9 қаңтарда 2025 жылы Almaty Management University (AlmaU) «Футбол менеджменті» білім беру бағдарламасының түлегі Халмұрат Баратов SR9 Management (Дубай) университетінде тағылымдамадан өтуді бастады.Бұл тағылымдаманы AlmaU Спортты басқару орталығы ұйымдастырды және футбол индустриясында тәжірибе алмасуға бағытталды. Ұсынылатын тағылымдамадан өту бағдарламасы спорт менеджменті саласында мансапты дамытуға ұмтылатын түлектерге бірегей мүмкіндік береді.
SR9 Management бағдарламасына қатысу үшін ең үздік үміткерді іріктеу процесі үш кезеңді қамтыды. Алдымен үміткерлер бейне сұхбаттан өтті, содан кейін SR9 Management – тің арнайы тапсырмасын орындады, ал соңғы кезең компанияның негізін қалаушы Линар Сайфулинмен онлайн сұхбаттан тұрды. Ағылшын тілін білу де шешуші рөл атқарды, өйткені тағылымдама халықаралық ортада өтеді. Халмұрат дайындық пен ынта-жігерінің жоғары деңгейін көрсете отырып, барлық кезеңдерді сәтті аяқтады. Іріктеу қорытындысы бойынша оның кандидатурасы үздік деп танылды, бұл оның кәсіби шеберлігінің дәлелі болды.
Тағылымдама аясында Халмұрат жайлы жағдай жасалған бес жұлдызды қонақүйден жатын орынмен қамтамасыз етіліп, күнделікті тамақпен қамтылды. Бағдарламаның негізгі аспектілерінің бірі – футбол әлемінің танымал тұлғаларымен кездесулер, ол кәсіби байланыстар орнатуға және байланысты кеңейтуге бірегей мүмкіндіктерді ашады.
Сонымен қатар, Халмұрат Ресей футбол әлеміндегі танымал Валерий Карпин, Виктор Онопко сынды көрнекті бапкерлермен жұмыс жасайды. Олардың жаттықтырушылық және футбол стратегиясындағы тәжірибесі кез келген кәсіпқой үшін үлкен құндылық болып табылады.
Футбол менеджменті бойынша білім Халмұрат үшін стандартты мансап жолынан шығып, кәсіби өсудің жаңа мүмкіндіктерін ашуға мүмкіндік беретін негізгі құрал болды.
AlmaU Спортты басқару орталығы SR9 Management-пен бірлесіп ұйымдастырған тағылымдама оның футбол индустриясындағы сәтті сапарының бастамасы болып табылады.