Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

«Зорлық-зомбылықсыз өмір» атты психологиялық лекция

2023 жылдың 21 қарашасында РДиГБ студенттері үшін «Зорлық-зомбылықсыз өмір» атты психологиялық лекциясы өтті. Лекцияны №150 «балалар мен жастарға арналған сенім телефоны» қызметінің өкілі Жанғожина А. және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының психолог-кеңесшісі Изтилеуова М. жүргізді.

Семинар зорлық-зомбылық көрген жәбірленушіге уақытылы көмек көрсету және агрессорды анықтаудың маңыздылығы жайлы тақырыптарды қамтыды.

AlmaU психологы Берікбаланова Л. өзінің сөзінде «Адам бір күнде агрессорға айналмайды, бұл психологиялық мінез-құлық және белгілі бір ойлау түрі» деп атап өтті.

Мамандар отбасындағы зорлық-зомбылық түрлері туралы өз тәжірибелерінен мысалдар келтіре отырып айтып берді. Зорлық-зомбылықты  дер кезінде анықтап, көмек көрсету маңыздылығына тоқталып кетті. Сондай-ақ, сарапшылар келесі мәселелерге назар аударды: адамның құқықтарын қорғау, қарым-қатынастың бастапқы кезеңінде агрессорды тану және қауіпсіздік қызметінің міндеттері мен функциялары.

Студенттер кездесуге белсенді қатысты. Түрлі сұрақтар қойып, зорлық-зомбылыққа қатысты мәселелерді ат салыса талқылады.

 

 

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок