Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

Қызылорда қаласында MBA AlmaU Impact Forum өтті

26.03.2026

2026 жылдың 21 наурызында Қызылорда қаласында Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен MBA AlmaU Impact Forum: «Көшбасшылар диалогы» атты форумы өтті. Іс-шара кәсіпкерлерді, компания басшыларын, AlmaU-дың MBA және DBA бағдарламаларының түлектерін, сондай-ақ бизнес және көшбасшылық саласының сарапшыларын бір алаңға біріктірді.

Форумның негізгі тақырыбы – кәсіпкерлік пен бизнес-білімнің Қызылорда өңірінің дамуына әсері болды. Соңғы жылдары өңір жаңа экономикалық сын-қатерлермен жиі бетпе-бет келуде: дәстүрлі салалар өзгерістерден өтіп, еңбек нарығының құрылымы өзгеруде және адами капиталды дамыту қажеттілігі артып келеді. Осыған байланысты бизнес-білім жаңа буын басқарушылар мен кәсіпкерлерді қалыптастыруда ерекше маңызға ие.

Соңғы жылдары Қызылорда өңірінде AlmaU-дың MBA және DBA бағдарламалары бойынша 150-ден астам тыңдаушы оқуды аяқтады. Олардың қатарында кәсіпкерлер, ірі компаниялардың топ-менеджерлері, медицина саласының өкілдері және мемлекеттік қызметшілер бар.

Форум аясында белгілі кәсіпкер және жеке бренд бойынша сарапшы Алишер Еликбаев «Impact-көшбасшылықтағы жеке брендтің рөлі» тақырыбында сөз сөйледі.

Сондай-ақ AlmaU Жоғары бизнес мектебінің Өкілдік директоры Ақмарал Тоқмурзиева арнайы презентациямен бөлісті.

«MBA – тек қаржылық табыс әкелетін инвестиция емес. Бұл – ойлау деңгейіне, шешім қабылдау ауқымына және өмір сапасына қайтарылатын инвестиция», – деп атап өтті ол.

Форумға қатысушылар арасында өз тәжірибелерімен бөліскен AlmaU MBA бағдарламасының түлектері нақты кейстер арқылы бизнес пен білімнің өңірде оң өзгерістер жасауға қалай ықпал ететінін көрсетті.

Форум кәсіпкерлік, білім және көшбасшылық арқылы өңір экономикасын дамытудағы жаңа мүмкіндіктерді талқылайтын маңызды диалог алаңына айналды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок