19 ақпанда AlmaU университетінің бірінші қабатындағы Qaynar Bulaq креативті кеңістігінде Qara da Jasa Club ұйымдастырған «Скетч-разминка» шеберлік сабағы өтті. Іс-шара шығармашылыққа жаңаша көзқараспен қарауға және еркін скетч-графикада өздерін сынап көруге дайын студенттерді біріктірді.
Qara da Jasa Club – жас суретшілер мен иллюстраторларды біріктіретін студенттік шығармашылық клуб. Клуб шеберлік сабақтары мен арт-іс-шаралар өткізіп, университеттің креативті қауымдастығын дамытады.

Кездесудің негізгі мақсаты – қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға көмектесу, сурет салудан қорқынышты жеңу және шабыттандыратын практикалық тәжірибе беру. Шақырылған кәсіби суретшілер мен иллюстраторлар студенттерді жылдам әрі интуитивті графика тәсілдерімен таныстырды. Бұл әдістер қолды еркіндетуге, байқағыштықты дамытуға және ұзақ уақыт сурет салмағандарға да шығармашылыққа деген қызығушылықты қайта оятуға мүмкіндік береді.
Шеберлік сабағы барысында қатысушылар бірнеше ерекше тапсырмалар орындады:
-
сол қолмен жылдам сурет салу;
-
екі қолмен фотосуретке қарап сурет салу;
-
әртүрлі көркем материалдарды пайдалана отырып музыкалық көңіл-күйді бейнелеу;
-
өткен күнін скетч форматында жеткізу.
Осындай тәжірибелер студенттерге қалыпты қабылдау шеңберінен шығуға, интуицияға сенуге және өз идеяларын визуалды тіл арқылы еркін жеткізуге мүмкіндік берді.
«Әр студент шығармашылық еркіндікті сезініп, сурет салу кез келген адамның қолынан келетінін түсінгенін қалаймыз», – деп атап өтті иллюстраторлар әлеуметтік желілерде.
Жылы атмосфера, кәсіби қолдау және тәжірибе жасау мүмкіндігі шеберлік сабағын AlmaU студенттік өміріндегі жарқын оқиғаға айналдырып, қатысушыларды әрі қарай шығармашылық дамуға шабыттандырды.