2026 жылдың 20 ақпанында AlmaU-да XIII Қазақстандық қоғамдық қатынастар саласындағы «Ақ Мерген – 2026» сыйлығының финалистерінің ашық қорғаулары үшінші рет өтті.
Биыл финалда 24 компаниядан 30 коммуникациялық кейс қатысқан болатын. «Маркетингтік коммуникациялар» номинациясында AlmaU Медиа және кино мектебі «Өнеркәсіптегі мектеп» жобасымен қатысты.
Сарапшылар алқасы қатысушылардың кәсібилігі мен креативтілігін бағалады. Дәстүрге айналған AlmaU “Қоғаммен байланыс” бағдарламасының түрлі курстарының өкілдерінен құралған студенттік қазылар алқасы да іс-шараға қатысты. Студенттер ұлттық және халықаралық деңгейдегі кәсіби конкурстарға қатысу арқылы ерекше тәжірибе алды, бұл университеттің PR және маркетингтік коммуникациялар саласындағы жаңа кәсіби буынды тәрбиелеуге ұмтылысын көрсетеді және индустрия лидерлері қалыптасатын платформа екенін растайды.
Жюри жобалардың қоғам мен бизнес үшін өзектілігіне ерекше назар аударды.

Номинациялар бойынша жеңімпаздар:
- Ішкі корпоративтік коммуникациялар: «KMF Life» – АҚ «KMF Банк»
- Корпоративтік коммуникациялар: «TVой Рудный» – Mediacenter ЖШС «Сервисный центр ERG»
- Маркетингтік коммуникациялар: «Онлайн-бронирование» – Kolesa Group
- Қайырымдылық: «Sheksiz Mumkindikter» – Корпоративтік қоры «Samruk-Kazyna Trust»
- Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік: «SIMKIDS» – Tele2
- Digital: Цифрлық коммуникациялар және инфлюенсер маркетинг: «Озвучено inDrive2» – PR-агенттік «ITCOMMS»
- Әлеуметтік және қоғамдық бағдарламалар: «STEM Hanym» – Корпоративтік қоры «Samruk-Kazyna Trust»
- Студенттік алқа таңдауы: «AI-ДАНА» – АҚ «KMF Банк»

Гран-при Tele2 компаниясының «SIMKIDS» жобасына берілді.
Сонымен қатар, ерекше шешімдер мен салаға үлесін қосқан жобаларға арнайы грамоталар берілді, ал AlmaU индустрияға қосқан үлесі мен тұрақты ынтымақтастығы үшін естелік мүсіншемен марапатталды.