Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

АХҚО Академиясы мен AlmaU Университеті қаржы саласындағы майнор-бағдарламалар бойынша білім алған алғашқы студенттер тобын шығарды

19.12.2025

AlmaU Университеті Freedom Broker және Freedom Shapagat корпоративтік қорының қолдауымен АХҚО Академиясы дайындаған майнор-бағдарламалары бойынша білім алған алғашқы студенттер тобын шығарды. Салтанатты рәсім жоғары білім берудің практикаға бағдарланған моделін дамытудағы және Қазақстан Республикасының қаржы индустриясы үшін кадрлық әлеуетті қалыптастырудағы маңызды кезең болды.

Бағдарламаларды сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар «Қаржы» және «Құқықтану» білім беру бағыттарының студенттеріне табысталды. Олар қосымша білім беру тректерін меңгерді. Майнор-бағдарламалары 2025 жылғы тамыз айында AlmaU Университетіне ресми түрде беріліп, студенттердің жеке білім беру траекторияларына енгізілді. Бұл олардың кәсіби құзыреттерін кеңейтіп, еңбек нарығының талаптарына сәйкес даярлықтың қолданбалы бағытын күшейтуге мүмкіндік берді.

Білім беру бағдарламалары АХҚО Академиясы тарапынан Freedom Broker-мен бірлесіп, Freedom Shapagat қорының қатысуымен әзірленді. Бұл оқу үдерісіне практикалық кейстерді, салалық сараптаманы және өзекті нарықтық тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік берді. Оқу ұзақтығы таңдалған бағытқа байланысты үш айдан төрт айға дейін созылады.

АХҚО Академиясы жобасының жетекшісі Айгүл Қазбекова атап өтті:
«Бұл салтанатты рәсім академиялық қауымдастық пен индустрия арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін растайды. Майнор-бағдарламалары аясында студенттер тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар қаржы секторының өзекті талаптарына сәйкес келетін практикалық дағдыларды да меңгерді. Мұндай білім беру бастамалары тұрақты кәсіби негіз қалыптастырып, түлектердің мансап жолын табысты бастауына ықпал етеді».

Майнорлар университет пен индустрия арасындағы байланысты нығайтатын тиімді құралға айналды: студенттер нақты практикалық міндеттермен жұмыс істеп, кейстерді зерделейді және реттеу тетіктері, активтерді басқару мен комплаенс практикасы туралы кешенді түсінік қалыптастырады.

AlmaU Университетінің бірінші проректоры Тимур Булдыбаев былай деді:
«Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғаннан кейін қысқа мерзім ішінде майнор-бағдарламаларын оқу үдерісіне енгізіп, нақты практикалық нәтижеге қол жеткіздік. Қаржы нарығының жетекші қатысушыларымен бірлесіп әзірленген бағдарламалар бойынша оқыту білімнің қолданбалы құндылығын арттырып, студенттердің кәсіби даярлығын күшейтеді және оқу кезеңінде-ақ бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастырады. Бұл жоба университет пен индустрия арасындағы тиімді синергияның үлгісі болып табылады».

2025 жылы «Активтерді басқару» майнор-бағдарламасын 22 студент сәтті аяқтап, қаржы және инвестиция саласында жұмыс істеуге қажетті негізгі құзыреттерді меңгергенін растайтын сертификаттар алды. «Қаржы нарығын реттеу» бағыты бойынша 36 студент оқуын жалғастыруда. Басқа майнор-бағдарламалары бойынша келесі қабылдау 2026 жылғы қаңтарға жоспарланған.

Freedom Broker-дің білім беру жобалары департаментінің директоры Жанна Кашенова берілген сертификаттар түлектердің қаржы құралдарын талдаудан бастап реттеуші ортаны түсінуге дейінгі кең ауқымды кәсіби дағдыларға ие екенін растайтынын атап өтті. Бұл олардың мансаптық мүмкіндіктерін кеңейтіп, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Салтанатты рәсім тек оқудың қорытындысы ғана емес – бұл Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан қаржы секторында мансап жолын бастап жатқан студенттердің алғашқы кәсіби жетістігі болды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок