Университет туралы

 

 

Алматы Менеджмент Университеті – әлемдік деңгейдегі әлеуметтік жауапкершілігі мол кәсіпкерлік университет.

 

Миссия:

"Біз кәсіпкерлік саналы көшбасшылардың жаңа буынын даярлаймыз және қарқынды дамушы қоғамдарда білім экономикасының дамуына ықпал етеміз".

 

Білім беру нарығында 34 жыл жұмыс істеп келе жатқан еліміздегі жеке меншік жоғары оқу орны, Қазақстан Республикасындағы 1-ші бизнес-мектеп, ТМД-да бизнес білім берудің пионері.

 

AlmaU-дың тарихы 1988 жылы шағын Менеджмент мектебінен басталды.  Аталған мектеп біздің жас еліміз үшін менеджерлердің алғашқы жаңа буынын дайындап шығарды. 1996 жылы алғашқы кезеңнен табысты түрде өткен Алматы менеджерлер мектебі  (АММ) Халықаралық Бизнес Академиясы болып өзгертіліді.  ХБА құрылғаннан кейін 25 жыл өткен соң, Академия алға ілгерілеп дами отырып, УНИВЕРСИТЕТ статусын алды.  Жаңа стратегиясына сәйкес 2014 жылы университетке Almaty Management University деген  жаңа атау беріліп, кәсіпкерлік университет моделін құру қолға алынды.

Университет –қазақстандық алғашқы кәсіпкерлерді менеджмент мамандығына дайындап, ҚР-да бірінші рет  МВА және DBA бағдарламалары оқыта бастады. Университетте алдыңғы қатарлы оқытушылар жұмыс істеп, ең үздік түлектер дайындалады.

 

Университеттің басты құндылықтары:

Қоғам игілігі үшін серіктестік

2 Көшбасшылық

Еркіндік

Жауапкершілік

Командалық рух және синергия

 

 

Бүгінгі AlmaU

AlmaU-да 8 мектеп және 2 орталық жұмыс істейді: Менеджмент Мектебі, Экономика және Қаржы Мектебі, Саясат және Құқық Мектебі, Цифрлық Технологиялар Мектебі, Қонақжайлылық және Туризм Мектебі, Кәсіпкерлік және Инновациялар Мектебі, Медиа және Кино Мектебі, Урбанистика Орталығы, Креативті Индустриялар Орталығы. Оған қоса, университетте Жоғары Бизнес Мектебі бар.

Білім беру қазақ, орыс, ағылшын 3- тілде жүргізіледі, 20 –дан астам мамандық бойынша білім беріледі, атап айтқанда: менеджмент, қаржы, маркетинг, мейрамхана ісі және қонақ үй  бизнесі, аймақтану, бағдарламалық инженерия, бизнес сарапшы және жаһандық мәліметтер және т.б.

 

Университетте үздіксіз білім беру жүйесі жұмыс істейді:

Колледж — Бакалавриат — Магистратура — Докторантура

MBA — EMBA — DBA

Қысқа мерзімді бағдарламалар, курстар мен тренингтер.

 

Әлеуметтік жауапкершілік

AlmaU-дың  даму стратегиясының бағыттары-Университетті әлеуметтік жауапкершілігі бар ұйым және қоғамда әлеумет үшін жақсы жағдай қалыптастыруына   бағыттау болып табылады. Университетте «Еліміздің жоғары оқу орындары ауыл мектептерін қолдайды бағдарламасы», «Ұлытау-мәдени-лингвистикалық лагері», «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік жобалары жұмыс істейді. БАҚ өкілдері мен авторлар үшін «ЗачОт» байқауы, Charity Wish Tree әлеуметтік жобасы, 2015 жылдан бастап студенттерге көшбасшылық - Service learning («қоғамға қызмет» - әлеуметтік ұйымдарда жұмыс істеу арқылы моральдік қасиеттерді дамыту) жаңа пән енгізілген. Жыл сайын білімге құштар дарынды талапкерлер мен студенттерге университеттің әлеуметтік жауапкершілігі аясында  қаржылай қолдау көрсету мақсатында 100 млн. теңге  грант пен жеңілдіктер бөлініп отырады.

Өкілдіктері

AlmaU-дың Нұр-Сұлтан, Атырау, Қызылорда, Шымкент, Өскемен және Ақтөбе қалаларында өкілдіктері жұмыс істейді. Өкілдіктер жұмысындағы басты бағыт шағын және орта бизнес жетекшілерін МВА және DВА бағдарламаларында, сонымен қатар семинарлар мен  тренингтерде оқыту болып табылады. 

 

Аккредитациялар мен рейтингтер

AlmaU – қазақстандық және халықаралық деңгейдегі аккредитациялар мен марапаттарды иеленген Қазақстандағы университеттердің бірі.

