AlmaU 2026-2027 оқу жылының күзгі семестріне арналған өзін-өзі қаржыландыру негізіндегі академиялық алмасу бағдарламаларына конкурс жариялайды.
Академиялық алмасу бағдарламасына қатысу – халықаралық білім беру тәжірибесін алу, кәсіби және академиялық көкжиектерді кеңейту, тілдік құзыреттерді дамыту, халықаралық байланыстар орнату және еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыру мүмкіндігі.
Конкурсқа бакалавриаттың 1-2 курс және магистратураның 1 курс студенттері шақырылады.
Өзін-өзі қаржыландыру форматы бағдарламаға қатысуға байланысты барлық шығындарды (қабылдаушы университеттегі оқу ақысын қоспағанда) студенттің өзі өтейтінін білдіреді. Бұл шығындарға тұру, виза рәсімдеу, екі жаққа әуе билеті, медициналық сақтандыру және жеке шығындар жатады.
Конкурс 2026 жылдың 10 наурызына дейін (қоса алғанда) ашық.
Өтінімдер онлайн түрде жеке кабинет арқылы қабылданады (кіру AlmaU – Almaty Management University арқылы).
Өтінім беру формасы:
https://forms.cloud.microsoft/iuyLkF7wBZ
Қатысуға келесі талаптарға сәйкес келетін студенттер жіберіледі:
-
жасы 18-ден кем емес;
-
GPA 3.0 және одан жоғары;
-
академиялық қарызының болмауы;
-
ағылшын тілі деңгейі кемінде B2 (Upper-Intermediate).
Қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
-
ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;
-
2-4 ұсыныс хат (оқытушылардан, декандардан немесе жұмыс берушілерден);
-
ата-ана немесе қамқоршының келісімі;
-
академиялық транскрипт.
-
Ресейдегі серіктес университеттерге өтініш беретін студенттер мотивациялық және ұсыныс хаттарын орыс тілінде ұсынады.
Құжат үлгілері және қолжетімді серіктес университеттердің тізімі:
https://almauedu-my.sharepoint.com/:f:/g/personal/global_almau_edu_kz/IgBwIYIE7KugSLRmI6738KJnAcGUiFYIpNtCIxL3yXTP_IE?e=tVdrijConnect your OneDrive account
Барлық сұрақтар бойынша хабарласуға болады:
📍 101 кабинет (жұмыс күндері, 9:00-18:00)
📲 Telegram: Global AlmaU