Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша XVI республикалық пәндік олимпиадан 2 орын иеленді

2024 жылдың 2-3 мамыр күндері Астана каласында «Қоғаммен байланыс» мамандығы бойынша XVI республикалық пәндік олимпиада өтті.

2 мамыр күні «Passionar» коворкинг залында олимпиадаға қатысушы командалардың бейресми кездесуі өтті. Кездесуде топ мүшелері бір бірімен танысып, «Quiz» ойынын өткізді.

Қатысушылар олимпиаданың салтанатты ашылуына қатысып, кейін Жазба музейінде болды. Олимпиада тест тапсырмаларын орындау мен кейс шешу кезеңдерінен тұрды. Сайысқа болашақ PR мамандары қатысты. Әділ қазылар алқасында ірі компания өкілдері болды. Факультет басшылығы олимпиадашыларды ҚР Ұлттық музейіне экскурсияға апарып, студенттердің үзіліс уақытын қызықты өткізуге атсалысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті – 1 орын,  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Алматы Менеджмент Университеті – 2 орын, «Тұран» университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 3 орынды еншіледі. Жеңімпаздарға демеуші компаниялар мен университет басшылығы арнайы сыйлықтарын табыстады. Дәстүрге айналған олимпиада студенттерге мол тәжірибе береріне көз жеткіздік.

AlmaU командасы жүлделі 2 орынды иеленді.  Университет атынан 4 курс студенті Дусенбаева Наргиза, 1 курс студенттері Гаппарова Аяжан, Берікбол Айдана катысты. Топ жетекшісі –  ф.ғ.д., профессор М.Б. Шиндалиева.

Еуразия ұлттық университеті қабырғасында өткен олимпиадаға жас пиаршылар Қазақстанның әр өңірінен жақсы дайындықпен келіпті. Олимпиада жоғары дәрежеде өтті.  «Aura Kazakhstan», «Frut tis», «SF», «Jusan Mobile», «Jas Tolqyn» әділ қазылық еткен беделді компания өкілдері студенттер білімін жоғары бағалап, үлкен үміт артатындарын ашық айтты.

 

Аяжан Гаппарова, Қоғаммен байланыс

1 курс студенті

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок