Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-ға Anadolu University делегациясы келді

20.11.2026

20 қарашада AlmaU-ға Anadolu University (Түркия) делегациясы келді. Делегация құрамында доктор Эмель Акай мен Дилек Өзтүрік болды.

Кездесу барысында университет өкілдері жоғары және онлайн білім беру саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, цифрлық технологиялардың дамуы мен жасанды интеллектіні білім беру үдерісінде қолдану мәселелерін талқылады. Anadolu University өкілдері ашық және қашықтан білім беруді ұйымдастыру тәжірибелерімен бөлісті.

AlmaU атынан кездесуге Онлайн білім беру басқармасының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, білім беруді цифрландыру, жасанды интеллект және информатика саласының маманы Исабаева Даража Нагашыбаевна; School of Digital Technologies and Economics деканы, экономика ғылымдарының кандидаты Садыкова Раушан Байжановна; саяси философия саласы бойынша философия докторы (PhD) Елубаев Байнұр Қанатұлы; Халықаралық ынтымақтастық басқармасының жоба менеджері Мукашева Айсара Мирасовна; Қосымшаларды әзірлеу және дамыту бөлімі мен AI Lab зертханасының жетекшісі Сабыр Дәулет Рамазанұлы қатысты.

Университет командасымен бірлесіп, олар AlmaU-дың білім беру бастамаларын, Онлайн білім беру басқармасының, жасанды интеллект зертханасының және Jalinga студиясының қызметін таныстырды.

Кездесу барысында халықаралық ынтымақтастық перспективаларына, оның ішінде қос диплом алу мүмкіндігі қарастырылған бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, виртуалды академиялық ұтқырлықты дамытуға, бірлескен зерттеулер жүргізуге және біліктілікті арттыру бағдарламаларын іске асыруға ерекше назар аударылды.

Кездесу академиялық диалогты дамытудағы маңызды қадам болып, AlmaU мен Anadolu University арасындағы ынтымақтастықтың жаңа перспективаларына жол ашты.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок