
AlmaU ректоры Булдыбаев Тимур Керимбекович Алматы қаласында «Study in Azerbaijan» халықаралық білім беру бастамасы аясында өткен Қазақстан және Әзербайжан университеттері ректорларының II форумына қатысты.
Форумның салтанатты ашылуына Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Әзербайжан Республикасының Ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев қатысты.

Іс-шара бағдарламасына министрлердің пленарлық баяндамалары, екі елдің жетекші университеттері ректорларының презентациялары мен қысқаша баяндамалары, сондай-ақ ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою рәсімі кірді. Сонымен қатар, форум аясында қатысушылар Әзербайжанның білім беру мүмкіндіктерін ілгерілетуге бағытталған «Study in Azerbaijan» көрмесіне қатысты.
Форум Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы академиялық әріптестікті нығайтуға, бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуға, академиялық ұтқырлықты кеңейтуге және ғылыми ынтымақтастықты тереңдетуге арналған маңызды алаңға айналды. Мұндай бастамалар Қазақстандағы жоғары білімнің интернационалдануына, халықаралық байланыстардың кеңеюіне және университеттердің бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал етеді.

Форум аясында AlmaU Әзербайжанның жетекші жоғары оқу орындарымен үш ынтымақтастық келісіміне қол қойды:
• Әзербайжан туризм және менеджмент университеті (ATMU)
• Нахчыван мемлекеттік университеті
• Баку Еуразия университеті
Қол қойылған келісімдер студенттер мен оқытушылар алмасуын дамытуға, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды іске асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады.