Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU университетінде AlmaU Chess Cup 2026 іріктеу турнирі өтті 

29.04.2026

2026 жылғы 29 сәуірде AlmaU оқытушылар мен қызметкерлердің басын қосқан AlmaU Chess Cup 2026 ішкі іріктеу шахмат турнирі өтті. Іс-шара зияткерлік бәсеке, достық қарым-қатынас және корпоративтік бірлікті нығайтуға бағытталған. 

Турнир 29 мамырда Астанада өтетін Corporate Chess Cup 2026 республикалық турниріне қатысу үшін AlmaU құрамасына кіретін мықты шахматшыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Жарыс стратегиялық ойлауды, шоғырлануды, шыдамдылықты және шектеулі уақыт жағдайында шешім қабылдау қабілетін көрсетуге арналған алаңға айналды. 

Шахмат – логика мен тәртіпті, қарсыласқа деген құрметті қалыптастыратын ерекше ойын. Бұл қасиеттер тек шахмат тақтасында ғана емес, кәсіби қызметте де аса маңызды. 

2026 жылы AlmaU корпоративтік шахмат кубогының жыл сайынғы республикалық турниріне екінші рет қатысады. Өткен жылы AlmaU командасы университетті лайықты түрде көрсетті. 

«Біз талантты жастарды, соның ішінде 11-12 сынып оқушыларын қолдаймыз. AlmaU Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесіп өткізген турнир қорытындысы бойынша төрт жеңімпазға 100% білім гранттары табысталды.  Сондай-ақ Шахмат федерациясы мен Дүниежүзілік шахмат федерациясының бастамасымен корпоративтік сектор арасында турнирлер ұйымдастырылып келеді. Өткен жылы біздің команда бұл жарысқа алғаш рет қатысты. Биыл да қатысуды жоспарлап отырмыз, сондықтан бүгін іріктеу турнирін өткізіп жатырмыз. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!», – деп атап өтті Тимур Булдыбаев, AlmaU ректоры. 

Турнир жеңімпаздары: 

1 орын – Хамит Даулет 
2 орын – Капышев Ғалым 
3 орын – Жубатиров Абдулла

Университет басшылығы барлық қатысушыларға белсенділігі, зияткерлік спортқа қызығушылығы және AlmaU корпоративтік мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді. 

AlmaU Chess Cup 2026 турнирі университеттің тек академиялық жетістіктерді ғана емес, сондай-ақ ұжымды біріктіретін, көшбасшылық қасиеттерді дамытатын бастамаларды да қолдайтынын көрсетті. 

 

 

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок