AlmaU «Менеджмент» және «Логистика» білім беру бағдарламаларының студенттері үшін XVIII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілетінін хабарлайды.
Олимпиада дарынды студенттерді анықтау мен қолдауға, кәсіби құзыреттерді дамытуға, сондай-ақ еліміздің түрлі жоғары оқу орындары арасындағы білім мен тәжірибе алмасуға бағытталған.
Қатысуға «Менеджмент» және «Логистика» білім беру бағдарламаларының 1-4 курс студенттері шақырылады, әрбір жоғары оқу орнынан әр бағдарлама бойынша 2 командадан артық қатысуға рұқсат етілмейді.
Тіркеу және байланыс ақпараты
«Менеджмент» бағыты бойынша өтінімдер электрондық поштаға қабылданады: olimpiad_management@almau.edu.kz
Координатор: Тәжіева Самал Кожахметқызы
Тел.: +7 707 462 13 09
«Логистика» бағыты бойынша өтінімдер: olimpiad_logistics@almau.edu.kz
Координатор: Өмірзақова Динара Қалдыбекқызы
Тел.: +7 707 523 53 52
Қатысу ережелері, жұмысқа қойылатын талаптар және өткізу кезеңдері туралы толық ақпарат ақпараттық хатта берілген KAZ «Логистика».pdf+.pdf KAZ «Менеджмент».pdf+.pdf
Өткізу орны мен мерзімі
Конкурс 6 мамырда өтеді
Қатысушыларды тіркеу: 09:00
Іс-шараның басталуы: 10:00
Өтінім қабылдау мерзімі: 25 сәуірге дейін
Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 227
«Алматы Менеджмент Университеті»