Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Азия ойындарының алтын жүлдегері Самат Мусин салған ізбен алғашқы шаңғы өткелі өтті

19.12.2023

2023 жылғы 17 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Лобаново ауылында Жоғары көпсалалы «Зейнеп» колледжінде Азия ойындарының алтын жүлдегері Самат Мусин салған ізбен алғашқы шаңғы өткелі өтті. Негізгі идея –  шаңғы спортын жандандыру, спортшыларды қолдау және еліміздегі қысқы туризмді дамыту. Іс-шараға Айыртау ауданының тұрғындары, Имантау, Лобанов және Антонов мектептерінің оқушылары қатысты. Айыртау ауданының әкімі Ерболат Бекшенов пен Айыртау ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Жақсылық Жүсіпов те осы қысқы мерекеге белсене атсалысты. Ұзындығы 7 шақырымды құрайтын өткел арқылы Лобаново ауылының тумасы, Азия ойындарының алтын жүлдегері Самат Мусин жүріп өткен.

Іс-шараның бастамашысы әрі ұйымдастырушысы Алматы Менеджмент Университетінің президенті және Жоғары көпсалалы «Зейнеп» колледжінің құрылтайшысы Асылбек Қожахметов.

«Бұл – Самат Мусин жүріп өткен жол, біз жыл сайын бұл іс-шараны дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз. Тұрғындардың өз жерлесін қолдап келгеніне қуаныштымын», – деп Асылбек Базарбайұлы шаңғы өткелін салтанатты түрде ашты.

Самат Мусин Лобаново ауылында туып-өскен, жергілікті орта мектепте білім алған. Қазіргі уақытта жоғары көпсалалы «Зейнеп»  колледжі болып қайта құрылған ауыл шаруашылығы училищесін бітірген. Ол шаңғы спортында керемет жетістіктерге жетіп, жоғары марапаттарға ие болған.  

«Іс-шара біздің отандасымыз және Азия чемпионы Самат Мусиннің құрметіне өткізіліп отыр. Жоғары көпсалалы «Зейнеп» колледжі AlmaU қолдауымен шараны тамаша ұйымдастырды. Шақырғандарыңыз үшін алғыс айтамыз», – деп Айыртау ауданының әкімі Ерболат Бекшенов жылы лебізін білдірді.

«Бүгін Саматпен алғаш шаңғы тебуді қалай бастағанымыз есіме түсті. Мен шаңғы спортының қайта жанданғанына, балалардың спортпен шұғылданып, салауатты өмір салтына белсене араласып жатқанына қуаныштымын. Лобаново ауылының болашақ чемпиондарына сәттілік тілеймін», – деді қазақстандық шаңғышы және Самат Мусиннің жақын досы Николай Иванов.

Самат Мусиннің туған ағасы Серік Мусин спортшының өмірінен қызықты тарихи мәліметтерді бөлісті: «Алғашқы жаттықтырушысына алғысымды білдіргім келеді. Ол Саматтың алға қойған мақсаттарына жетуіне және спортта табанды болуына үлес қосты, шабыттандырды. Саматтың шаңғы тебуге деген сүйіспеншілігін оятты».

Бағдарламада шаңғы тебу, садақ ату, шанамен сырғанау және коньки тебу сияқты әртүрлі қысқы спорттық іс-шаралар болды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындар үшін шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Сарапшылар ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік туралы айтып, ауылдағы қонақ үйлерді басқару ерекшеліктерін талқылады. Сондай-ақ бал жасау техникасы мен сауықтыру массажының әдістерін көрсетті. Табиғи және дәмді заттарды қолжетімді бағамен сатып алуға болатын фермерлер жәрмеңкесі өтті.

Іс-шара соңында барлық қатысушы белсенді қатысқандары үшін салтанатты түрде марапатталды. Бұл оқиға аймақта шаңғы тебуді дамыту идеясын қолдап қана қоймай, жергілікті тұрғындарды спорттық және мәдени бастамалар төңірегінде біріктірудің жарқын көрінісі болды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок