
2026 жылдың 16 наурызында AlmaU басшылығы мен International Turkic Culture and Heritage Foundation президенті Ақтоты Райымқұлова арасында ресми кездесу өтті.
Университет атынан кездесуге AlmaU негізін қалаушы әрі президенті Асылбек Кожахметов және Жоғары бизнес мектебінің деканы Ксения Южанинова-Караденизли қатысты.

Келіссөздер барысында тараптар білім беру, ғылым және дәстүрлерді сақтау бағыттарын біріктіретін стратегиялық ынтымақтастық векторларын айқындады. Әсіресе түркі әлемінің мәдени мұрасын зерттеу мен насихаттауға арналған бірлескен жобаларды жүзеге асыру, студенттер мен зерттеушілерге арналған академиялық алмасу бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ инновациялар мен кәсіпкерлік саласындағы тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Асылбек Кожамхетов AlmaU-дың инновациялық білім беру модельдері мен халықаралық тәжірибесі туралы айтып, университеттің Қор жобаларын жүзеге асыру үшін белсенді алаң болуға дайын екенін атап өтті.

«Жетекші білім беру орталықтарымен ынтымақтастық түркі мемлекеттерінің ғылыми және мәдени интеграциясына іргелі үлес қосады», — деп атап өтті Қор басшысы Ақтоты Райымқұлова.
Тараптар серіктестікті одан әрі дамыту мақсатында бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаласты.
