2025 жылғы 23 қыркүйек — 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябаққа экскурсия
«Туризм және ивент-менеджмент» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» білім беру бағдарламаларының студенттері 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябаққа экскурсияға қатысты.
Экскурсияны Елена Николаевна Саркисьян жүргізіп, саябақтың тарихы туралы қызықты деректермен бөлісті. Жаңбырлы ауа райына қарамастан, студенттер белсенділік танытып, үлкен қызығушылық білдірді. Олар мұндай іс-шаралар тек қана ой-өрісті кеңейтіп қоймай, қаланың туристік нысандарын кәсіби тұрғыдан түсінуге көмектесетінін атап өтті.
🙏 Танымды экскурсия үшін Елена Николаевнаға шын жүректен алғыс айтамыз!