AlmaU делегациясы United Nations Global Compact кеңсесіне ресми сапармен жолықты. Кездесу сындарлы диалог жағдайында өтіп, университеттің тұрақты даму және жауапты басқарушылық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастығының жоғары деңгейін айқындады.
AlmaU PRME Champion мәртебесінің иегері және PRME Chapter Eurasia өңірлік бөлімінің мүшесі ретінде жауапты менеджмент қағидаттарын ілгерілету, тұрақты даму құндылықтарын білім беру бағдарламаларына, ғылыми зерттеулерге және институционалдық үдерістерге еңгізу бағытындағы көшбасшылығын жүйелі түрде көрсетіп келеді. Тараптар институционалдық әріптестікті одан әрі тереңдетуге және Еуразия кеңістігіндегі өңірлік ынтымақтастықты кеңейтуге ниет білдірді.
Еске сала кетсек, AlmaU PRME Champions Cohort 2026-2027 құрамына енді. Бұл – жауапты басқарушылық білім беру саласында көшбасшы ретінде танылған университеттер мен бизнес-мектептердің халықаралық қауымдастығы. Университет аталған беделді тізімге енген Орталық Азиядағы жалғыз жоғарғы оқу орны болды.

PRME Champion мәртебесі Principles for Responsible Management Education (PRME) бастамасы аясында, United Nations қамқорлығымен, этика, тұрақты даму және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын білім беру қызметіне, ғылыми зерттеулерге және стратегиялық дамуға жүйелі әрі тұрақты түрде енгізіп отырған университеттерге беріледі.
AlmaU-дың PRME Champions Cohort құрамына енуі – университеттің стратегиялық бағытының жаһандық тұрақты даму басымдықтарына және Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына сәйкестігін айқындайтын маңызды халықаралық мойындау. Бұл мәртебе университеттің жауапты басқарушылық ойлау мәдениетін қалыптастыруға және өңірлік әрі халықаралық деңгейде ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық ықпал етуге бағытталған білім беру және институционалдық тәжірибелерді дамыту жөніндегі жүйелі қызметін көрсетеді.