Құрметті AlmaU оқытушылары!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (ҚР ҒЖБМ) өткізетін «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026» атағын беру жөніндегі Республикалық конкурстың басталғанын қуана хабарлаймыз.
Конкурс кәсіби қызметіндегі үздік оқытушыларды анықтап, олардың жетістіктерін мойындауға бағытталған. Конкурс жеңімпаздарына «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» куәлігі және 2000 АЕК мөлшерінде грант (8 млн теңгеден астам) табысталады.
Конкурсқа AlmaU-дың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, штаттағы оқытушылары қатыса алады. Конкурсқа құжаттар тапсыру сәтінде олардың үздіксіз ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі кемінде бес жыл болуы тиіс.
Конкурсты өткізу кезеңдері:
- I кезең (жоғары оқу орныішілік): 2026 жылғы 6–18 қараша, сағат 18:00-ге дейін;
- II кезең (республикалық): 2026 жылғы 1–12 желтоқсан.
Конкурс қағидалары: «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары
Құжаттарды тапсыру порталы: https://universitycontest2026.kz
AlmaU-да конкурстың I (жоғары оқу орныішілік) кезеңіне қатысу тәртібі:
- Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау: 2026 жылғы 6–9 қараша;
- Порталда тіркелу және құжаттар топтамасын жүктеу: 2026 жылғы 9–11 қараша;
- Сараптамалық топтың отырысы: 2026 жылғы 16 қараша;
- Апелляциялық комиссияның отырысы: 2026 жылғы 17 қараша;
- Конкурстық комиссияның отырысы: 2026 жылғы 18 қараша;
- Ғылыми кеңестің отырысы: 2026 жылғы 18 қараша;
- Конкурстың жоғары оқу орныішілік кезеңі нәтижелерін AlmaU сайтында жариялау: 2026 жылғы 19 қараша.
Конкурстың жоғары оқу орныішілік кезеңінің жеңімпаздары тізімін конкурстың II – республикалық кезеңіне қатысу үшін ҚР ҒЖБМ-ге жолдау: 2026 жылғы 21 қараша.
ҚР ҒЖБМ-нің оқытушыларға арналған вебинарының бейнежазбасына сілтеме
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2026» конкурсының жоғары оқу орныішілік кезеңін өткізуге жауапты тұлға – Қосбармақова Жанар Нұрланқызы, Оқу-әдістемелік басқармасының директоры.