Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Жоғарғы білім Institute of Law

Құқық Институты

AlmaU School of Social Sciences and Transformative Humanities Құқық институты терең теориялық білімге, аналитикалық ойлауға және практикалық дағдыларға ие заманауи заңгерлерді даярлауға бағытталған.

Институт келесі білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады:

  • «Құқықтану» (бакалавриат);
  • «Құқықтану» (магистратура: ғылыми-педагогикалық және бейіндік);
  • «Халықаралық құқық» (бакалавриат) — 2026 жылдан бастап;
  • «Халықаралық құқық» (магистратура) — 2026 жылдан бастап.

Білім беру бағдарламалары ұлттық және халықаралық құқық саласында заманауи аналитикалық, зерттеу және практикалық дағдыларға ие мамандар даярлауға бағытталған. Оқыту іргелі құқықтық дайындықты тәжірибеге бағытталған тәсілмен, сыни ойлау, құқықтық аргументация және мәдениетаралық коммуникация дағдыларын дамытумен ұштастырады.

Бағдарлама түлектері мемлекеттік органдарда, халықаралық ұйымдарда, заң фирмаларында, бизнес құрылымдарда, аналитикалық орталықтарда және академиялық ортада кәсіби қызмет атқаруға дайын болады.

Миссиясы: Еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, білікті, жауапты, өз кәсібін еркін меңгерген және аралас қызмет салаларында бағдарланған, мамандығы бойынша лайықты жұмыс істеуге қабілетті, бизнесті дамытуға ықпал ететін Қазақстан экономикасының түрлі салаларындағы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін жоғары білікті заңгерлерді даярлауға қосқан үлесі.

Ұстанымы: Бизнес саласында заңгерлерді, кәсіби дипломатиялық кадрларды, сондай-ақ өңірлік және жаһандық нарықта сұранысқа ие жұмыс істеп тұрған мемлекеттік қызметкерлер арасынан жоғары білікті халықаралық мамандарды даярлау көшбасшысы.

Профессорлық-оқытушылық құрам

Құқық институтында тәжірибелі оқытушылар, ғалымдар және практик заңгерлер жұмыс істейді. Профессорлық-оқытушылық құрамында заң ғылымдарының докторлары мен кандидаттары, PhD докторлары, қауымдастырылған профессорлар, құқық магистрлері және практик мамандар бар.

Институт оқытушылары ғылыми-зерттеу қызметіне, сараптамалық жұмыстарға, халықаралық жобалар мен кәсіби бастамаларға белсенді қатысып, білім алушыларды даярлаудың жоғары сапасын және заманауи білім беру тәсілдерін енгізуді қамтамасыз етеді.

Институт инфрақұрылымы

Студенттердің практикалық дағдыларын дамыту мақсатында Институтта арнайы оқу зертханалары жұмыс істейді:

  • Заң клиникасы — оқытушылар мен практик заңгерлердің жетекшілігімен халыққа тегін заң көмегін көрсету алаңы;
  • Криминалистикалық полигон — тергеу әрекеттерін модельдеуге және криминалистикалық әдістерді меңгеруге арналған оқу-тәжірибелік база;
  • Сот отырыстары залы — симуляциялық сот процестерін, moot court competitions және сотта өкілдік ету дағдыларын дамытуға арналған мамандандырылған зертхана.

Оқудың артықшылықтары

  • тәжірибеге бағытталған оқыту;
  • ғылыми және кәсіби іс-шараларға қатысу;
  • құқықтық аргументация және көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыту;
  • практик заңгерлер мен сарапшылармен өзара әрекеттесу;
  • ұлттық және халықаралық құқық саласында мамандар даярлау.

Біздің команда

  • Қазиева Гүлжаухар Тұрсынханқызы — Құқық институтының директор міндетін атқарушы
  • Сафоева Гүлноза — Құқық институтының менеджері
  • Құқық институтының профессор-оқытушылар құрамы

 

Байланыс

E-mail: sppalmau1@gmail.com

Бакалавриат

Магистр деңгейі

Халықаралық мүмкіндіктер

Оқытушы

Institute of Law жаңалықтарын Instagram парақшасынан көруге ​​болады
Получить консультацию
Нажимая кнопку “Отправить” вы соглашаетесь на обработку персональных данных. Наш менеджер свяжется с вами в течении дня
Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок