Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Түркия Республикасының білім атташесінің AlmaU-ға келуі

2024 жылдың 06 тамызында AlmaU ректоры Гүльнар Куренкеева, Жаһандық әріптестік жөніндегі проректор Шолпан Тазабек, сондай-ақ School of Transformative Humanities деканы Нұркен Әубәкір Түркия Республикасының Бас консулдығының білім беру атташесі Айхан Коркмаз мырзамен және консулдық қызметкері Райхан Исамен кездесті. Кездесу AlmaU-да түрік тілі курсының ашылуы және түрік тілі пәнінің мұғалімі Др. Явуз Жемалеттинді университетке қабылдау аясында өтті.

Тракия университетінің Әлеуметтік ғылымдар институтында түрік тілі мен әдебиеті бойынша докторантураны аяқтаған Жемаллетин Явуз ұстаздық салада көп жылдық тәжірибесі бар білікті маман. 2024-2025 оқу жылында Явуз бакалавриат білім беру бағдарламаларының тілдік модулі аясында түрік тілін шет тілі ретінде оқытуды бастайды. Сондай-ақ университет оқытушылары мен қызметкерлері үшін корпоративтік курстар ашу жоспарлануда.

Осы кездесу аясында AlmaU кампусы бойынша экскурсия өткізілді. Қонақтар университетіміздің түрлі студияларын, зертханалары мен оқу кабинеттерін аралады. Түркия Республикасының білім атташесі Jalinga студиясында AlmaU студенттеріне бейне үндеу түсіріп, университетіміздің 10 үздік студентіне Түркияда білім алу мүмкіндігін жариялады.

Университет Айхан Коркмаз мырзаға және Жемаллетин Явуз мырзаға білім беру серіктестігі арқылы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастарды нығайту мақсатын іске асыру мүмкіндігін мүмкіндігін жасағаны үшін шексіз алғысын білдірді.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок