Қамқоршылар Кеңесі-университетті алқалы басқару нысаны болып табылатын сайланбалы орган.
Қамқоршылар кеңесінің міндеттері университетті дамытудың өзекті және перспективалық міндеттерін шешуге, Университеттің қызметін қамтамасыз ету үшін қаржылық және материалдық емес құралдарды тартуға және жұмыс, оқыту және көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға жәрдемдесу болып табылады.
Қамқоршылар Кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасына, Университет Жарғысына және “қамқоршылар кеңесі туралы”Ережеге сәйкес жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда қамқоршылар кеңесінің жалпы жиналысының шешімімен оның құрамына отырысқа қатысып отырған Қамқоршылар кеңесі мүшелерінің жай көпшілігінің дауыс беруі арқылы қосымша мүшелер енгізілуі мүмкін. Отырыстар жылына кемінде бір рет бетпе-бет немесе онлайн форматта өткізіледі.
Төраға қамқоршылар кеңесінің атынан әрекет етеді, оның мүдделерін стейкхолдерлер алдында білдіреді; қамқоршылар кеңесінің қызметін ұйымдастырады, ағымдағы және перспективалық міндеттерді айқындайды, шешімдердің орындалуын бақылайды.
Қамқоршылар кеңесінің мүшелері Қамқоршылар кеңесінің отырыстарына және университет іс-шараларына белсенді қатысады.
Корпоративтік хатшы қамқоршылар кеңесінің іс қағаздарын жүргізуге жауапты, Қамқоршылар кеңесінің университетпен байланысын қамтамасыз етеді.
Қосымша сұрақтар бойынша:
Тазабек Шолпан Орынбасарқызы, «Алматы Менеджмент Университеті» ББМ Корпоративтік Хатшысы
sh.tazabek@almau.edu.kz
Сейджапарова Динара Нұрланқызы
Алматы Менеджмент Университеті Қамқоршылар Кеңесінің төрағасы, БҰҰ Жаһандық шартының Еуразиядағы атқарушы директоры
Бердалина Жанат Қоланқызы
Қамқоршылық кеңестің құрметті мүшесі, Solidcore Resources plc компаниясының тәуелсіз директоры
Кожахметов Асылбек Базарбайұлы
Қамқоршылық кеңестің мүшесі, Almaty Management University Негізін қалаушысы, президентi, ректоры
Құлекеев Жақсыбек Әбдірахметұлы
Қамқоршылық кеңестің мүшесі, Мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының кандидаты, ғалым, Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының (AERC) ғылыми жетекшісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі
Линник Андрей Григорьевич
Қамқоршылық кеңестің мүшесі, «Aspara Munay» ЖШС Басқарма төрағасының кеңесшісі
Пазылхаир Гүлбану Тәжібайқызы
Қамқоршылық кеңестің мүшесі, «Altyn Samruk Qazaqstan» АҚ Басқарма төрағасы
Тан Чин Тионг
Қамқоршылық кеңестің мүшесі, Сингапур менеджмент университетінің Ли Конг Чиан бизнес мектебінің маркетинг саласындағы құрметті профессоры (Сингапур).
Әбдуалиев Әсет Қуандықұлы
Қамқоршылық кеңестің мүшесі, Silkroad Innovation Hub негізін қалаушысы және бас директоры, BuildTech VC негізін қалаушы серіктесі
Шаобо Ву
Қамқоршылық кеңестің мүшесі, Чжэцзян университетінің Ұлттық инновациялық менеджмент институтының директоры (Қытай)
Ерлан Досымбеков
Қамқоршылық кеңестің мүшесі, EY компаниясының Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі басқарушы серіктесі
Булдыбаев Тимур Керимбекович
Қамқоршылық кеңестің мүшесі, «Алматы Менеджмент Университеті» ректоры