Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі уақытта 3686 жеке тұрғын үй, 557 аула, 1822 саяжай су астында қалды. Су тасқыны басталғалы бері 86 мыңнан астам адам, оның ішінде 29 мың бала эвакуацияланған.
Тасқын судан зардап шеккен халыққа көмек көрсету тәулік бойы жалғасып жатыр. Осындай сын сағатта бірлігімізді бекемдеп, күш біріктіру аса маңызды. AlmaU – әлеуметтік жауапкершілігі жоғары оқу орындарының бірі. Сол себепті төтенше жағдай орын алған облыстардың 7 түлегіне грант бөледі.
Үміткер соңғы ҰБТ сынағының сертификаты мен мотивациялық хатын Алматы Менеджмент Университетінің қабылдау комиссиясына 2024 жылдың 31 мамырына дейін өткізуі қажет. Қосымша сұрақтар бойынша байланыс: +7 (727) 313-30-90,
+7 (727) 313-30-93 немесе admission@almau.edu.kz электрондық поштасы.
Гранттар әрбір үміткердің жеке қажеттіліктері мен қабілеттерін ескере отырып конкурстық негізде беріледі. Грант иегерлерінің есімін арнайы комиссия анықтайды. Бір айта кетерлігі, әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға басымдық беріледі.
Сондай-ақ, AlmaU-да су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау пункті ашылғанын естеріңізге саламыз. Қабылдау пункті Qaynar Bulaq Almatу-да (Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 227 / Алматы Менеджмент университетінің ғимараты) орналасқан. Жұмыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін екі апта бойы жұмыс істемек.