 
 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім беру мен ғылыми қызмет субъектісі ретіндегі аккредиттеуі, 2017
 

 

Халықаралық аккредиттеу

 

 

AlmaU-дың Бизнес Жоғары Мектебінің жалғыз МВА бағдарламасы үшін, Орталық Азия мен Қазақстандағы АМВА аккредитациясын иемденген Ұлыбритания (2013-2026)

2021 жылы AlmaU Жоғары Бизнес Мектебі және Қонақжайлылық және Туризм Мектебі ресми түрде Association of MBAs (AMBA) және Business Graduates Association (BGA) бизнес-білім берудегі екі жетекші әлемдік ұйымдардан бірлескен аккредиттеуден өту нәтижелерін алды

 
 
AlmaU Жоғары Бизнес Мектебі және Қонақжайлылық және Туризм Мектебі Business Graduates Association (BGA) бизнес-білім берудегі жетекші әлемдік ұйымынан аккредитациясын иемденген (2021-2026)
 
 
IQA CEEMAN Бизнес-білім сапасы саласындағы Еуропалық институционалды аккредитация (2010-2022)

 

 Қазахстандық аккредиттеу (институционалдық және мамандандырылған)

 

 

 

Білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттіктің (НАОКО, IQAA) аккредитациялық ұлттық бағдарламасы (2019-2024)

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттікті 5 жыл мерзімге институционалдық аккредиттеу (2019-2024)

Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі Тәуелсіз агенттіктің мамандандырылған аккредиттеуі 5 жыл мерзімге (2022-2027)

 

 

Аккредиттеу және рейтингтер тәуелсіз агенттігінің (IAAR) ұлттық бағдарламалық аккредиттеуі (2016-2021)

Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігінің мамандандырылған аккредиттеуі 5 және 3 жыл мерзімге (2021-2024, 2021-2026)

 

СМЖ сәйкестігін сертификаттау

 
 
Халықаралық стандарт талаптары бойынша Университет сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001-2015 сертификаты (2019-2022)

 

Кәсіби сертификаттау

 
 
AlmaU Жоғары бизнес мектебінің қазақстандық МВА бағдарламасы қаржылық инжиниринг Global Association of Risk Professionals (GARP) аккредиттелген (2019-2024)
 
 
 
«Есеп және аудит»  бакалавриат бағдарламасының Association of Chartered Certifed Accountants (АССА) Халықаралық сертификациясы, Ұлыбритания (2016-2024) ​
 
 
«Есеп және аудит»  бакалавриат бағдарламасының CIMA (Chartered Institute of Management Accountants)​​ Халықаралық сертификациясы (2022-2024)
 
 
Менеджмент мектебі халықаралық жобаларды басқару қауымдастығының ICB 4.0 (International Project Management Association, IPMA) стандартына жауап беретін Қазақстандық Жобаларды Басқару Қауымдастығының (КАУП) ережелері бойынша сертификаттау рәсіміне сәйкес аккредиттелген (2022-2023)

 

Рейтингтер

 

 

AlmaU General МВА бағдарламасы бойынша QS World University Rankings: Global MBA 2022 #201-250 және QS Global MBA Rankings: Asia 2022 #35 рейтингінде үздіктер қатарында

ЖБМ AlmaU мен ВШМ СПбГУ QS WUR EMBA 2022: Joint programmes 2022 университеттерінің әлемдік рейтингісі бойынша #23 қатарына кірді

 
 
AlmaU Times Higher Education Impact Rankings 2022 рейтингісінде 1001+ орынға ие болды
 
 
«Маңызды халықаралық беделді бизнс-мектеп үздіктері» "4 пальма бұтақтары", Eduniversal халықаралық рейтинг агенттігінің әлемдік қорытындысы бойынша, Франция (2008-2021)
 
 
ТОП-5 MBA және магистратура  бағдарламалары үшін Eduniversal Best Masters Rankings 2021 рейтингі бойынша, Франция, 2021

 

 

ТОП-200 Eduniversal халықаралық рейтинг агенттігінің қорытындысы бойынша, әлемдік ең үздік бизнес-мектеп  рейтингінде, Франция, 2021

ТОП-3-тікте Орталық және Оңтүстік Азия географиялық аймағына кіретін  ең үздік  бизнес - мектеп, Eduniversal халықаралық рейтинг агенттігінің қорытындысы бойынша, Франция, 2017, 2019

 

 

Ресей және ТМД бизнес-мектептер рейтингі бойынша- 2022 

«Бірінші деңгейлі» аккредитациясы бар шетелдік жоғары оқу орындарымен қос диплом бағдарламасын жүзеге асырушы  бизнес-мектептер арасындағы үздік  2- орында

«Бірінші деңгейлі» аккредитациясы бар шетелдік жоғары оқу орындарымен серіктестік саны жөнінен ТМД  бизнес-мектептер рейтингі бойынша үздік  4- орында

 
 
Қазақстанның үздік гуманитарлық-экономикалық жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингінде 3-орын (2022) ​​

 

Марапаттар  

 
 
 BMDA Awards "қол қоюға әсер ету" айтарлықтай әсер ету номинациясы - AlmaU, 2021
 

CEEMAN Champion Awards School Leader of the Year номинациясы бойынша – Gulnara Kurenkeyeva, 2021

CEEMAN Champion Awards Teacher of the Year номинациясы бойынша - Aurora Diaz, 2022

CEEMAN Champion Awards Responsible Management Educator of the Year номинациясы бойынша - Prof. Alberto Frigerio, 2022

 

 

 «Топжарған» беделді рейтингтер қатарындағы  үздігі

Алматы Менеджмент Университетi: 

«Білім» саласындағы  қазақстандық компаниялардың «Топжарған» беделді рейтингтер қатарындағы  үздік - 1 орында

Ең үздік қазақстандық компаниялар рейтингі бойынша үздік - 6 орында