Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU мен Sustainability Solutions ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

17.11.2026

17 қарашада AlmaU мен Sustainability Solutions компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Құжатқа AlmaU ректоры Тимур Керімбекұлы Бұлдыбаев пен Sustainability Solutions директоры Ирина Игоревна Горбачева қол қойды.

Ынтымақтастық академиялық орта мен бизнес-қоғамдастықтың мүмкіндіктерін біріктіруді көздейді. Бірлескен жұмыс негізінен AlmaU Тұрақты даму және ESG орталығының қызметі аясында жүзеге асырылып, магистратура, MBA, EMBA және DBA білім беру бағдарламаларын қамтиды.

Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарына ғылыми және қолданбалы зерттеулер жүргізу, білім беру және әлеуметтік-тәрбие іс-шараларын ұйымдастыру, студенттердің оқу, өндірістік, дипломалды және зерттеу практикаларынан өтуі, сондай-ақ дуалды оқытуды дамыту кіреді.

Меморандумға қол қою білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, университет пен бизнес-қоғамдастық арасында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Ынтымақтастық БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына, атап айтқанда, 4-мақсат – «Сапалы білім», 8-мақсат – «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» және 17-мақсат – «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» мақсаттарына қол жеткізуге де ықпал етеді.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок