Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-да «Tolyq Adam: антропологиялық дискурс» атты философиялық дөңгелек үстел өтті

17.04.2026

16 сәуірде AlmaU-да «Tolyq Adam: антропологиялық дискурс» атты философиялық дөңгелек үстел өтті. Бұл – XXI ғасырдың сын-қатерлері жағдайында адам, оның тұтастығы, субъектілігі, жауапкершілігі және адам болмысының шектері туралы ашық пәнаралық талқылауға арналған академиялық алаң.

Дөңгелек үстел жеке баяндамалар сериясы форматында емес, тезис пен антитезисті интеллектуалдық салыстыру кеңістігі ретінде ұйымдастырылды. Бұл тәсіл Tolyq Adam концептін аяқталған доктрина ретінде емес, адам тұтастығы, моральдық жауапкершілік, тарихи тәжірибе, мәдени әртүрлілік және цифрлық трансформациялар мәселелері жаңаша қарастырылатын ашық антропологиялық жоба ретінде зерделеуге мүмкіндік берді.

Дөңгелек үстелдің модераторы  философия ғылымдарының кандидаты, AlmaU School of Social Sciences and Transformative Humanities қауымдастырылған профессоры, Tolyq Adam институтының өкілі Ибжарова Шолпан Айдаралиевна болды. Қатысушыларға құттықтау сөзін AlmaU-дың ғылым және коммерцияландыру жөніндегі проректоры Кудайбергенова Рената Еркиновна  және School of Social Sciences and Transformative Humanities деканы Сапаргалиева Айжан Жанисовна арнады.

Талқылаудың өзегінде адамның философиялық, әлеуметтік-тарихи және қазіргі антропологиялық қырлары қарастырылды. Бірінші секцияда қазақ философиялық дәстүрі, адам тұтастығының шектері, құндылықтық өзгерістер және қазіргі Қазақстандағы субъектілік, сондай-ақ шешім қабылдау модельдері талқыланды. Екінші секцияда гендерлік мәселе антропологиялық перспектива ретінде, кәсіпкерлік ойлау субъектілік формасы ретінде және цифрлық дәуір, жасанды интеллект пен жаңа технологиялардың адам мен білімді түсінуге әсері қарастырылды.

Дөңгелек үстел жұмысына белгілі философтар, әлеуметтанушылар, экономистер, дінтанушылар және зерттеушілер қатысты: Айдар Әмірбаев, Тұрсын Ғабитов, Серік Бейсембаев, Алексей Белянин, Асылтай Тасболат, Ольга Исупова, Татьяна Солдатенко, Ольга Костюнина, Рүстем Мұстафин, Лаура Тұрарбекова. Баяндамалардың тақырыптық әртүрлілігі адам туралы философиялық, әлеуметтік, мәдени және цифрлық мәселе ретінде мазмұнды әрі дәлелді талқылау құруға мүмкіндік берді.

Бағдарламаның жеке бөлігі ретінде жаңа бастама – TOLYQ TALQY TALMA | AlmaU философиялық клубы мен подкасты таныстырылды. Бұл жоба академиялық ортада қоғамдық ойлау мәдениетін, интеллектуалдық рефлексияны және пәнаралық диалогты дамытуға арналған тұрақты коммуникациялық алаң ретінде ұсынылды.

Дөңгелек үстелдің өткізілуі қазіргі университетте адам туралы терең философиялық талқылаудың өзектілігін растады және Tolyq Adam концепциясы аясындағы академиялық дискурсты дамытуда, ашық ойлау, сыни талдау және жаңа гуманитарлық бағдарларды бірлесіп іздеу бағытында маңызды қадам болды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок