Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

2026–2027 оқу жылының көктемгі семестріне халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша конкурс ашылды

22.09.2026

Құрметті бакалавриаттың 2-курс студенттері!

2026–2027 оқу жылының көктемгі семестріне серіктес жоғары оқу орындарына академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша өтінім қабылдау ашылғанын хабарлаймыз.

Қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:

  • GPA: 3.0-ден жоғары

  • Академикалық үлгерім: академикалық қарыздардың болмауы

  • Ағылшын тілі деңгейі: B2 (Upper-Intermediate) немесе одан жоғары

Қажетті құжаттар топтамасы:

  • Мотивациялық хат(Motivation Letter)

  • Ұсыным хаттар (Recommendation Letters)

  • Ата-анасының немесе қамқоршысының келісімі

  • Транскрипт

Құжаттар үлгісі мен серіктес жоғары оқу орындарының тізімі келесі сілтеме бойынша : осында

Назар аударыңыз: конкурсқа өтінімдер бөлек сілтемелер арқылы беріледі (жүйеге кіру тек @‌almau.edu.kz корпоративтік аккаунты арқылы жүзеге асырылады).

Қолжетімді бағдарламалар және өтінім беру:

1. Серіктес жоғары оқу орындарына алмасу бағдарламасы (Өз есебінен қаржыландыру)

Қаржылық шарттары: Серіктес ЖОО-да оқу тегін. Қалған барлық шығындарды (тұру, тамақтану, ұшу, виза, сақтандыру және жеке шығындар) студенттер өздері өтейді.

 Өтінім беру осында

2. Хорватияға Erasmus+ бағдарламасы (Rijeka University)

Қаржылық шарттары: Erasmus+ гранты (2 орын). Негізгі шығындарды ішінара жабатын шәкіртақы мен ұшуға арналған бекітілген сома бөлінеді. (Назар аударыңыз: грант барлық шығындарды толық жаппайды, гранттан тыс қосымша шығындарды студент өзі төлейді).

Өтінім беру осында

Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 27 қыркүйегіне дейін (қоса алғанда).

Сұрақтарыңыз бар ма? Толық ақпарат алу үшін хабарласа аласыз:

  • Жеке келу арқылы: 101 кабинет (жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін)

  • Электрондық пошта арқылы: n.ahmetova@almau.edu.kz немесе t.muslim@almau.edu.kz

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок