Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу конкурсы ашық деп жарияланады

04.09.2025

Құрметті студенттер!

AlmaU – да 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу конкурсы ашық деп жарияланады. Конкурсқа бакалавриаттың 2-курс (3 жылдық оқу бағдарламасы) және 3-курс (4 жылдық оқу бағдарламасы) студенттері қатыса алады. Бағдарламалар өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады: барлық шығындарды студенттер өздері көтереді.

Өтініш беру мерзімі:
Конкурс 2025 жылғы 28 қыркүйекке дейін ашық. Өтініштер жеке кабинет арқылы қабылданады (кіру almau.edu.kz арқылы).

👉🏻Өтініш беру сілтемесі 

Қатысу талаптары:

  • Жасы 18-ден жоғары болу;
  • GPA – 3.0 немесе одан жоғары;
  • Академиялық қарызы болмау;
  • Ағылшын тілі деңгейі – кемінде B2 (Upper-Intermediate).

Қажетті құжаттар:

  • Ағылшын тілінде мотивациялық хат;
  • Ұсыным хаттары (оқытушылардан, декандардан немесе жұмыс берушілерден, саны – 2-ден 4-ке дейін);
  • Ата-анасының немесе қамқоршысының келісімі;
  • Академиялық транскрипт.

*Ресей университеттеріне өтінім беретін студенттер үшін мотивациялық және ұсыным хаттары орыс тілінде дайындалады.

Құжат үлгілері мен серіктес жоғары оқу орындарының толық тізімі университет сайтында қолжетімді.

👉🏻Құжат үлгілері

Маңызды: академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу – халықаралық тәжірибе алуға, жаңа білім көкжиегін кеңейтуге, жаңа достар табуға және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға зор мүмкіндік.

Қосымша ақпарат алу үшін:
📍 101 кабинет (жұмыс күндері, 9:00–18:00)

👉🏻Телеграмм

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок