Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU 2026 жылы Erasmus+ академиялық мобильдік бағдарламасына қатысу үшін конкурс жариялайды

24.12.2025

AlmaU 2026 жылы Altinbas University (Стамбул, Түркия) және EKA University of Applied Sciences (Рига, Латвия) серіктес университеттерінде Erasmus+ академиялық мобильдік бағдарламасына қатысу үшін конкурс жариялайды.

Altinbas University-пен ынтымақтастық аясында 2 орын бөлінген: сабақ жүргізу (ППС) және тренингтер (АУП) форматында.

Мобильдік кезеңі – 2026 жылғы ақпаннан маусымға дейін, ұзақтығы – 7 күн (5 жұмыс күні және 2 жолға). Erasmus+ гранты жол және тұру шығындарын қамтиды.

EKA University of Applied Sciences бағдарламасына тек профессорлық-оқытушылық құрамға арналған 3 орын бөлінген. Мобильдік International Academic Week (2026 жылғы 20–24 сәуір) және халықаралық etECH Conference (2026 жылғы 22-23 сәуір) аясында өтеді.

Бағыттар: Management, Law, Information Systems және Management in Creative Industries магистрлік бағдарламасы. Мобильдіктің ұзақтығы – 7 күн (5 + 2), грант жол және тұру шығындарын қамтиды.

Бағдарламаға қатысуға AlmaU қызметкерлері шақырылады, оларда кемінде 1 жыл еңбек өтілі болуы және ағылшын тілін B2 деңгейінен жоғары меңгерген болуы қажет. ГПХ бойынша жұмыс істейтін оқытушылар жетекшінің рұқсатымен қарастырылуы мүмкін.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар қажет:

  • Europass форматындағы түйіндеме (ағылшын тілінде)

  • Паспорт көшірмесі

  • Портфолио

  • ППС үшін – силлабус

Құжаттарды тапсыру мерзімі – 2026 жылдың 18 қаңтарына дейін.

Алдын ала іріктеуден өткен кандидаттар сұхбат кезеңіне шақырылады. Толық құжат пакетін global@almau.edu.kz электрондық поштасына келесі тақырыппен жіберу қажет:
Erasmus+ Altinbas University / EKA University. ФИО. Мектеп / Орталық.
Хат мәтінінде AlmaU-дегі лауазым мен еңбек өтілі көрсетілуі тиіс.

Назар аударыңыз, AlmaU мен серіктес университеттер виза алу, кіру/шығу шектеулері немесе басқа сыртқы факторлардан туындайтын форс-мажорлық жағдайларға жауап бермейді.

Барлық сұрақтар бойынша AlmaU Халықаралық ынтымақтастық басқармасына хабарласуыңызды сұраймыз.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок