23 ақпан күні Алматы Менеджмент Университетінің кызметкерлері мен студенттері қалалық сейсмикалық жаттығуға қатысты. Дабыл кезінде барлығы ғимараттың сыртындағы қауіпсіз ашық жерге жиналды. Университет қызметкерлері, студенттері сейсмикалық аймақтағы төтенше жағдайлардың алдын алу ережелерімен танысты. Бұл сейсмикалық жаттығу жер сілкінісі кезінде халықтың іс-қимылын пысықтауға, төтенше жағдай қызметкерлерінің күштері мен құралдарының дайындығын тексеруге бағытталған.