
2026 жылдың 13 наурызында AlmaU Open Library кеңістігінде «Шежірелі құлақ күй» атты мәдени кездесу өтті. Іс-шара QulaqKüi платформасы, AlmaU Студенттерді дамыту орталығы және Толық адам институты бірлесіп ұйымдастырылды.
Кездесу аясында күй өнеріндегі ұстаз бен шәкірт дәстүріне арналған «Ұстаз-шәкірт» деректі фильмі көрсетілді. Фильмде қазақ күй өнеріндегі рухани сабақтастық пен ұлттық мұраның ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы кеңінен көрсетілді.

Кештің құрметті қонағы – күйші, дәстүрлі күй өнерінің шебері Ысқақов Біләл Алпанұлы. Ол күй өнерінің тарихы, ұстаз бен шәкірт сабақтастығы туралы ой бөлісіп, бірнеше күй орындады.
Сонымен қатар, Біләл Ысқақ ұлы күйші Тәттімбеттің туған немересі Шайхыдан күй тарту өнерінің қыр-сырын үйренгенін айтып өтті.

Ол AlmaU университетіне «Домбыра сазы» атты кітапты сыйға тартты. Кітаптың авторлары: Айтқали Жайымов, Біләл Ысқақов, Кәрима Сахарбаева және Арман Жайым.
Кездесу университеттің барлық студенттері мен қызметкерлеріне қатысуға қолжетімді болды және қатысушыларға қазақтың күй өнерінің терең мағынасын сезінуге мүмкіндік берді.
