Created by potrace 1.15, written by Peter Selinger 2001-2017 A A A

AlmaU-дағы Store Day: жас кәсіпкерлерді қолдайық!

30.11.2023

2023 жылдың 23 қарашасында AlmaU студенттері өздерінің шығармашылық және бизнес жобаларын Store Day іс-шарасында ұсынды. Жәрмеңкеде кондитердік өнімдер, қолөнер киімдері, тәтті сыйлықтар жиынтықтары, косметика және зергерлік бұйымдар сияқты әртүрлі тауарлар қойылды.

Биылғы жылы студенттерден 50-ге жуық өтінім келіп түсті. Ішетрінен критерияларға сай 20 астам үздік бизнес таңдалды. Студенттер табысының 10% қайырымдылыққа бөлінеді, ал қалған бөлігі таза пайда ретінде қарастырылады.

AlmaU студенттерді кәсіпкерлік бастамаларға белсенді түрде ынталандыратын, қолдау көрсететін университет және Store Day бұл қолдаудың жарқын мысалы болды.

Бұл жәрмеңкенің негізгі мақсаты-студентердің бизнестерін көрсету, танымалдылықтарын арттыру, табыс табу және шығармашылық дағдыларын дамыту болды. Көптеген қатысушылар өз бизнестерін оқудағы тапсырма ретінде бастап, қазіргі таңда жетістіктерін мақтанышпен көрсете алады.

Студенттік кәсіпкерлік – көшбасшылық дағдыларды дамытуға ықпал етеді, шығармашылық ойлау қабілетін нығайтады және теориялық білімді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік туғызады.

Коммерциялық бастамалардан бөлек @lightlife студенттер тобы өзгеше идеямен көзге түсті. Олардың қайырымдылық қызметі балалар үйінің жасаған зергерлік бұйымдармен, суреттерімен және қолөнер бұйымдарымен ерекшеленді. Сатудан түскен табыс осы кішкентай таланттарды қолдауға бағытталады.

Музыкалық программаны AlmaU-дың студенттері дайындады. Джаздан бастап қазіргі хиттерге дейінгі музыкалық бағыттардың әртүрлілігін көрсетті.

Жәрмеңке соңында студенттерге шығармашылық үлестері үшін алғыс хаттар табысталды.

Спасибо за Ваше обращение!

Заявка отправлена.
Мы свяжемся с Вами в ближайшее время.

Обратный звонок