
2026 жылдың 19 наурызында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ғылыми қауымдастықпен кездесті.
Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев елдің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградаларды тапсырды.

Марапатталғандардың арасында AlmaU Researcher associate professor Арын Айжан Арынқызы бар. 2026 жылғы 16 наурыздағы Президенттің Жарлығымен ол «Құрмет» орденімен марапатталды.
«Құрмет» ордені экономика, әлеуметтік сала, ғылым және мәдениет, білім беру салаларын дамытуға қосқан үлесі үшін, мемлекеттік органдардағы үлгілі қызметі үшін және белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтарға беріледі.
