Ғылым басқармасы AlmaU-дың ғылыми-зерттеу экожүйесін дамыту бойынша қызмет атқарады.
ЕРЕЖЕП ДАРХАН ЕСЕЙҰЛЫ
Ғылым және коммерцияландыру басқармасының директоры, техника ғылымдарының кандидаты, PhD, қауымдастырылған профессор
Университеттің ғылыми және инновациялық қызметіне стратегиялық басшылық жасайды, ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың іске асырылуын үйлестіреді, зерттеу нәтижелерін коммерцияландыру жүйесін дамыту және сыртқы қаржыландыруды тарту жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік органдармен, ғылыми ұйымдармен, индустриялық серіктестермен және инновациялық экожүйенің басқа да қатысушыларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді, сондай-ақ AlmaU-дың зерттеу әлеуетін дамытады.
ӘБДІЖӘЛЕЛ МАХАББАТ ҚАНАТҚЫЗЫ
Коммерцияландыру және технологиялар орталығының жетекші менеджері
Басқарма қызметін ұйымдастырушылық және әкімшілік тұрғыдан сүйемелдейді, ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды іске асыруға, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша іс-шараларға, сондай-ақ зерттеушілермен және сыртқы серіктестермен өзара іс-қимылға қатысады.
БЛЕМБАЕВА АЙГЕРИМ
Ғылым басқармасының қаржы талдаушысы, «Қаржы» мамандығы бойынша магистр
Басқарма қызметін қаржылық-талдамалық тұрғыдан сүйемелдейді, оның ішінде ғылыми жобаларды бюджеттеу және қаржыландыруды мониторингілеу, қаржы ресурстарын пайдалануды талдау, талдамалық материалдар мен қаржылық есептеулерді дайындау, сондай-ақ зерттеу қызметін қаржыландыру үдерістерін сүйемелдеу жұмыстарын жүргізеді.
ҰЗАҚБАЙ САНДУҒАШ
Ғылым және коммерцияландыру басқармасының маманы
Ғылыми-зерттеу қызметін сүйемелдейді, AlmaU зерттеушілерімен өзара іс-қимыл жасайды және ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды ұйымдастырушылық сүйемелдеуге қатысады.
ТУРАЛИН АМИРЖАН ЗЕЛЕДЕНҰЛЫ
Экономика ғылымдарының кандидаты, Ғылым басқармасының бас менеджері
Ғылыми және ғылыми-техникалық жобалардың іске асырылуын үйлестіреді, зерттеу қызметін ұйымдастырушылық тұрғыдан сүйемелдейді, жобалардың орындалуын мониторингілейді және зерттеу топтарының жетекшілері мен мүшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
БАТТАЛ ЖАНАР
Eurasian Journal of Entrepreneurship ғылыми журналының жауапты редакторы
Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.