Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына өтінім қабылдау ашылды (2026-2027 жж. күзгі семестр)

03.03.2026

Құрметті студенттер!

2026-2027 оқу жылының күзгі семестріне арналған Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ішінара гранттық қаржыландыруымен жүзеге асырылатын академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға конкурс жарияланады.

Өтінім қабылдау мерзімі: 2026 жылдың 15 наурызын қоса алғанда.

Өтінім беру формасы: https://forms.office.com/92MgLbSGbm

Іріктеу тек Еуропа елдеріндегі серіктес жоғары оқу орындарына жүргізіледі, себебі қаржыландыру тек еуропалық бағытқа бөлінген.

Маңызды: грант алмасу бағдарламасына байланысты шығындардың тек бір бөлігін ғана өтейді.

Қатысу талаптары:

  • Жасы 18-ден жоғары;

  • GPA 3.0-ден төмен емес;

  • Ағылшын тілін меңгеру деңгейі B2-ден төмен емес;

  • Академиялық қарыздарының болмауы.

❗ Магистратура студенттері аталған конкурсқа қатыса алмайды.

Қажетті құжаттар тізімі:

  • Ағылшын тіліндегі мотивациялық хат;

  • Ағылшын тіліндегі ұсыным хаттар (2-ден 4-ке дейін)
    (кемінде 2 хат AlmaU өкілдерінен – оқытушылардан, бағдарлама жетекшілерінен немесе декандардан болуы тиіс);

  • AlmaU транскрипті (ағылшын тілінде)
    (Тіркеу офисі, 107-кабинет);

  • Ата-анасының келісімі (нотариалды куәландыру талап етілмейді).

❗ Қағаз түріндегі өтінімдер қабылданбайды.
❗ Толық емес немесе қате мәліметтері бар өтінімдер жарамсыз деп танылады.

Құжат үлгілері мен серіктес ЖОО тізімі:
https://almauedu-my.sharepoint.com/:f:/g/personal/global_almau_edu_kz/IgBwIYIE7KugSLRmI6738KJnAcGUiFYIpNtCIxL3yXTP_IE?e=tVdrij

Барлық сұрақтар бойынша немесе сілтемелер жұмыс істемеген жағдайда:

📧 n.ahmetova@almau.edu.kz
📧 sh.zhalmukhambet@almau.edu.kz
📍 101-кабинет
🕘 Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 09:00-18:00

📲 Telegram-арна: Global AlmaU

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок