UXIship

                                

Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларындағы пәнаралық модульдік курстар арқылы стартаптарды дамыту үшін АКТ-мамандықтары студенттерінің құзыреттілігін арттыру (UXIship)

 

AlmaU Erasmus+ «Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларындағы пәнаралық модульдік курстар арқылы стартаптарды дамыту үшін АКТ-мамандықтары студенттерінің құзыреттілігін арттыру (UXIship)»  жобасы бойынша шетелдік және отандық 9 серіктес оқу орындарымен бірге грант иегері атанды. AlmaU үшін бұл Еуропалық Одақтағы Эрасмус+ аясындағы алғашқы институционалдық жоба болып табылады.

Жобаның мақсаты: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мамандығы студенттерінің кәсіпкерлік құзыреттілігін дамыту

Жоба консорциумы:

Жобаны орындау мерзімі: 2019 ж. қараша – 2022 ж.қараша

Жоба қатысушылары:  АКТ мамандықтарының магистратура және бакалавриат студенттері, оқытушылар және зерттеушілер

Жобаның кезеңдері:

1  Дайындық іс-шаралары

2  Жобаны дамыту

3  Жоба сапасына байланысты жоспарлар

4  Жобаны іске енгізу және жүзеге асыру

5   Басқару

Жоба нәтижелері:

Startup жобаларға арналған коворкинг кеңістігі

Кәсіпкерлік компоненті бар білім беру бағдарламалары

Оқытушылар мен зерттеушілердің біліктілігін арттыру

Шетелдік серіктестермен тәжірибе алмасу

Студенттерге арналған тренингтер мен курстар

Студенттердің  startup жобаларын дамыту

Жоба 36 ай көлемінде жүргізілетін болады. Сонымен қатар жоба қатысушылары арасында тәжірибе алмасу және АКТ-кәсіпкерлігіне байланысты бағдарламалар  дайындау бойынша көптеген іс-шаралар мен семинарлар өткізу жоспарланған.

Инженерлік менеджмент мектебінің деканы Қуаныш Әбешев пен зерттеу гранттары бойынша үйлестіруші Әлия Бижанова өткен жылдың 4-7 желтоқсаны аралығында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында kick-off meeting-ке қатысқан еді.

Қазір Erasmus+ "Accelerating ICT students' startup development competence via interdisciplinary modular courses in the HEI curricula" жобасын іске қосуды бастау үшін дайындық және ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.

Байланыс: d.nelidova@almau.edu.kz +7 (727) 3132841

Бұл вебсайт UXIship жобасы аясында құрылған. Вебсайттың мазмұны авторлардың жауапкершілігінің мәні болып табылады және Erasmus + Еуропалық Одақ бағдарламасының пікірлерін көрсетпейді. Erasmus + онда көрсетілген ақпаратты қолданғаны үшін жауапты емес.

www.almau.edu.kz