
13 наурыз күні AlmaU университетінде «Жолшы» философиялық-мәдени клубының «Егер жасанды интеллект адамнан асып түссе – біздің өміріміздің мәні сақтала ма?» тақырыбында пікірталас кездесуі өтті.
Іс-шараны клуб мүшелері ұйымдастырды:
– Азимова Саера (клуб төрайымы), Абдурасилова Рузмина, Оразова Гүлбаршын және Жаникеева Камила.
– Клуб жетекшісі – Нұржан Еркенұлы Кулумжанов.

Пікірталасқа шақырылған сарапшылар қатысты:
- Айгүл Қакимбекқызы Садвокасова – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры, социология ғылымдарының докторы.
- Қайрат Жанабаев – зерттеуші, аудармашы, филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы.

Кездесу барысында қатысушылар жасанды интеллекттің дамуына байланысты философиялық және этикалық мәселелерді талқылады. Әсіресе адам мен технология мүмкіндіктерінің арақатынасына, адамның қоғамдағы маңызын сақтау және қарқынды технологиялық даму жағдайында адам қызметінің мәнін іздеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Пікірталас студенттер, зерттеушілер және сарапшылар арасында ашық диалог алаңына айналды. Қатысушылар адам мен заманауи технологиялардың өзара әрекеттесуінің философиялық, әлеуметтік және мәдени қырларын қарастырды.