
  • жоо-ларда білімді басқару жүйелері
  • әлеуметтік жауапты университет

 

AlmaU-дың стратегиялық бағыттар 

 

AlmaU 2025 бағдарына жету, AlmaU-дың стратегиялық мақсаттарын іске асыру және үлесін күшейту, қоғамды дамыту (Meaningful & Impactful University) 4 стратегиялық бағытқа ұйғарылған:

 

Стратегиялық бағыт 1.  Білімді басқару

  1. Академиялық артықшылық
  2. AlmaU зерттеулері
  3. Білім генерациясi

Нәтиже: әлеуметтік жауапкершілігі зор, креативтілігі мен стратегиялық ойлай білетін, жаңашылдыққа жақын, өзгерістер көшбасшыларының жаңа буыны.

 

Стратегиялық бағыт 2.  Университет кәсіпкерлігінің экожүйесі

  1. AlmaU кәсіпкерлігі мен инновациясының экожүйесі
  2. Ақылды инфрақұрылым
  3. AlmaU Knowledge Park

Нәтиже: Қазақстанда кәсіпкерлік, кәсіпкерлік білім беру мәдениетін дамыту: кәсіпкерлік бойынша академиялық бағдарламаларды ілгерілету, ел экономикасына кәсіпкерліктің тиімді экожүйесін жасау.

 

Стратегиялық бағыт 3.  Бизнестің, мемлекет, қоғам мен білімнің дамуына AlmaU-дың қосатын үлесі

Нәтиже: төмендегілер арқылы аймақтарды, қалаларды, ауылдық жерлерді, ел экономикасы мен интеллектуалды капиталды дамыту:

  • болашақ құзіретіне оқыту
  • қолданбалы зерттеулерді дамыту (Urban Studies, аймақтарды дамыту стратегиясы, Smart қалалар мен аймақтарда)
  • консалтингті іске асыру
  • бизнеспен, мемлекетпен, білім берумен, қоғаммен аралықтағы диалогтық алаңды қалыптастыру.

 

Стратегиялық бағыт 4.  Адамдар, Мәдениет және Көшбасшылық

Нәтиже: Шығармашылық мәдениет пен синергияны таратушыларды, кәсіпкерлік ойлары бар және жоғары әлеуметтік жауапкершілігі бар, өзгерістерді бастаушы және енгізуші криэйтерлерді, AlmaU Командасын дамыту.