
5 мамырда AlmaU базасында I Халықаралық «AlmaU Management Conference» конференциясы өтеді – бұл университеттің білім беру, зерттеу және кәсіпкерлік рухының синергиясы арқылы қоғамды трансформациялау миссиясын айқындайтын ауқымды сараптамалық алаң.
Конференцияға академиялық қауымдастық өкілдері, бизнес-сарапшылар, зерттеушілер және пікір көшбасшылары қатысып, заманауи басқарудың өзекті мәселелерін талқылайды және бизнесті дамытудың тұрақты модельдерін іздеуге басымдық береді.
Конференция аясында қатысушылар қазіргі заманғы басқару парадигмаларын сын тұрғысынан талдауға назар аударады: жасанды интеллект (AI) жүйелерін енгізу, тұрақты даму стратегияларын (ESG) жүзеге асыру, сондай-ақ BANI-әлем жағдайында жаңа көшбасшылық модельдерді қалыптастыру.
Конференция бағдарламасы:
- Пленарлық сессия: Workshop Urban Data – AI-құралдар мен бейнеаналитика қалалық қозғалыс деректерін кәсіби ландшафтық жобалауда қалай қолданылатынын практикалық талдау;
- I пікірталас секциясы: AI және бизнестің цифрлық трансформациясы;
- II пікірталас секциясы: ESG және корпоративтік басқару;
- III пікірталас секциясы: BANI-ортадағы жаңа көшбасшылық моделі.
Күні: 5 мамыр 2026 жыл
09:00 – қатысушыларды тіркеу
Өтетін орны: Алматы қ., Розыбакиев көшесі, 227
Қатысу форматы: гибридті
Барлық қызығушылық танытқан мамандарды, зерттеушілерді, кәсіпкерлерді және студенттерді халықаралық кәсіби диалогқа қатысуға шақырамыз.
Қатысу үшін төмендегі сілтеме арқылы тіркеуден өту қажет: AlmaU Management Conference 2026